Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойнша білім бөлімінің "З.О.Баймырзаев атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8 (7293) 82-38-30
Есепші бөлімі:
8(72938)23–8-31

Қош келдіңіздер!

Толығымен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
""
14
Май
2025
2024 жылдың 11-18 желтоқсан аралығында Қоғамдық-гуманитарлық пәндер әдістемелік бірлестігінің жоспары бойынша «Мәңгілік Ел Мәртебелі Тіл» апталығы өтті. Апталықтың мақсаты: оқушыларға Қазақ халқының тарихы мен ана тілінің қадыр-қасиеті туралы мәлімет бере отырып, қоғамдық-гуманитарлық пәндердің маңыздылығын ұғындыра білу, білім алушылардың функционалдық сауаттылықтарын сын тұрғысынан ойлау арқылы дамыту. Апталықтың жоспарына сәйкес Қазақстан тарихы мен қазақ тілі пәнінің мұғалімдері 9-11 сынып оқушылары арасында “Ой мен ойын” зияткерлік сайысын өткізді. Сайыстың мақсаты: пән бойынша білім құндылықтарын, шығармашылық қабілеттерін дамыту және пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылар «Жерұйық» және «Шежіре» топтарына бөлініп, өзара білім сайысына түсті. Сайыс «Топты таныстыру», «Сандар мен суреттерді сәйкестендір», «Қызық екен», «Жұмбақ тұлға», «Ең алғашқы» және «Сөзжұмбақ» деп аталатын 6 кезеңнен тұрды. Оқушылар топтық жарыста өздерінің белсенділігін көрсетті. Сайыс қорытындысы бойынша оқушылар марапатталды.

https://www.instagram.com/reel/DFMonWTMckc/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==