Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойнша білім бөлімінің "З.О.Баймырзаев атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8 (72938) 23-8-30
Есепші бөлімі:
8(72938)23–8-31

Қош келдіңіздер!

Толығымен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
""
17
Апрель
2026
15 сәуір күні 5–6 сынып оқушылары арасында Ғылым күніне орай «Нағыз жүйрік» атты тарихи викториналық ойын ұйымдастырылды.Аталған сайыс 4 кезеңнен тұрды:🔹 І кезең – «Бәйге»: 15 сұрақтан тұратын тест тапсырмалары орындалып, Kahoot платформасы арқылы өткізілді.🔹 ІІ кезең – «Дұрыс ақпаратты тап»: қатысушыларға тарихи тұлғалар туралы 4 ақпарат ұсынылып, соның ішінен дұрыс жауапты анықтады. Бұл кезең де Kahoot арқылы жүргізіліп, нәтижелер автоматты түрде есептелді.🔹 ІІІ кезең – «Сандар сөйлейді»: оқушыларға тарихқа қатысты маңызды жылдар мен сандар беріліп, олардың мәнін ашу тапсырылды.🔹 IV кезең – «Шатасқан әріптер»: қатысушылар берілген әріптерден тарихи сөздерді құрастырып, өз білімдерін көрсетті.Сайыстың ІІІ және IV кезеңдерін қазылар алқасы бағалап, оқушылардың білім деңгейі мен тапқырлығы сараланды.Сайыс барысында оқушылар белсенділік танытып, өзара білім жарыстырды. Нәтижесінде үздік қатысушылар анықталып, марапатталды.📚 Мұндай танымдық ойындар оқушылардың тарих пәніне деген қызығушылығын арттырып, білімдерін тереңдетуге ықпал етеді.

https://www.instagram.com/p/DXMTVOCE4sH

""
17
Апрель
2026
23 сәуір-Ұлттық кітап күніне орай 7-сынып оқушылары арасында “Кітаппен кемел болашаққа” тақырыбында танымдық сайыс ұйымдастырылды. Мақсаты оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ой-өрісін кеңейту, білімге құштарлығын дамыту, сөздік қорын байыту. Кітап-адамзаттың рухани азығы, білімнің қайнар көзі. Кітап арқылы біз өткенді танимыз, бүгінді түсінеміз, болашақты болжаймыз. Танымдық сайысымыз төрт кезеңнен тұрады.1. “Мен оқыған бір кітап” оқушылар оқыған кітаптарын талдау.2. “Жасырын атау-ашық ой” шығарма мұқабасынан кітаптың авторын,атын табу.3. “Шығарма сөйлейді-сен ата” шығарма үзінділерін оқып кітаптың авторын,атын атау.4. “Кітап туралы мақал-мәтелдердің жалғасын табу.Оқушылар шараға белсене қатасып, өз ойларымен, пікірлерімен бөлісті.Кітап-біздің рухани досымыз.Кітаппен дос болған адам ешқашан адаспайды.Сондықтан кітап оқуды ешқашан тоқтатпайық!

https://www.instagram.com/p/DXJzdp8k3_l

""
17
Апрель
2026
Cіздерді 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай ұйымдастырылған онкүндіктің ашылу салтанатымен шын жүректен құттықтаймыз! Кітап – адамзаттың асыл қазынасы, рухани байлығы, білім мен парасаттың қайнар көзі. Ол – өткеннің өнегесін бүгінге жеткізіп, болашаққа бағыт беретін алтын көпір. Кітап арқылы біз әлемді танимыз, ой-өрісімізді кеңейтеміз, жүрегімізді ізгілікке тәрбиелейміз. Бүгінгі онкүндік – кітапқа деген сүйіспеншілікті арттыруға, оқырман мәдениетін қалыптастыруға, жас ұрпақты білімге, рухани құндылықтарға баулуға бағытталған маңызды шара. Осы уақыт аралығында түрлі қызықты кездесулер, әдеби кештер, көрмелер мен байқаулар ұйымдастырылып, кітаптың құдіреті кеңінен насихатталатын болады.Олай болса, кітап мерекесіне арналған онкүндіктің ашылуын жариялай отырып, баршаңызға көтеріңкі көңіл-күй, шабыт және пайдалы әсер тілейміз!Кітаппен дос болайық, кітапты бірге дәріптейік!

https://www.instagram.com/p/DXGnqLgE668

Жаңалықтар топтамасы

17 апреля, 2026 "15 сәуір күні 5–6 сынып оқушылары арасында Ғылым күніне орай «Нағыз жүйрік» атты тарихи викториналық ойын ұйымдастырылды.Аталған сайыс 4 кезеңнен тұрды:🔹 І кезең – «Бәйге»: 15 сұрақтан тұратын тест тапсырмалары орындалып, Kahoot платформасы арқылы өткізілді.🔹 ІІ кезең – «Дұрыс ақпаратты тап»: қатысушыларға тарихи тұлғалар туралы 4 ақпарат ұсынылып, соның ішінен дұрыс жауапты анықтады. Бұл кезең де Kahoot арқылы жүргізіліп, нәтижелер автоматты түрде есептелді.🔹 ІІІ кезең – «Сандар сөйлейді»: оқушыларға тарихқа қатысты маңызды жылдар мен сандар беріліп, олардың мәнін ашу тапсырылды.🔹 IV кезең – «Шатасқан әріптер»: қатысушылар берілген әріптерден тарихи сөздерді құрастырып, өз білімдерін көрсетті.Сайыстың ІІІ және IV кезеңдерін қазылар алқасы бағалап, оқушылардың білім деңгейі мен тапқырлығы сараланды.Сайыс барысында оқушылар белсенділік танытып, өзара білім жарыстырды. Нәтижесінде үздік қатысушылар анықталып, марапатталды.📚 Мұндай танымдық ойындар оқушылардың тарих пәніне деген қызығушылығын арттырып, білімдерін тереңдетуге ықпал етеді."
17 апреля, 2026 "23 сәуір-Ұлттық кітап күніне орай 7-сынып оқушылары арасында “Кітаппен кемел болашаққа” тақырыбында танымдық сайыс ұйымдастырылды. Мақсаты оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ой-өрісін кеңейту, білімге құштарлығын дамыту, сөздік қорын байыту. Кітап-адамзаттың рухани азығы, білімнің қайнар көзі. Кітап арқылы біз өткенді танимыз, бүгінді түсінеміз, болашақты болжаймыз. Танымдық сайысымыз төрт кезеңнен тұрады.1. “Мен оқыған бір кітап” оқушылар оқыған кітаптарын талдау.2. “Жасырын атау-ашық ой” шығарма мұқабасынан кітаптың авторын,атын табу.3. “Шығарма сөйлейді-сен ата” шығарма үзінділерін оқып кітаптың авторын,атын атау.4. “Кітап туралы мақал-мәтелдердің жалғасын табу.Оқушылар шараға белсене қатасып, өз ойларымен, пікірлерімен бөлісті.Кітап-біздің рухани досымыз.Кітаппен дос болған адам ешқашан адаспайды.Сондықтан кітап оқуды ешқашан тоқтатпайық!"
17 апреля, 2026 "Cіздерді 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай ұйымдастырылған онкүндіктің ашылу салтанатымен шын жүректен құттықтаймыз! Кітап – адамзаттың асыл қазынасы, рухани байлығы, білім мен парасаттың қайнар көзі. Ол – өткеннің өнегесін бүгінге жеткізіп, болашаққа бағыт беретін алтын көпір. Кітап арқылы біз әлемді танимыз, ой-өрісімізді кеңейтеміз, жүрегімізді ізгілікке тәрбиелейміз. Бүгінгі онкүндік – кітапқа деген сүйіспеншілікті арттыруға, оқырман мәдениетін қалыптастыруға, жас ұрпақты білімге, рухани құндылықтарға баулуға бағытталған маңызды шара. Осы уақыт аралығында түрлі қызықты кездесулер, әдеби кештер, көрмелер мен байқаулар ұйымдастырылып, кітаптың құдіреті кеңінен насихатталатын болады.Олай болса, кітап мерекесіне арналған онкүндіктің ашылуын жариялай отырып, баршаңызға көтеріңкі көңіл-күй, шабыт және пайдалы әсер тілейміз!Кітаппен дос болайық, кітапты бірге дәріптейік!"
14 апреля, 2026 "📚 Мектебімізде 2–9 сыныптардың үздік оқушылары арасында мектепішілік олимпиада өткізілді. Аталған білім сайысының негізгі мақсаты – оқушылардың білім деңгейін анықтау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту және дарынды оқушыларды қолдау болды.Олимпиада барысында қатысушылар қазақ тілі мен математика пәндерінен 15 сұрақтан тұратын тест тапсырмаларын орындады. Сонымен қатар, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін бағалау мақсатында эссе жазу тапсырмасы берілді.Сайыс қорытындысы бойынша жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар I орынмен 9-сынып оқушысы Еңсеген Сағуда, II орынмен 3 сынып оқушысы Бақытжанұлы Қолқанат, III орынмен 2-сынып оқушысы Аманжол Жомарт, 4-сынып оқушысы Аманжол Қасым, 3-сынып оқушысы Асхат Аймира, IV орынмен 2-сынып оқушысы Далухан Азима, 5-сынып оқушысы Арманұлы Парасат ие болып, қалған оқушылар арнайы номинациялармен марапатталды. Олимпиада оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттырып, өзара бәсекелестік пен ізденіске жол ашты."
14 апреля, 2026 "11-сынып жетекшісі Г. Есенгулованың ұйымдастыруымен “Білім мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Коституцияда айқындалған басымдықтар” тақырыбында сынып сағаты өтті.Мектеп бітіруші түлектерге еліміздің негізгі заңына енгізілген басты реформалар, азаматтардың құқықтары мен міндеттері және демократиялық құндылықтар туралы кеңінен ақпарат берілді. Болашақ маман иелері үшін заңды білу және оны құрметтеу — отансүйгіштіктің басты белгісі. Оқушылар референдумнан кейінгі өзгерістердің мәні мен маңызын талқылап, өз ойларымен бөлісті.Сынып сағатында не айтылды?• Конституциялық соттың рөлі мен маңызы;• Адам құқықтарын қорғаудың жаңа тетіктері;• Жер мен табиғи ресурстардың халық меншігі екендігі туралы тармақтар. Ертеңгі ел тізгінін ұстар жастардың саяси сауаттылығы — жарқын болашақтың кепілі. Түлектеріміз өз құқықтары мен міндеттерін білуге үлкен қызығушылық танытты. Біздің таңдауымыз — Әділетті Қазақстан!"
1 апреля, 2026 "Cәуір айы"
26 марта, 2026 "Мектебімізде 22 наурыз – ұлыстың ұлы күніне орай, «Шабыт» жобасы аясында ұлттық қолөнерден көрме ұйымдастырылды. Көрмеге ауылымыздың шебер апаларының өз қолдарынан шыққан ұлттық ою-өрнектері бар бұйымдар, тоқыма бұйымдар, құрақ көрпелер сияқты заттар қойылды. Сонымен қатар оқушылардың жасаған бұйымдары да көрме де көрсетілді. Көрменің негізгі мақсаты – оқушыларға және көрермендерге ұлттық мәдениетімізді дәріптеу, дәстүрлі өнерге қызығушылық ояту және шеберлердің шығармашылық үлгісін таныстыру болды. Сонымен қатар, шара қайырымдылық бағытында да өткізілді. Зейнеткер апаларымызға азғантай көмек болсын деп қойылған өнімдер сатуға ұсынылды. Көрмеге қатысқан балалар мен ересектер шеберлердің қолөнер бұйымдарын тамашалап қана қоймай, ұлттық бұйымдар жасауға қызығушылықтары оянды. Көрме қатысушыларға ұлттық дәстүрімізді тереңірек түсінуге, өз өнерлерін бағалауға және шығармашылыққа шабыт алуға ерекше мүмкіндік берді."
26 марта, 2026 "Лазерлік құрылғыларды (лазерлік көрсеткіштерді) заңсыз және мақсатсыз пайдалану жағдайларын сынып сағаттарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мұндай әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіріп, әсіресе әуе кемелерінің ұшқыштарына, көлік жүргізушілеріне және басқа да адамдарға үлкен қауіп әкелуі мүмкін. Ата-аналарға кәмелетке толмаған балалардың лазерлік құрылғыларды бақылаусыз пайдалануына жол бермеу ұсынылады. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау – әр азаматтың міндеті. Лазерлік құрылғыларды тек қауіпсіз және заңды мақсаттарда пайдалану керектігін айтып өтті.Лазерлік құрылғыларды (лазерлік көрсеткіштерді) заңсыз және мақсатсыз пайдалану жағдайларын сынып сағаттарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мұндай әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіріп, әсіресе әуе кемелерінің ұшқыштарына, көлік жүргізушілеріне және басқа да адамдарға үлкен қауіп әкелуі мүмкін. Ата-аналарға кәмелетке толмаған балалардың лазерлік құрылғыларды бақылаусыз пайдалануына жол бермеу ұсынылады. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау – әр азаматтың міндеті. Лазерлік құрылғыларды тек қауіпсіз және заңды мақсаттарда пайдалану керектігін айтып өтті."
26 марта, 2026 "8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!🌺“Мақтанатын мархабатым, махаббатым” атты мерекелік шара ұйымдастырылды.Бұл күн – аналарға, әжелерге, әпке — қарындастарымызға деген құрмет пен алғысымызды білдіретін ерекше мереке. Ана – әрбір адамның өміріндегі ең қымбат жан. Ол бізге өмір сыйлап, ақ сүтімен өсіріп, мейірімі мен махаббатына бөлейді. Сондықтан ана – біздің мақтанышымыз, мархабатымыз және махаббатымыз.Қазақ халқы ананы әрқашан жоғары бағалап, құрметтеген. Ананың жүрегі – мейірімге толы, ал оның тілегі – әрқашан баласының бақыты. Бүгінгі мереке – нәзіктік пен сұлулықтың, мейірім мен жылулықтың мерекесі. Біздің аналарымыз бен әжелеріміз отбасының берекесін келтіріп, бізге дұрыс тәрбие беріп келеді. Біз сіздермен әрқашан мақтанамыз.Шарамызға барлық нәзік жандылар қатысты. Шара соңы марапатпен жалғасты."
10 марта, 2026 "Өнегелі 15 минут"
2 марта, 2026 "Наурыз айы"
26 февраля, 2026 "АПБ инспекторы полиция майоры Г.Байкүреңова, АПБ ҚҚб ЮПт аға инспекторы Полиция майоры А.Нұрлыбеков және ПБ отбасы тұрмыстық зорлық -зомбылыққа қарсы күрес тобының инспекторы полиция лейтенанты Ғ.Нұрғалиева «Некеге мәжбірлеу , сталкинг және әйелдерге қатысты өзге де зорлық-зорлық түрлеріне қатысты құқықтық сауаттылықты арттыру және нөлдік төзімділікті қалыптастыру» , «Қауіпсіз интернет», «Әлеуметтік желілерді қауіпсіз пайдалану» тақырыптарында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, түсінік жұмыстарын жүргізді. Жиналысты мектеп оқушылары мен кіші қызметкерлеріне ұйымдастырды. Мақсаты — некеге мәжбүрлеу мен сталкингтің құқық бұзушылық екенін түсіндіру, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқықтық қорғану жолдарын үйрету және қоғамда нөлдік төзімділік мәдениетін қалыптастыру. Интернетті қауіпсіз әрі жауапкершілікпен пайдалану жолдарын түсіндіру, жеке ақпаратты қорғау, киберқауіптердің алдын алу және онлайн ортада мәдениетті қарым-қатынас қалыптастыру. Әлеуметтік желілерде (мысалы, Instagram, TikTok, Facebook) жеке мәліметтерді қорғау, қауіпсіздік баптауларын дұрыс қолдану, кибербуллингтен сақтану және желідегі жауапты мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру."
26 февраля, 2026 "Кітапхана сіз үшін…"
26 февраля, 2026 "Хабарландыру"
26 февраля, 2026 "Наурыз айы"
30 декабря, 2025 "⚜️Жаңа жыл 🎄⚜️"
22 декабря, 2025 "⚜️16 желтоқсан — Тәуелсіздік күні⚜️«Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай мектебімізде «Қазақ елі-мәңгілік ел» тақырыбында мектепішілік шара ұйымдастырылды. Оқушылар Тәуелсіздікке арналған өлеңдерін оқып, патриоттық әндер орындады. Іс-шараның мақсаты — Тәуелсіздіктің маңызын түсіндіру, ел тарихын құрметтеуге, отансүйгіштікке, ұлттық рух пен бірлікке тәрбиелеу, жастардың бойында туған елге деген мақтаныш сезімін қалыптастыру. Қазақ елі бай тарихы бар, талай сыннан өткен ел. Көшпелі өркениеттен бастау алған қазақ халқы еркіндікті, жерді, елді қорғауды басты құндылық деп санаған. 1991 жылы Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізіп, өз мемлекеттілігін әлемге танытты. Бұл – Мәңгілік Ел болуға жасалған маңызды қадам екеніне көз жеткізді. Шара соңы Республикалық біріңғай “Жас Ұлан”және “Жас Қыран” балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімі өтті. Оқушылар ант қабылдап, Жас Ұлан гимнін шырқады. Ұйымға қабылданған оқушыларға сәттілік тілейміз!"
17 декабря, 2025 "⚜️Хабарландыру⚜️"
3 декабря, 2025 "Біртұтас тәрбие бағдарламасы” аясында күнделікті өткізілетін іс-шаралардың бірі — “Өнегелі 15 минут” мектебімізде өткізілуде. Ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған “Құрақ-қазақ сән өнерінің жауһары ” тақырыбында бастауыш сынып оқушысы Қанатұлы нұриманның әжесіГ. Аяганова оқушыларға берілген дайын оюларды қайшымен қауіпсіздік ережесін сақтай отырып қиып үйретті. Құрақ-тек тұрмыстық қолөнер емес, ол халқымыздың эстетикалық талғамын, даналығын, тұтас дүниетанымын танытатын сән өнерінің інжу-маржаны. Құрақ өнерінің шығу тегі мен мағынасы: Құрақ — қазақтың көне дәстүрлерінің бірі. Бұрыннан аналарымыз үйдегі бар матаны қиюластырып, ысырапсыз пайдаланып, одан жаңа нәрсе жасаған. Бірақ құрақ жай ғана құрастырылған мата емес екенін түсіндіріп өтті. Ұйымдастырушы: Сынып жетекшісі Б.Бекеш."
3 декабря, 2025 "Желтоқсан айы"
29 ноября, 2025 "Ұжымның психологиялық климаты” — тақырыбында муғалімдермен тренинг өтті.🌈Ұжымның психологиялық климаты- бұл адамдардың бірлескен іс-әрекеті барысында қалыптасқан эмоционалды -психологиялық жағдай, қарым-қатынастың сапасы мен өзара түсіністіктің деңгейі. Ол ұжымдағы әрбір адамның көңіл-күйіне, жұмысқа деген ынтасына және жалпы еңбек өнімділігіне әсер етеді. Осы тұста эмоционалды интеллектті білу, оны қолдану өте маңызды.🌈Эмоционалды интеллект — бұл өз эмоцияларыңды тану, түсіну, басқару және өзге адамдардың эмоцияларын сезініп, дұрыс әрекет ете білу қабілеті.🌈Позитивті ойлау — бұл өмірге, адамдарға, оқиғаларға жақсы жағынан қарау қабілеті. Яғни қиындықтың өзінен мүмкіндік көру, сәтсіздіктен сабақ алу, болашаққа сеніммен қарау.🌈Позитивті ойлаудың пайдасы:💎ынталану деңгейінің артуы💎қарым-қатынастың жақсаруы💎қиындықтардан оңай өту💎өз мақсаттарына жету💎күйзелісті жағдайларға төзімділіктің артуы💎өзін өзі бақылау және дұрыс өзін өзі бағалауды дамыту."
3 ноября, 2025 "Қараша айы"
29 октября, 2025 "⚜️Дублер күні⚜️"
29 октября, 2025 "Түлектер"
28 октября, 2025 "Қазан айы"
19 октября, 2025 "Қазан айы"
19 октября, 2025 "Қыркүйек айы"
14 мая, 2025 "22 сәуірде мектеп асханасына брокераж жүргізілді. Оқушылардың тамақтану кестесіне сәйкес уақытылы тамақтануы және күнделікті берілетін тамақтың сапасы, құрамы, температурасы қалыпты. Сонымен қатар, асхананың жалпы тазалығы, қол жуатын орны талапқа сай. Тағамдарды дұрыс сақтауға арналған тоңазытқыш камералар бар, мұнда әр тағам түрі жеке сақталады. Олардың бар болуы тағам өнімдерінің сапасын тікелей дайындағанға дейін сақтауға жағдай жасайды. Тамақтану блогы жұмыскерлерінің арнайы киімдерін киюі міндетті болып табылады. Бұл қажетті санитарлық — гигиеналық нормаларды сақтауға мүмкіндік береді. Бекітілген ас мәзірі бойынша дайын ас көлемінің азықтардың дұрыс салынуы мен дайын ас шағымы өз деңгейінде. Мектеп асханасының санитариялық жағдайы, асхананың жалпы тазалығы, ыдыс-аяқтардың тазалығы, азық-түліктің сақталуы мен тұтұну мерзімі талапқа сай. Аспазшылардың арнайы киімдері санитарлық талапқа сай және медициналық тексеруден уақытылы өткізілген."
14 мая, 2025 "Даму жоспары"
14 мая, 2025 "2024 жылдың 11-18 желтоқсан аралығында Қоғамдық-гуманитарлық пәндер әдістемелік бірлестігінің жоспары бойынша «Мәңгілік Ел Мәртебелі Тіл» апталығы өтті. Апталықтың мақсаты: оқушыларға Қазақ халқының тарихы мен ана тілінің қадыр-қасиеті туралы мәлімет бере отырып, қоғамдық-гуманитарлық пәндердің маңыздылығын ұғындыра білу, білім алушылардың функционалдық сауаттылықтарын сын тұрғысынан ойлау арқылы дамыту. Апталықтың жоспарына сәйкес Қазақстан тарихы мен қазақ тілі пәнінің мұғалімдері 9-11 сынып оқушылары арасында “Ой мен ойын” зияткерлік сайысын өткізді. Сайыстың мақсаты: пән бойынша білім құндылықтарын, шығармашылық қабілеттерін дамыту және пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылар «Жерұйық» және «Шежіре» топтарына бөлініп, өзара білім сайысына түсті. Сайыс «Топты таныстыру», «Сандар мен суреттерді сәйкестендір», «Қызық екен», «Жұмбақ тұлға», «Ең алғашқы» және «Сөзжұмбақ» деп аталатын 6 кезеңнен тұрды. Оқушылар топтық жарыста өздерінің белсенділігін көрсетті. Сайыс қорытындысы бойынша оқушылар марапатталды."
14 мая, 2025 "Асық ату"
14 мая, 2025 "Үйірмелер"
13 мая, 2025 "Кабинет"
13 мая, 2025 "Ардагер ұстаз"
13 мая, 2025 "Мұғалімдер"
13 мая, 2025 "Оқушылар"
6 мая, 2025 "Мамыр айы"
29 апреля, 2025 "Сәуір айы"
28 апреля, 2025 "Наурыз айы"
24 апреля, 2025 "Ақпан айы"
23 апреля, 2025 "Қаңтар айы"
15 апреля, 2025 "Байланыс"
15 апреля, 2025 "Мектеп ұжымы"
15 апреля, 2025 "Түлектер"
1 января, 2022 "Мектеп шежіресі"