"⚜️Қайырымдылық акциясы⚜️"
Мектепте оқушылар мен ұстаздардың қатысуымен «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық акциясы өткізілді. Акцияның басты мақсаты – оқушыларды мейірімділікке, жанашырлыққа тәрбиелеу және мұқтаж жандарға қолдау көрсету мақсатында қайырымды іс жасау. Мұқтаж жандарға көмек көрсетуге, мейірімділік пен адамгершілік құндылықтарды насихаттауға бағытталған игі шара. Іс-шара барысында мектеп оқушылар қолдан түрлі тағамдар мен тәттілер сатылымға қойылды. Оқушылар өз қолдарымен жасаған өнімдерін ұсынып, сатып алушылармен қарым-қатынас орнатты. Қатысушылар өз еңбектерінің игі іске жұмсалатынын түсініп, қайырымдылықтың адам өміріндегі маңызын түсінді. Акцияға белсенді қатысқан оқушылар өздерінің жүрек жылуын бөлісіп, игі істің үлгісін көрсетті. Шара барысында бірлік, қамқорлық және адамгершілік құндылықтары насихатталды.

Be the first to comment.