1898 жылы Форт-Александровск қаласында туған. 1919 жылдан КПСС мүшесі. 1912 жылы Форт-Александровск қаласындағы екі кластық бастауыш мектепті, 1926 жылы Москвадағы Я.Свердлов атындағы Коммунистік Университетінің қысқа мерзімді курсын, 1932 жылы балық шаруашылығы және өнеркәсібі техникалық институтының инженер-экономист мамандығы және сыртқы сауда ғылыми – зерттеу инсттитутының аспирантурасын бітірген. Аудандық, қалалық, губерниялық, уездік, округтік партия комитеттерінің мүшесі болды. […]