Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойнша білім бөлімінің "З.О.Баймырзаев атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8 (72938) 23-8-30
Есепші бөлімі:
8(72938)23–8-31

Қош келдіңіздер!

Толығымен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
""
26
Март
2026
Мектебімізде 22 наурыз – ұлыстың ұлы күніне орай, «Шабыт» жобасы аясында ұлттық қолөнерден көрме ұйымдастырылды. Көрмеге ауылымыздың шебер апаларының өз қолдарынан шыққан ұлттық ою-өрнектері бар бұйымдар, тоқыма бұйымдар, құрақ көрпелер сияқты заттар қойылды. Сонымен қатар оқушылардың жасаған бұйымдары да көрме де көрсетілді. Көрменің негізгі мақсаты – оқушыларға және көрермендерге ұлттық мәдениетімізді дәріптеу, дәстүрлі өнерге қызығушылық ояту және шеберлердің шығармашылық үлгісін таныстыру болды. Сонымен қатар, шара қайырымдылық бағытында да өткізілді. Зейнеткер апаларымызға азғантай көмек болсын деп қойылған өнімдер сатуға ұсынылды. Көрмеге қатысқан балалар мен ересектер шеберлердің қолөнер бұйымдарын тамашалап қана қоймай, ұлттық бұйымдар жасауға қызығушылықтары оянды. Көрме қатысушыларға ұлттық дәстүрімізді тереңірек түсінуге, өз өнерлерін бағалауға және шығармашылыққа шабыт алуға ерекше мүмкіндік берді.

https://www.instagram.com/p/DWBkJlhkzrN

""
26
Март
2026
Лазерлік құрылғыларды (лазерлік көрсеткіштерді) заңсыз және мақсатсыз пайдалану жағдайларын сынып сағаттарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мұндай әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіріп, әсіресе әуе кемелерінің ұшқыштарына, көлік жүргізушілеріне және басқа да адамдарға үлкен қауіп әкелуі мүмкін. Ата-аналарға кәмелетке толмаған балалардың лазерлік құрылғыларды бақылаусыз пайдалануына жол бермеу ұсынылады. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау – әр азаматтың міндеті. Лазерлік құрылғыларды тек қауіпсіз және заңды мақсаттарда пайдалану керектігін айтып өтті.Лазерлік құрылғыларды (лазерлік көрсеткіштерді) заңсыз және мақсатсыз пайдалану жағдайларын сынып сағаттарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мұндай әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіріп, әсіресе әуе кемелерінің ұшқыштарына, көлік жүргізушілеріне және басқа да адамдарға үлкен қауіп әкелуі мүмкін. Ата-аналарға кәмелетке толмаған балалардың лазерлік құрылғыларды бақылаусыз пайдалануына жол бермеу ұсынылады. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау – әр азаматтың міндеті. Лазерлік құрылғыларды тек қауіпсіз және заңды мақсаттарда пайдалану керектігін айтып өтті.

https://www.instagram.com/p/DV-NbiHgsmO/?img_index=1