Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойнша білім бөлімінің "З.О.Баймырзаев атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8 (7293) 82-38-30
Есепші бөлімі:
8(72938)23–8-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
Кіру
Қазақша
|
Русский
kitaphana.edu.kz
digitallibrary.kz
bookfund.kz
Басты
Президент жолдауы
БАСТЫ БЕТ
Аттестация
Құжаттар
>
1. Аттестация құжаттарын көру үшін сілтеме арқылы өтіңіз
Өзің-өзі бағалау
>
1. Өзін-өзі бағалау жөніндегі есебі
Әдістемелік бөлім
Ауысым
>
1. Ауысым 2024-2025 оқу жылы
2. Ауысым 2025-2026 оқу жылы
Ашық сабақ, семинар
>
1. “Елімнің ертеңі – Тәуелсіздік құндылықтары” атты тақырыбында Қоғамдық-гуманитарлық пәндер апталығы бастау алды! Апталық аясында оқушылар ұлттық тарих, тіл, мәдениет пен руханияттың маңызын терең түсініп, шығармашылықпен танылады. Мақсатымыз — ертеңгі ел тізгінін ұстар жас ұрпақтың бойына тәуелсіздік рухын сіңіру.Білімді ұрпақ — жарқын болашақ кепілі!
2. 5-7 сыныптар арасында «Ана тілің — арың бұл» атты интеллектуалдық сайыс өтті. Сайысқа қатысушылар І ші кезеңде өздері жаттаған өлең -шумақтарын мәнерлеп және жатқа айтып шықты. ІІ ші кезеңде мақал- мәтелдердің жалғасын тауып, ІІІ ші кезеңде әр түрлі жұмбақтардың шешімін тапты.
3. “Алтын адам” археологиялық олжасы тақырыбында 5-сыныпқа қазақстан тарихы пәнінен ашық сабағы өтті. Пән мұғалімі: Н.Изтилеуова.
4. “Көңілді үзіліс” физикалық ойын. 7-9 сыныптар. Өткізген физика пәні мұғалімі Г.Көпесова.
5. “Менің сыныбым буллингке қарсы” челленджі! 9-сынып. Максаты: Оқушылардың физикалық және психологиялық қауіпсіздік мәселелеріне саналы түрде қарауына көңіл аударту.
6. “Сапалы оқу айлығының” жоспарына сәйкес “Оқушыны кітап оқуға қалай қызықтырамыз” тақырыбында А.Омарова апай мұғалімдерге шеберлік сағатын өткізді.
7. “Үйренерім көп менің” атты тәлімгер мен жас маман сағаты өтті.Тәлімгер, педагог- зерттеуші, тарих пәнінің жоғары санатты мұғалімі Беркімбай Гүлшат пен жас маман, математика пәнінің мұғалімі Ералы Ұлдана.Шараның мақсаты: жас маманның бейімделу кезеңінде кездесетін қиындықтарды шешу, әдістемелік көмек беру.
8. «Бастауыш – білімнің қайнар бұлағы» апталығы аясында 3-сыныпта математика пәнінен «Шеңбер, дөңгелек және олардың элементтері» тақырыбында ашық сабақ өтті.Сабақтың мақсаты — шеңбер мен дөңгелекті, олардың элементтерін (центр, радиус, диаметр) ажырату және дұрыс атау. Сабақ барысында ЖИ қолданылып, сабақ мақсаты толық орындалды. Оқушылар белсенділік танытып, өз білімдерін көрсетті. Сынып жетекшісі: Айдарбаева Ә.Б.
9. «Бүгінгі “Миға шабуыл” ойыны қоғамдық-гуманитарлық пәндер апталығына ерекше серпін берді! Тарих, қазақ, орыс және ағылшын тілдері бойынша сұрақтар қойылып, қатысушылар жылдамдық пен зейінді қатар сынады. Білімге бастар көңілді қадамдар! 🌟📚»
10. 1-4 сынып оқушылары арасында өткен Республикалық “Мың бала” пәндік олимпиадасы ұйымдастырылды. Оқушылар олимпиадаға қатысып, І, ІІ, ІІІ орындарға ие болды.
11. 10-сыныпқа география пәнінен “Дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымы” тақырыбында ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі Б.Тулепова.
12. 10-сыныпта педагог–зерттеуші Омарова Айгуль Жумахановнаның «Абайдың толық адам ілімі және бүгінгі жастар» тақырыбында танымдық сағаты өтті. Шарада дана Абайдың толық адам ілімі туралы жан-жақты пікірлесу болды. Жастар Абайдың ілімінің мәңгілік өміршеңдігіне бойлай түсті. Абай ілімі – бүгінгі ұрпаққа бағдаршам.
13. 11 желтоқсан күні 6-сыныпқа тарих пәнінен “Түріктердің рухани мәдениеті” тақырыбында ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі: педагог-зерттеуші Беркімбай Гүлшат.
14. 11-сыныпқа алгебра сабағынан “Санның логарифмі және оның қасиеттері” тақырыбында ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі Петр Ақмарал.
15. 11-сыныпқа информатика пәнінен “IT staptup пен жарнама” тақырыбында ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі К.Туреева.
16. 13-17 қаңтар аралығы “Салауатты ұлт — салауатты болашақ” атты эстетикалық пәндер апталығы. Оқушылардың үздік жұмыстары мектеп фойесінде көрсетілді. Көрме ұйымдастырылып, апталықтың ашылу салтанаты өтті.
17. 18- қараша 1-сыныпта Әліппе пәнінен “Жж дыбысы мен әрпі” атты ашық сабақ өтті. Сабақты Педагог-сарапшы Бибігүл Ерсайынқызы өткізді. Сабақ өткен әріптерді еске түсіруден бастады.Жаңа сабақты ашу мақсатында жұмбақтар жасырып,шешуін тапқызды. Сынып оқушылары “Жж дыбысы мен әрпіне” мысалдар келтіріп, буынға бөліп, дыбыстық талдау жасап,буындап оқып, қатесіз жаза білді. Сабақ жақсы өтті деп бағаланды.
18. 2-сыныпқа музыка пәнінен «Би билейік» атты ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі Ә.Айдарбаева.
19. 2-сыныпқа цифрлық сауаттылық пәнінен “Видео өңдеу” тақырыбында ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі Ж.Иманбаева.
20. 20 қараша 3-ші сабақ Мектепалды даярлық тобында Сауат ашу пәнінен “Дыбыстық талдау“ тақырыбында ашық өтті. Сабақты педагог-модератор Накишова Куланда психологиялық шаттық шеңберімен бастады.
21. 20 қараша күні “Тәжірибе алаңында” МАД тобының тәрбиешісі мен бастауыш сынып мұғалімдері оқушылардың қызығушылығын арттырып түрлі эксперимент жасап көрсетті. Эксперимент жасау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды айтып өтті. Бұл тәжірибе алаңы оқушыларға қатты ұнады.
22. 2024 жылдың 11-18 желтоқсан аралығында Қоғамдық-гуманитарлық пәндер әдістемелік бірлестігінің жоспары бойынша «Мәңгілік Ел Мәртебелі Тіл» апталығы өтті. Апталықтың мақсаты: оқушыларға Қазақ халқының тарихы мен ана тілінің қадыр-қасиеті туралы мәлімет бере отырып, қоғамдық-гуманитарлық пәндердің маңыздылығын ұғындыра білу, білім алушылардың функционалдық сауаттылықтарын сын тұрғысынан ойлау арқылы дамыту. Апталықтың жоспарына сәйкес Қазақстан тарихы мен қазақ тілі пәнінің мұғалімдері 9-11 сынып оқушылары арасында “Ой мен ойын” зияткерлік сайысын өткізді. Сайыстың мақсаты: пән бойынша білім құндылықтарын, шығармашылық қабілеттерін дамыту және пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылар «Жерұйық» және «Шежіре» топтарына бөлініп, өзара білім сайысына түсті. Сайыс «Топты таныстыру», «Сандар мен суреттерді сәйкестендір», «Қызық екен», «Жұмбақ тұлға», «Ең алғашқы» және «Сөзжұмбақ» деп аталатын 6 кезеңнен тұрды. Оқушылар топтық жарыста өздерінің белсенділігін көрсетті. Сайыс қорытындысы бойынша оқушылар марапатталды.
23. 21 қараша күні 2-сыныпқа әдебиеттік оқудан Менің оқу құралдарым Ө.Тұрманжанов “Жыртық кітап жылады”тақырыбынан ашық сабақ өтті. Оқу мақсаты: Кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау. Өткізген Б.Бекеш
24. 27 күні 7-сыныпқа биология пәнінен “Өсімдіктердің қозғалысы. Қозғалыстың маңызы” тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында әртүрлі әдіс-тәсілдер қолданылды. Пән мұғалімі А.Өтегенова.
25. 27 қаңтар күні 8-сыныпқа биология пәнінен “Қаңқа” тақырыбында ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі: А.Кушекова
26. 27 қаңтар күні Жаратылыстану апталығы аясында “Химия әлемінде” атты мультимедиялық көрініс қойылды. Оқушылар белсене қатысты. Өткізген пән мұғалімі Ж.Ескалиева.
27. 27 қаңтар күні жаратылыстану апталығының ашылуы болды. Апталықтың мақсаты оқушылардың танымдық қызығушылығын мен пәндерді оқуға деген ынтасын арттырады, қызықты істермен қызықтырады. Апта бойы ашық сабақтар, қолжетімді ойын түрінде пәндер бойынша танымдық іс-шаралар өткізіледі
28. 28 қаңтар күні 8-сыныпқа физика пәнінен “Тізбек бөлігі үшін Ом заңы” тақырыбында ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі Көпесова Гүлдана Азатқызы
29. 28 тамыз күні мектебімізде “2025-2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен негізгі міндеттер” тақырыбындағы 1 педагогикалық кеңес өтті.
30. 3-сыныпқа «Физикалық жүктеме кезіндегі ағзадағы өзгерістер. Уақытқа бір орында жүгіру» атты ашық сабақ өтті. Дене шынықтыру мұғалімі Қ.Түрксітанов.
31. 3-сыныпқа музыка пәнінен «Музыка және поэзия» атты ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі Ғ.Аралбаева.
32. 4-сыныпқа көркем еңбек пәнінен “Суретшілер табиғат құбылыстарын бейнелейді” атты ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі А.Оркашбаева.
33. 4-сыныпқа цифрлық сауаттылық пәнінен “Видео өңдеу” тақырыбында ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі Ж.Тлепова.
34. 4-сыныпта “Лётчик” тақырыбында ашық сабақ өтті. Оқушылар белсенді қатысып, қызығушылықпен жұмыс жасады. Пән мұғалімі: З.Тайлакова.
35. 6-сыныпқа “Музыка және бейнелеу өнерінен” кіріктірілген ашық сабақ өтті. Өткізген музыка пәні мұғалімі А.Жалғасбаева мен технология пәні мұғалімі А.Оркашбаева.
36. 7-8 сыныптар арасында сыныптан тыс шара “МИФ әлемінде” атты интеллектуалды сайыс өтті. Пән мұғалімдері К.Туреева, Г.Көпесова.
37. 8-сыныпқа қазақ әдебиеті пәнінен Шәкәрімнің “Еңлік-Кебек” тақырыбында ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі: педагог-зерттеуші Омарова Айгүл.
38. 9-сыныпқа “Математика — ақыл-ойдың, мәңгілік шұғыласы” атты интелектуалдық сайысы өтті. Мақсаты: оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру.
39. 9-сыныпқа химия сабағынан практикалық жұмыс №5 “Сұйытылған күкірт қышқылының химиялық қасиеттері» тақырыбында ашық сабақ өтті. Химия пәні мұғалімі Ж.Есқалиева.
40. https://www.instagram.com/p/DSHH5bsDH9Қоғамдық-гуманитарлық пәндер апталығы аясында, бүгін мектебімізде полиглот сайысы өткізілді. Бұл сайыста оқушыларымыз өздерінің үш тілді білімдерін көрсетіп, қызыға қатысты. Жеңімпаз оқушылар тәттілермен марапатталды. Оқушыларымыз сайыстарда терең білімдерін көрсетіп, жоғарыдан көріне берсін.K/
41. Аудандық семинар. «Мұғалімнің кәсіби шеберлігі — білім сапасының негізі» атты аудандық семинар өтті.Мақсаты: оқушылардың білім сапасын арттыру, пән мұғалімдерінің ізденіс шеберлігін арттыруға әдістемелік көмек. Семинарда өткізілген ашық сабақтар: 1. Биология пәні мұғалімі А.Өтегенова 9-сыныпқа Жатырішілік дамыту. Ұрықтық дамудың алғашқы кезеңдері. 2.Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Омарова 11-сыныпқа Қ.Мырзалиев «Қызыл кітап». 3. Математика пәнінің мұғалімі Г.Көпесова 8-сыныпқа «Рационал теңсіздіктер. Интервалдар әдісі». 4. Тарих пәні мұғалімі Г.Беркімбай 7-сыныпқа Ш.Уәлиханов-алғашқы қазақ ғалымы. 5. Психолог Д.Базарбай 10-сыныпқа «Ең маңызды таңдау».
42. Бастауыш апталығы аясында 3-сынып оқушылары арасында “Ойлы бала озар” интелектуалдық ойыны өтті. Сайыстың мақсаты ойын арқылы оқушылардың білімін арттыру, ұйымшылдыққа,ынтымақтастықпен бірге жұмыс жасауға үйрету, қазіргі заманның басты талабы білім мен кеңдүниетанымдық екенін насихаттау. Ойын екі топ арасында өтті. Әр түрлі пәндерден қызықты сұрақтар қойылып, балалар белсене қатысты. Нәтижесінде көп ұпай жинаған “Озаттар” тобы жеңіске жетті.
43. Бастауыш сынып мұғалімі тек білім беруші ғана емес, оқушының тұлғалық дамуна да әсер ететін жан. Білімнің алғашқы шамшырақтары.🖍️Бастауыш мұғалімдері:1. Педагог-сарапшы Бекеш Бибігүл Ерсайынқызы2. Педагог-сарапшы Оразова Тамара Избергеновна3. Педагог-Аралбаева Галия Жылкыбековна4. Педагог-Айдарбаева Әдемі Бердіханқызы🖍️Мектепалды даярлық тобы мұғалімі:1. Педагог-модератор Накишова Куланда Туребаевна.
44. Биология пәні мұғалімі А.Өтегенованың сыныптан тыс өткізген шарасынан. Шараның аты: Биология әлемінде, 9 сынып оқушыларының қатысуымен өтті. Мақсаты: оқушылардың биология пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа, жүйрік ойлануға, биология терминдерін жатқа білуге үйрету. Шара барысында оқушылар жақсы, белсенді қатысты.
45. Даярлық сыныбына “Қысқы табиғат” ашық сабағы өтті. Пән мұғалімі К.Накишова
46. Жаратылыстану апталығына ат салысып, жоғары белсенділік танытқан, барлық іс-шараларға белсенді түрде қатысқан және ұйымдастырушылық жұмыстармен айналысқан окушыларды мақтау қағаздармен марапаттады.
47. Жаратылыстану пәндер бірлестігі. Бірге жиналу-бұл бастама,Бірге болу-бұл ілгерілеу,Бірге жұмыс-бұл жетістік.«Жаратылыстану әлемінде» апталығының салтанатты жабылуы өтті. Ұстаздар арасында ән айтылып, логикалық сұраққа жауап беріп, қызықты ойындар ойнатылды.Апталыққа ат салысып, жоғары белсенділік танытқан барлық ұстаздарға әдістемелік бірлестік мүшелері алғыс айтып, шығармашылық табыс тіледі.
48. Жаратылыстану-математика бірлестігінің қаңтар айының 27 мен 31 жұлдызында өтеді.
49. Жаратылытану апталығы аясындағы оқушылардың білім, біліктілігін арттырып, шапшаңдық пен алғырлыққа үйрету мақсатында өткізілген “Қол боста” химиялық логикалық ойындары. Өткізген химия пәні мұғалімі Ж.Ескалиева.
50. Қарашаның 21 күні екінші ұзақ қоңырауда апталықтың жабылуы өтті. Апталықтың жабылуында шараларға, сайыстарға қатысқан оқушылар марапатталды. Жабылу салтанатында 2-сынып оқушылары А.Құнанбаевтың 180 жылдығына орай өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтты. Жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруде апталықта сабақ өткізгені үшін МАД тобының тәрбиешісі мен бастауыш сынып мұғалімдеріде марапатталды. Жабылуы соңында 1-сынып оқушылар “Оқып-біліп үйренеміз “ әнімен аяқтады. Бірлестік мұшелеріне толағай табыс, шығармашылық шабыт, ізденіс, күш-жігер, денсаулық тіленді.
51. Қоғамдық- гуманитарлық пәндер бірлестігі апталығының аясында мектеп мұғалімдері мен жоғары сынып оқушылары арасында “Еркін елдің білім бәйгесі» атты интеллектуалды QUIZ -ойыны өтті. Шараны өткізген тарих пәеі мұғалімі, педагог-зерттеуші Беркімбай Гүлшат. Мақсаты: Оқушылар мен мұғалімдердің білімін шыңдау, ұжымдық ынтымақтастықты қалыптастыру, азаматтық ұстаным, отаншылдық құндылықтарды дамыту, интеллектуалды мәдениетті көтеру. Ойынға 4 команда қатысты. Барлық қатысушылар сайысқа белсенділікпен қатысып, сайыс соңында “Бірлік” командасы жеңімпаз атанды. Барлық қатысушылар марапатталды.
52. Қоғамдық-гуманитарлық пәндер апталығы аясында 9-сыныпқа ағылшын тілінен “Reported Speech: Tenses Change” тақырыбында ашық сабақ өтті. Оқушылар тікелей және жанама сөйлету ережелерін практикада қолданып, түрлі жаттығулар арқылы білімдерін шыңдап, тілдік дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді. Пән мұғалімі: Таганиязова Дана.
53. Қоғамдық-гуманитарлық пәндер апталығы аясында қазақ тілінен 7-сыныпқа “Күй — халқымыздың рухани құндылығы. “Қалау рай” тақырыбында ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі: Жанар Досмағанбетова.
54. Қоғамдық-гуманитарлық пәндер апталығы аясында қоңырау уақытында қызықты зияткерлік шара ұйымдастырылды.Оқушылар сөзжұмбақ шешіп, ағылшын тілі пәніне байланысты сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін тексеріп көрді. Бұл іс-шара балалардың ойлау қабілетін, жылдам жауап беру дағдыларын дамытып, ағылшын тілі пәніне деген қызығушылықтарын арттырды. Белсенді қатысқан барлық оқушыларға үлкен алғыс! 🌟📚
55. Қоңырау кезінде оқушыларға математика, информатика, физика, биология, география пәндерінен сұрақтар таратылды. 7-11 сынып оқушылары белсене қатысты.
56. Құрметті ата-аналар, оқушылар және ұстаздар 03.02.2025 ж. күні мектебімізде “Сапалы білім-саналы шәкірт” тақырыбында Сапалы оқу айлығының ашылғандығын хабарлаймыз.Бір ай бойы мектебімізде өткен шараларға белсене ат салысқан оқушылар мен сабақтарға көп қатысқан ата-аналар төмендегідей номинация бойынша марапатталады:1) Сабақтан кешікпеген сынып;2) Үздік оқушы (1ай бойы пәндерден 5 алған оқушы);3) Белсенді ата-ана (сабаққа көп қатысқан ата-ана);4) Ұйымшыл сынып ( ата-ананы сабаққа көп қатыстырған сынып);5) Үлгілі сынып (пәндер бойынша 3-тік бағасы жоқ, тек 4 пен 5 алған сынып)
57. Мектебізде «Сапалы білім-саналы шәкірт» сапалы оқу айлығының аясында «Жас маман, алға бас қадам» атты тәлімгерлік сағаты өтті.Іс-шараның мақсаты:-Жас маманның кәсіби дағдыларын жетілдіру;-Оқыту әдістерін меңгерту және тәжірибе алмасу;-Педагогикалық қиындықтарды шешу жолдарын қарастыру.Өткізген тәлімгер, педагог-зерттеуші Беркімбай Г. К.
58. Мектебімізде 17–21 қараша аралығында “Бастауыш білімнің қайнар бұлағы” атты бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік апталығы өтіп жатыр. Апталық барысында ашық сабақтар, танымдық іс-шаралар мен тәжірибе алмасу алаңдары ұйымдастырылып, ұстаздар шығармашылық пен кәсіби шеберлікті танытуда.
59. Мектебімізде 5-7 сынып оқушыларына арналған «Ойлы болсаң, озып көр!» тақырыбында зияткерлік сайысы өтті. Мақсаты оқушылардың алған білімдерін тексере отырып, ақыл-ой өрісін жан-жақты дамыту. Оқушылардың әрбір пән бойынша алған білімдерін тиянақтау, шапшаңдыққа жинақтылыққа тәрбиелеу, ақыл – ойын дамыту.
60. Мектебімізде 7-сынып оқушылары арасында “Жүзден жүйрік”математикалық сайысы өткізілді. Сынып 2 топқа бөлінді.Қыран тобы мен Жалын тобы.Жарыс нәтижесі Қыран тобы жеңіске жетті.
61. Мектептің аттестациядан өтуіне байланысты 21 қазан күні компьютер арқылы 4 және 9-сынып оқушыларынан тест сынағы алынды.
62. Мұғалімдер арасында «Lesson Study» коучинг өткізілді. Lesson Study мақсаты: Бірыңғай тақырыптарға назар салып, оқыту дағдыларын дамыту және тарау бойынша жүйеленген сабақтар өткізіп, оқушылар деңгейіне байланысты зерттеу, оқушыны жетістікке жеткізу. Коучинг «Психологиялық ахуал» тудырумен басталды. Мұғалімдер үш топқа бөле отырып, материалды таратып, тапсырмалар орындады.
63. О.Бөкейдің «Атау-Кере» повесі аясында 11-сынып оқушыларымен өткізілген «Өмір керемет!» танымдық шара. Өткізген: Педагог-зерттеуші А.Ж.Омарова.
64. Сапалы оқу айлығы. “Шығармашылық шеберханасы” атты сурет салу, қолөнер байқауы 7-8 сыныптар арасында өтті. Ата-аналар мен оқушылар белсене атсалысты. Өткізген технология пәні мұғалімі А.Оркашбаева.
65. Сапалы оқу аясында 5,6 сыныптар арасында “Математика — ғылымдар патшасы” атты математикалық сайыс өткізілді. Сайысқа оқушылар белсене қатысты.Пән мұғалімі:Көпесова Гүлдана Азатқызы.
66. Тәжірибе алаңы және интелектуалды ойын, 9-10-11 сынып оқушылар арасында ұйымдастырылды.Мақсаты:1. Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету.2. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру.3. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге үйрету.Сайыс барысында оқушылар жақсы қатысты. Өткізгендер: Ж.Ескалиева, Б.Тулепова, А.Өтегенова, Г.Көпесова
67. Үзіліс кезіндегі танымдық ойын
68. Ұзақ қоңырауда өткізілген ағылшын тілінен “Long Break Word Challenge“ шарасы өтті. Оқушылар шашылған әріптер арқылы жаңа сөздер құрап, тіл байлығын арттырып, бір-бірімен жарыса отырып тамаша көңіл күй сыйлады.
69. Эстетикалық пәндер апталығы аясында өткізілген үлкен үзіліс кезіндегі “Ою-өрнек әлемі”, өз ойларымен оюлар дайындау сәтінен
70. Эстетикалық пәндердің ұстаздары “Әлқисса” күйін орындаса, 4-сынып оқушылары музыкалық сәлемдеме жолдады.
71. 📚 “Ертегілер еліне саяхат” ✨18-қараша күні мектеп кітапханасында ерекше танымдық іс-шара өтті. МАД тобының тәрбиешісі Накишова Куланда ұйымдастырған бұл саяхатқа МАД тобының тәрбиеленушілері мен 1–2 сынып оқушылары қатысты.Балалар ертегілерден үзінді тыңдап, қай ертегі екенін табу арқылы өз білімдерін сынап, қызықты сұрақтарға жауап берді.Іс-шара барысында оқушылардың ертегілерге деген қызығушылығы арта түсті. Әсіресе МАД тобының балалары жақсы дайындықпен келіп, белсенділік танытты.
72. 📚20 қараша күні «Кері байланыс – сапалы білімнің кілті» атты мектепішілік семинар өтті.Семинар барысында мұғалімдер өздері қатысқан курстар мен пәндік семинарлардан алған тәжірибелерімен бөлісіп, ЖИ (жасанды интеллект) құралдарын сабақта тиімді пайдаланудың жолдары таныстырылып, мұғалімдерге оны қолдану үйретілді. Сабақ пен тәрбие сағаттарына қолдануға болатын тиімді әдістерді талқылады.✨ Семинар ортасында ұйымдастырылған тренинг ұстаздарға серпіліс сыйлап, жағымды атмосфера қалыптастырды.💬 Соңында қатысушылар өз әсерлерін ортаға салып, бір-бірімен пайдалы ой алмасты.
Дефектолог
>
1. “Баланың сөйлеу дағдыларының дамуымен байланысты проблемалар” тақырыбында ата — аналарға арналған шебер сынып өткізілді.Мақсаты: арнайы педагогтің кәсіби қызметінде, жеке бағытталған, тұлғалық, іс-әрекеттік әдіснаманы жүйелі қолдану арқылы оқушылардың таным, ойлау, есте сақтау, зейін және қиял секілді психикалық үрдістерін кешенді дамыту.
2. Арнайы педагог сабақ кестесі
3. Арнайы педагогтың жылдық жоспары2025-2026 оқу жылы
4. Дефектологтан көмек алатын оқушылар
5. Дефектологтың 2024-2025 оқу жылына арналған жылдық жоспары
6. Дефектологтың жарты жылдық есебі
Кәсіптік бағдар беру
>
1. “Жарқын болашақ”бағдарламасы таныстырылды.Сәуір айының 22-і күні, 9-11сынып оқушыларына арналған “Жарқын болашақ”бағдарламасы таныстырылды.Шараға кәсіптік бағдар беруші педагог пен психолог және мұғалімдер қатысты.
2. «Мың мамандық бәрі бар, таңдап, талғап бірін ал»тақырыбында танымдық шара өтті. Оқушылар түрлі мамандықтармен танысып, өз қабілеті мен қызығушылығына сай бағыт таңдау туралы мағыналы мәлімет алды. Шара барысында презентация көрсетіліп, сұрақ-жауап, талқылау жұмыстары,постер қорғалды. Осындай іс-шаралар өскелең ұрпақтың болашақ мамандығын саналы таңдауға, мақсат қоя білуіне және өз арманына дұрыс бағытпен қадам жасауына ықпал етеді. Болашақ – бүгіннен басталады! ✨Кәсіптік бағдар беруші педагог Изтилеуова Нургул Куанбекқызы.
3. 5 қараша күні Ақшұқыр мектеп-гимназиясының кәсіптік оқыту жөніндегі орвнбасары, Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының Маңғыстау бойынша өкілі Сисенбаев Әбілхайырдың қатысуымен аудандық “Мамандық таңдау болашаққа бастар қадам” тақырыбында 11-сынып оқушылары мен ата-аналарына арналған түсіндірме, кеңес жұмысы өтті.
4. Кәсіби бағдар берушінің 2024-2025 оқу жылына арналған жылдық жоспары
5. Кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша педагог-кәсіби бағдар берушінің 2025-2026 оқу жылына арналған жылдық жоспары
6. Кәсіптік бағдар беруші — Н.Изтилеуова және педагог — психолог Д.Базарбай 8-сынып оқушыларына мамандыққа бейімдеу бойынша түсінік жүргізді.Оқушылардан социометрия, темперамент типін анықтау сауалнамалары алынды. Мамандыққа бейімдеу бойынша техника жүргізілді.
7. Кәсіптік бағдар бойынша 3-4сыныптарға “Кім болғың келеді”тақырыбында тренинг жүргізілді.Мақсат: оқушылардың болашақта,өз мамандығын таңдай алуға дұрыс бағдар беру.
Кітапхана
>
1. Білім алушылардың көктемгі демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында оқушылар мектепке келіп “Көктем келбеті” тақырыбында салған суреттерін қысқаша баяндап берді.
2. “Балалар кітапханасы- жобасы аясында, мектеп кітапханасында кітапханасында 16 — желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай “ Тәуелсіздік шежіресі” атты кітап көрмесі,””Елімнің еркіндігі -Тәуелсіздік” мәнерлеп оқу ұйымдастырылды.Шараның мақсаты — оқушыларға Тәуелсіз Қазақстанның тарихын,елдік пен еркіндіктің маңызын түсіндіру,отансүйгіштікке тәрбиелеу. Ұйымдастырушылар кітапханашы А.Болеева және ДТЖО Ж.Тлепова.
3. “Балалар кітапханасы”жобасы аясында мектебіміздегі кітапхана ахуалы мен көркем әдебиеттерге деген оқушылар мен ұстаздардың қызығушылығын арттыру, оқырмандарды машықтандыру, тәрбиелеу, кітаптарға қызықтыра білуге үйрету, ұлттық тәрбиеге баулу мақсатында «20 минут кітап оқу» атты іс-шара ұйымдастырылды. Жоғары сынып,бастауыш сынып оқушылары кітапханаға келіп кітап оқыды. Шараның мақсаты — үзіліс уақытын тиімді пайдалану мақсатында әртүрлі ертегі мен аңыз әңгімелер , өлеңдер оқып, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.
4. “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында, “Оқуға құштар мектеп” жобасы бойынша қазақ классигі, драматург Бейімбет Майлиннің туғанына 130 жыл толуына орай оқушыларға арналған “Шұғаның белгісі” шығармасы бойынша оқырман конференциясы өтті. Оқушылар сол замандағы қыз тағдыры мен қоғамның қазіргі заманнан айырмашылықтарын айтып, ойларымен бөлісті.
5. “Көктемгі демалыс”. “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында білім алушылар көктемгі демалыс уақытында кітапханаға келіп кітаптар қорымен танысты.
6. “Менің сүйікті кітабым — Абай шығармалары” республикалық челленджі ұйымдастырылды.Мақсаты: Абай атамыздың өз дәуірінде айтып кеткен аталы сөздерінің әлі күнге дейін өз өмірімізге қажеттілігін ұғындыруға, білім алушылардың кітап оқуға қызығушылығын , оқу сауаттылығын арттыруға бағытталған шара.
7. “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында оқушылар сабақтан тыс уақытта мектеп кітапханасына келіп, Ілияс Жансүгіровтың өлең шуамақтарын дауыстап оқыды.
8. “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында оқушылардың қысқы каникул кезінде бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында мектеп кітапханасына келіп кітап оқып, үйлерінен салған қыс мезгілінің суреттерімен бөлісіп, баяндап берді.
9. ⚜️1 қазан — Қарттар күні⚜️
10. 2-сынып оқушысы Исабек Ақжол қысқы каникулда оқыған “Арыстан мен тышқан” атты ертегісімен бөлісті. Оқушылар ертегіні тыңдап түйген ойымен бөлісті.
11. 23 сәуір — “Дүниежүзілік кітап күні”. Дүниежүзілік кітап күніне орай 15 минуттық үзіліс уақытында білім алушылар мен мұғалімдер кітап оқып, бос уақыттарын тиімді өткізді.
12. Білім алушылар бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында өздерінің оқыған кітаптарымен бөлісті.
13. Жүр, досым, кітапханаға! Сиқырлы әлемдерге саяхат жасап, қызықты хикаялармен танысайық! Білімнің кілті — кітапта! Жаңа білім алып, ой-өрісімізді кеңейтейік! Кітап оқу-ең керемет әдет!
14. Кітап қорын түгендеу есебі
15. Кітапхана есебі
16. Кітапхананың 2024-2025 оқу жылына арналған жылдық жоспары
17. Кітапхананың 2025-2026 оқу жылындағы жылдық жоспар
18. Күзгі каникул кезінде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес «Кітаппен өткізген демалыс күнім қызықты» тақырыбында 5,7,9 сынып оқушылары мектеп кітапханасында қызықты кітаптар оқыды. Кітап оқу мақсаты : Балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып , ой-өрістерін дамыту.
19. Күзгі каникул кезінде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес «Мен оқыған бір ертегі » марафонына 3-сынып оқушысы Мейірхан Ақбөпе «Торғай мен тышқан» ертегісін оқып айтып берді.Бұл шараның мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.
20. Күзгі каникул кезінде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру іс-шаралар жоспарына сәйкес “Кітаппен өткен демалыс күнім қызықты” атты тақырыбы бойынша 8- сынып оқушыларын сынып жетекшісі Канжанова А. аудандық кітапханаға апарды. Кітапханадан ең алғашқы Қызылөзен ауылы кітапханасының кітапханашысы Дихан Ковалиннің көрмесімен және ол туралы білмейтін ақпараттармен танысып келді.
21. Оқушылардың оқулықтармен қамтылуы
22. Сапалы оқу айлығы. «Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында, “Шын жүректен кітап сыйла” челленджі өтті. Оқушылар мен мұғалімдер мектеп кітапханасына кітап сыйлады.
23. Сапалы оқу айлығы. Мектеп кітапханасында оқушыларға арналған “Book taste” кітап кафесі өткізілді. Оқушылар әдеби танымдық ойындар арқылы ақын-жазушылардың шығармаларымен танысып, оқыған кітаптарымен ой бөлісті.
Логопед
>
1. 2024-2025 оқу жылында логопедке келетін оқушылар тізімі
2. Логопедтің 2024-2025 оқу жылындағы жылдық жоспары
3. Педагог-логопедтің жұмыс уақытының циклограммасы
Психолог
>
1. “10-Қазан Психикалық денсаулық күніне” орай оқушыларға “Менің күйім-денсаулығымның кепілі” атты ашық есік күні өткізілді.Мақсаты: оқушылардың психикалық денсаулығының сау болуына көмек беру. Оқушылардың мазасыздық, стресстік жағдайлардан тиімді жолмен өтуіне жаттығулар, әдіс-тәсілдер арқылы көмек беру.
2. «Мамандық таңдаудың маңызы!» тақырыбында 10, 11-сынып оқушыларына психологиялық тренинг жұмысы жүргізілді.🧑🏫 Мақсаты:Оқушыларға мамандық таңдаудың маңыздылығын түсіндіру;Өзін-өзі тануға және қабілеттерін анықтауға көмектесу;Жеке қызығушылықтары мен болашақ кәсіби бағыттарын сәйкестендіру;Мотивацияны арттыру және мақсат қоюға ұмтылдыру.Мамандық таңдау — өмірдегі ең маңызды шешімдердің бірі. Ол сіздің болашағыңыздың бағытын анықтайды.
3. 4.12.2025 күні “Кәсіби күйіп кетудің алдын алу” тақырыбында мектеп ұжымына психологиялық тренинг өткізілді.Кәсіби күйіп кету (выгорание) — адамның жұмыстан қатты шаршап, мотивациясы жоғалып, эмоциясы таусылып қалатын жағдайы. Бұл бір күнде болмайды, біртіндеп жиналған стресс салдарынан пайда болады.Тренингте кәсіби күйіп кетудің алдын алуға арналған тыныс алу жаттығулары, денедегі қысымды шығару жаттығулары, жағымсыз эмоцияны тиімді жолмен шығару тәсілдері көрсетілді.
4. 5-сынып оқушыларының орта буынға бейімделуіне орай сыныппен тренинг жұмысы жүргізілді.🎯 Мақсаты:1. 5-сынып оқушыларының жаңа ортаға бейімделуіне көмек көрсету;2. Жаңа пәндер мен мұғалімдерге, жаңа ережелерге бейімделу дағдыларын қалыптастыру;3. Өзара қарым-қатынасты дамыту, сыныпта жайлы психологиялық климат орнату.
5. Ата-аналарды педагогикалық қолдау. 5-9 сынып ата-аналарына жасөспірімдердің есте сақтауы, интеллектуалды дамуы, дұрыс тамақтану, ұйықы режимі жөнінде пайдалы ақпараттар берілді.
6. Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу мақсатында “Өмірге “Иә” деп айт!“ психологиялық онкүндігінің ашылуы өтті. 2-10 сынып оқушылары қатысты.
7. Психолог жылдық жоспар 2025-2026 оқу жылы
8. Психологтың 2024-2025 оқу жылына арналған жылдық жоспар
9. Ұжымның психологиялық климаты” — тақырыбында муғалімдермен тренинг өтті.🌈Ұжымның психологиялық климаты- бұл адамдардың бірлескен іс-әрекеті барысында қалыптасқан эмоционалды -психологиялық жағдай, қарым-қатынастың сапасы мен өзара түсіністіктің деңгейі. Ол ұжымдағы әрбір адамның көңіл-күйіне, жұмысқа деген ынтасына және жалпы еңбек өнімділігіне әсер етеді. Осы тұста эмоционалды интеллектті білу, оны қолдану өте маңызды.🌈Эмоционалды интеллект — бұл өз эмоцияларыңды тану, түсіну, басқару және өзге адамдардың эмоцияларын сезініп, дұрыс әрекет ете білу қабілеті.🌈Позитивті ойлау — бұл өмірге, адамдарға, оқиғаларға жақсы жағынан қарау қабілеті. Яғни қиындықтың өзінен мүмкіндік көру, сәтсіздіктен сабақ алу, болашаққа сеніммен қарау.🌈Позитивті ойлаудың пайдасы:💎ынталану деңгейінің артуы💎қарым-қатынастың жақсаруы💎қиындықтардан оңай өту💎өз мақсаттарына жету💎күйзелісті жағдайларға төзімділіктің артуы💎өзін өзі бақылау және дұрыс өзін өзі бағалауды дамыту.
Сабақ кестесі
>
1. Сабақ кестесі 2024-2025 оқу жылы
2. Сабақ кестесі 2025-2026 оқу жылы
Байланыс
Біздің мектеп
Ардагер ұстаздар
>
1. Ардагер ұстаз
2. Зейнкеткер ұстаздар
3. Мектеп сынып туралы ақпарат
Даму жоспары
>
1. 2024-2028 оқу жылына арналған даму жоспары
2. Даму жоспары
3. Мектеп сынып туралы ақпарат
Зұлқарнай Оспанұлы Баймырзаев
>
1. Зұлқарнай Оспанұлы Баймырзаев
2. Мектеп сынып туралы ақпарат
Материалдық база
>
1. Ақпараттық технологиямен жабдықталуы
2. Кабинет
3. Мектеп сынып туралы ақпарат
4. Мектептің материалдық базасы
Мектеп әкімшілігі
>
1. Әкімшілік құрам 2025-2026 оқу жылы
2. Мектеп әкімшілігі
3. Мектеп сынып туралы ақпарат
Мектеп директоры
>
1. Мектеп директорының у.м.а Кушекова Айым Базаровна
2. Мектеп сынып туралы ақпарат
Мектеп ұжымы
>
1. Мектеп сынып туралы ақпарат
2. Мектеп ұжымы
3. Мектеп ұжымы 2025-2026 оқу жылы
Мектеп шежіресі
>
1. Мектеп сынып туралы ақпарат
2. Мектеп шежіресі
Мұғалімдер
>
1. Мектеп сынып туралы ақпарат
2. Мұғалімдер
3. Ұстаздар 2025-2026 оқу жылы
Оқушылар
>
1. 1-4 сынып оқушылары арасында өткен Республикалық “Мың бала” пәндік олимпиадасы ұйымдастырылды. Оқушылар олимпиадаға қатысып, І, ІІ, ІІІ орындарға ие болды.
2. 16 желтоқсан-Тәуелсіздік күні, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай өткізілген “Ұлы елдің-ұланымын” атты әскери-спорттық сайыста мектеп оқушылары ІІІ орын алды. Жетекшісі: АӘТД мұғалімі Н.К.Балгабаев.
3. 21 қараша күні Сайын Шапағатов мектеп-гимназиясында 4-сынып оқушыларына арналған “ЗЕРДЕЛІ ҰРПАҚ” математикалық олимпиадасының аудандық кезеңі өтті.Блиц-турнир түрінде өткізілген байқауға 10 команда қатысты. Байқау қорытындысы бойынша 4-сынып оқушылары ІІІ орын иеленді.
4. 25 қазан – Республика күніне орай мектебімізде «Менің Отаным –Қазақстан» тақырыбында шығармашылық эссе байқауы өткізілді. Байқауға 6-сынып оқушылары белсенді қатысты.
5. 25 қазан – Республика күніне орай мектебімізде бастауыш сынып оқушылары арасында «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында сурет салу байқауы өткізілді.
6. 5-11 сынып оқушылары *Аудандық пәндік олимпиадаға* қатысты. Оқушыларымыз олимпиададан жүлделі орындарды иеленді. Сонымен қатар, 2-7сыныптарға арналған «Зерде» ғылыми жұмысының жүлдегерлері және «Ақберен» байқауының жүлдегерлері.
7. 8-11 сынып оқушылары арасында өткен республикалық “Махамбет оқулары” және “Ақберен”өнер байқауының аудандық кезеңдерінен оқушыларымыз жүлдегер атанды.🔹”Ел құтқарар ер едім…”-номинациясы бойынша 9-сынып оқушысы Мейірхан Асланбек;🔹”Ұлы арман”-Махамбет шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу бағыты бойынша 8-сынып оқушысы Айдарбай Арай;🔹”Көркем сөз оқулары” номинациясы бойынша 9-сынып оқушысы Мейірхан Асланбек, “Шешендік, білгірлік” номинциясы бойынша;9-сынып оқушысы Еңсеген Сағуда III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.Құттықтаймыз!
8. Ақтау қаласында өткізілген дзюдодан 2015-2016,2017-2018 ж.т. кіші жасөспірімдер арасында “KASPI JUDO TOU” ашық турнирінен 27 кг салмақта 3 орын иеленген 2-сынып оқушысы Исабек Ақжол.
9. Білім алушылар арасында “Экология-ел тағдыры” облыстық дебатының аудандық кезеңінде 9-сынып оқушылары Куанша Жасмин, Онбаева Мөлдір ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталады.
10. Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында “Мағжан оқулары” республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсының аудандық кезеңі өтті. Конкурсқа “Жасынан оқу оқып, өнер қуған …” ғылыми жоба жұмысы номинациясы бойынша 10-сынып оқушысы Қайырбай Динара — ІІ орын иеленді, жетекшісі Омарова Айгүл. “Өлең- менің Шолпаным, Айым, Күнім” — Мағжан шығармаларын жатқа оқу номинациясы бойынша 8-сынып оқушысы Мейірхан Асланбек — ІІ орын иеленді, жетекшісі Жанар Досмағанбетова.
11. Мектеп сынып туралы ақпарат
12. Оқушылар
13. Оқушылар жетістігі
14. Оқушыларды білімді, жан — жақты болуға баулу. Білуге, үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Көшбасшылық қабілеттерін ояту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.9-11 сыныптар арасында “XXI ғасыр көшбасшысы” мектепшілік зияткерлік сайыс өтті. Сайыстың мақсаты оқушыларды білімді, жан — жақты болуға баулу. Білуге, үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Көшбасшылық қабілеттерін ояту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу. XXI ғасыр көшбасшысы 10-сынып оқушысы Бисен Бекжан атанып I орынға ие болды. 11-сынып оқушысы Төлеген Бекмұрат II орын, 9-сынып оқушысы Еңсеген Сағуда III орынға ие болды.
Тамақтану
Ас мәзірі
>
1. «Ас мәзірі 2025 — 2026 оқу жылы
2. Ақпан айы
3. Ас мәзірі 2024 — 2025 оқу жылы
4. Желтоқсан айы
5. Қазан айы
6. Қаңтар айы
7. Қараша айы
8. Қыркүйек айы
9. Мамыр айы
10. Наурыз айы
11. Сәуір айы
12. Ыстық тамақ ішетін оқушылар тізімі
Асхана
>
1. Мектеп асханасы
2. Ыстық тамақ ішетін оқушылар тізімі
Бракераждық комиссия
>
1. “Өнегелі 15 минут” жобасы аясында 7-сынып ата-анасының қатысуымен “Ас адамның арқауы” тақырыбында оқушыларға маңызды өмірлік дағдыларды үйретіп, азық-түлік таңдауда пайдалы кеңестер беріп, салауатты-өмір салтын ұстануды ұсынды.
2. «Бракераждық комиссия жұмысы»«З.О.Баймырзаев атындағы ЖББМ» КММ 8-ші мамыр күні бракераждық комиссия құрамы мектеп асханасының тамақтану режимінің сақталуы, асхана мен қойманың тазалығы, азық-түліктердің сақталуына тексеру жүргізілді.
3. «Бракераждық комиссия жұмысы»«З.О.Баймырзаев атындағы ЖББМ» КММ 8-ші мамыр күні бракераждық комиссия құрамы мектеп асханасының тамақтану режимінің сақталуы, асхана мен қойманың тазалығы, азық-түліктердің сақталуына тексеру жүргізілді.
4. ⚜️Мектептегі ыстық тамақ⚜️
5. 16.01.2025 жыл «З.О.Баймырзаев атындағы ЖББМ» КММ-нің мектеп асханасының тамақтандыру сапасын бағалау мақсатында мектеп әкімшілігі тарапынан құрылған бракераж комиссия мүшелері күнделікті тамақтың сапасын, жарамдылық мерзімін тексерді. Тексеру барысында мектеп асханасының санитариялық жағдайы, асхананың жалпы тазалығы, ыдыс-аяқтардың тазалығы, азық-түліктің сақталуы мен тұтұну мерзімі талапқа сай.
6. 2025 жылдың қазан айында мектебімізде дәстүрлі мектепішілік жәрмеңке өтті. Оқушылар өз қолдарымен әзірлеген тәтті тағамдар мен қолөнер бұйымдарын ұсынып, ерекше белсенділік танытты.Бұл шараның басты мақсаты –♡ балалардың жүрегіне мейірімділік ұялату♡ қайырымдылық пен бөлісу қасиеттерін қалыптастыру♡ әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларға қолдау көрсету♡ кішіпейілділікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу.
7. 2025-2026 оқу жылына арналған перспективалық төрт апталық маусымдық ас мәзірі
8. 22 сәуірде мектеп асханасына брокераж жүргізілді. Оқушылардың тамақтану кестесіне сәйкес уақытылы тамақтануы және күнделікті берілетін тамақтың сапасы, құрамы, температурасы қалыпты. Сонымен қатар, асхананың жалпы тазалығы, қол жуатын орны талапқа сай. Тағамдарды дұрыс сақтауға арналған тоңазытқыш камералар бар, мұнда әр тағам түрі жеке сақталады. Олардың бар болуы тағам өнімдерінің сапасын тікелей дайындағанға дейін сақтауға жағдай жасайды. Тамақтану блогы жұмыскерлерінің арнайы киімдерін киюі міндетті болып табылады. Бұл қажетті санитарлық — гигиеналық нормаларды сақтауға мүмкіндік береді. Бекітілген ас мәзірі бойынша дайын ас көлемінің азықтардың дұрыс салынуы мен дайын ас шағымы өз деңгейінде. Мектеп асханасының санитариялық жағдайы, асхананың жалпы тазалығы, ыдыс-аяқтардың тазалығы, азық-түліктің сақталуы мен тұтұну мерзімі талапқа сай. Аспазшылардың арнайы киімдері санитарлық талапқа сай және медициналық тексеруден уақытылы өткізілген.
9. IV тоқсан басында мектебіміздің әлеуметтік педагогы Ж.Тлепова , мектеп асханасының тәртібі жөнінде қысқаша мәлімет беріп өтті. «Денсаулыққа пайдалы дәрумендер» туралы айтып, фас-фуд тамақтарын тұтынудың зияны туралы түсінік берді.
10. Әлеуметтік әмиян туралы түсінік жұмыстарын , мектебіміздің әлеуметтік педагогы : Ж.Тлепова жүргізді . Әлеуметтік әмиян арқылы әлеуметтік көмектер мен төлемдерді басқару және пайдалану үшін арнайы әзірленген электронды платформа.
11. Бракераждық комиссия
12. Мектебімізде қоғамдық тамақтану обьектілеріне қойылатын санитарлық талаптарға сәйкес, жоспарлы бракеражды комиссия мүшелері 12 қыркүйек күні қамқоршылық кеңесінің төрағасы Балгабаев Нагамадин Көлбайұлы мүшелігімен және ауылымыздың азаматы Түпқараған аудандық мәслихатының қоғамдық мүшесі Бақтыбаев Ержан Сағындықұлы мектеп асханасына тамақтану сапасна мониторинг жүргізді. Күнделікті ас-мәзірін әлеуметтік педагог Ж.Тлепова және мектеп медбикесі М. Изимбергенова тексеріп отырғандығын мәлімдеді.
13. Мектеп асханасынан ыстық тамақпен қамтылатын оқушыларға мектебіміздің мейірбекесі М.Изимбергенова және әлеуметтік педагог Ж.Тлепова дұрыс тамақтану туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Түсіндірме жұмыс барысында фас-фуд тамақтары мен зиянды сусындардың зиян екенін айтып өтті. Дәрумендер мен көкөністер пайдалы екенін айтты.
14. Мектеп асханасында қалай дұрыс тамақтанамыз?Біздің бейне-роликте асхана этикасы, дұрыс тамақтану ережелері көрсетілген.Мектеп ережесін сақтайық!
15. Мектеп мейірбекесі М.Изимбергенова және әлеуметтік педагог Ж.Тлепова оқушылар мен асханадағы тәртіп пен дұрыс тамақтану мәдениеті жайлы түсіндірме жұмыстарын әр тоқсан сайын жүргізіледі.«Тамақтану режимі» «Денсаулыққа пайдалы дәрумендер» турылы айтылып өтті. Денсаулығыңызға бей-жай қарағыңыз келмей ме, тамақтану кестесін белгілеуден бастаңыз. Тәулігіне бір — екі рет қана тамақтану дұрыс емес. Белгілі мөлшерде үш немесе төрт рет тамақтану керек. Тамақтың құнарлы болғанына көңіл бөліңіз. Себебі, адам ағзасы дұрыс қабылдайтын, оны асқазан еш қиындықсыз қорытатын тағам түрлері, яғни белок, майлар, витаминдер, минералды заттарға бай болуы шарт. Тәуліктік ас мәзірінің әртүрлі болуы керек. Тамақтану кезінде адам өзінің ас қабылдау қабілеті, көңіл — күйіне баса назар аударғаны жөн.
16. Сәуір айының 2-сі күні мектебімізде бракераждық комиссия құрамы, жоспарға сәйкес мектеп асханасының тазалығын, тағамдарды сақтайтын қоймалардың жәй-күйімен танысты.
17. Сәуір айының 3-і күні мектебіміздің асхана қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстарын әлеуметтік педагог Ж.Тлепова өткізді. Асханада тыйым салынған тағамдардың болмауы мен улану жағдайларының алдын алу мақсатында айтып өтті.
18. Тамақтану сапасын мерзімдік бағалау бракераж комиссиясын құру туралы 2025-2026 оқу жылы
19. Тамақтану сапасына мониторинг 2 желтоқсан күні мектеп асханасында тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиялардың (бракераждық комиссиялар) кезекті тексеру жұмыстары жүргізілді. Комиссия құрамында А.Кушекова мектеп директорының м.у.а, комиссия төрайымы, Т.Бозатова ата-аналар комитетінің төрайымы, қамқоршылық кеңесінің төрағасы Н.Балғабаев және мектеп медбикесі М.Ізімбергенова болды. Тексеріс барысында асхананың санитарлық жағдайы, тағамдардың сапасы мен қауіпсіздігі, дайын тамақтармен азық-түліктің сақталу талаптары, асхана қызметкерлерінің гигиеналық талаптарға сәйкестігі мен басқа да маңызды аспектілер тексерілді.
20. Ыстық тамақ ішетін оқушылар тізімі
Тәрбие
Жазғы лагерь
>
1. «Ақжелкен» этнолагерь демалыс алаңы
2. “Ақжелкен” жазғы сауықтыру этнолагері
3. “Ақжелкен” жазғы сауықтыру этнолагерінің 9 — күні🌟 Ағаш үй жанынан қазанға тағамдар пісірілді🌟 Балалар аулада сурет салып қызықты күндерін өткізді.
4. “Ақжелкен” жазғы этнолагерінің кезекті күні салт-дәстүрімізге бағышталды.
5. “Ақжелкен” жазғы этнолагерінің қатысушыларына мектеп кітапханашысы А.Бөлеева “Рәміздер күніне” арналған іс-шараларын өткізді.
6. “Ақжелкен” сауықтыру этнолагерінің кезекті жоспарына сәйкес мектебімізде “Ұлттық киім” және “Бұрымды қыз” тақырыптарында сайыс өткізілді.Әр топ ұлттық киім үлгілерінен сән көрсетті.
7. “Ақжелкен” этнолагерінің жайдарлы 4-күні.
8. “Ақжелкен” этнолагерінің көңілді өткен күнінен үзінді.
9. https://www.instagram.com/p/DKkMrjrN5xT/
10. Бүгінгі күн таңғы жаттығумен басталып, “Туған ел” әнін айтумен жалғасын тапты.
11. ✨Ақжелкен✨ жазғы этно лагері
12. ✨ТҰЛПАР✨ тобының қатысушыларынан қызықты бейне ролик
13. 🌟 “Ақжелкен” жазғы сауықтыру лагеріндегі қызықты сәттер!
14. 🌟АҚЖЕЛКЕН🌟 жазғы сауықтыру этнолагері
15. 💫АҚЖЕЛКЕН💫 жазғы этнолагерінің соңғы күні🌟 Лагерьдің соңғы күні қатысушыларды марапаттап, тәттілер таратылды.🌟 Естен кетпес, қызыққа толы лагерімізді қорытындылап, балаларды ауыл ішіндегі ескерткіштерге апарып қыдырттық.
Іс-шаралар
>
1. «Ананың аялы алақаны» челленджі9-сынып оқушыларының құттықтауы
2. «Қамқор жобасы» бойынша ”Birge — Taza Qazakqstan” экоакциясы аясында мектебіміздің оқушылары ағаштардың түбін қопсытып, айналасындағы қоқыстарын жинастырды.
3. «Ұлттық ойын-ұлт қазынасы » күнделікті ұзақ қоңырауда АӘД пәнінің мұғалімі мұғалімі Н.Балгабаев жоғары сынып оқушыларына спорттық ату, немесе қызметтік дайындық барысында қаруды дұрыс және заңды қолдану дағдыларын түсіндірді.Бастауыш сынып оқушыларға «Теңге алу » ойынын көрсетті. еңге алу — қазақтың ұлттық ат спорты ойындарының бірі. Бұл ойын ертеден келе жатқан, батылдықты, жылдамдықты, ат үстінде шапшаң қимылдау қабілетін талап ететін дәстүрлі сайыс түрі. Бұрын бұл ойында салт аттылар жерге тасталған күміс теңгені немесе орамалға түйілген сыйлықты іліп алып, өз ептілігін көрсеткен.
4. “1-Қазан қарттар күніне” орай, мектебімізде “Қарттарым-асыл қазынам” тақырыбында 6-сынып оқушыларының ашық тәрбие сағат өтті.Мақсаты:- оқушыларға қарттарды құрметтеу, сыйлау, қамқор болу қажеттігін ұғындыру.- қазақ халқының үлкенді сыйлау дәстүрін дәріптеу.- қамқорлыққа, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу.
5. “10-Қазан Психикалық денсаулық куніне” орай оқушылармен “Психикалық денсаулық дегеніміз не?” тақырыбында дәріс өткізілді.Мақсаты: психикалық денсаулық ұғымын түсіндіру, өмірлік қиын жағдайларға тап болғанда шығу жолдарын көрсету, досыма көмек керегін қалай ұғамын? Сұрақтарына жауап іздеу.
6. “Taza like fest” акциясы бойынша “Қамқор жобасы” аясында 11-сынып түлектері мектеп жанынан тал отырғызды. Мақсаты: Туған өлкенің тазалығын сақтау.
7. “Адал азамат””Біртұтас тәрбие бағдарламасы” аясында 7-сынып оқушыларына сынып жетекшісі А.Қартбай Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл толуына байланысты ашық тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: ұлттың рухани ұстазы, қазақ халқының ұлттық сана-сезімін оятқан ағартушы әрі жазушы. Оның шығармашылығы мен қаһармандық еңбегі бүгінгі жастарға елге сүйіспеншілік, білімге ұмтылу және белсенді азаматтық ұстаным сияқты құндылықтарды тәрбиелеуге көмектесу.
8. “Ауыл тазалығы — ортақ міндет”. “Таза Қазақстан” республикалық акциясы аясында мектеп ұжымы теңіз жағалауын қоқыстан тазарту мақсатында сенбілікке шықты.
9. “Біртұтас тәрбие бағдарламасы” аясында күнделікті іс-шаралардың бірі “Өнегелі 15 минут” өткізілуде. Ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған “Ою-өрнектер сыр шертеді” тақырыбында көркем еңбек пәні мұғалімі А Оркашбаева өткізді.Ою-өрнектер — қазақ халқының мәдени мұрасы, тәрбие құралы. Ою-өрнектер оқушылардың эстетикалық талғамын дамытуға, еңбекке баулуға ықпал етеді.
10. “Біртұтас тәрбие бағдарламасы” аясында күнделікті өткізілетін іс-шаралардың бірі — “Өнегелі 15 минут” мектебімізде өткізілуде. Соның бірі балалардың логикалық ойлауын дамытуға арналған “Сызықтарды жалғастыр” дидактикалық ойынын А.Оркашбаева ұйымдастырды. Балаларға берілген сызықтарды өз қиялдарымен жалғастырып, сурет салуға тапсырмалар берілді. Балалар қызыға қатысты.
11. “Біртұтас тәрбие бағдарламасы” аясында күнделікті өткізілетін іс-шаралардың бірі “Өнегелі 15 минут” өткізілуде. Ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған “Құрақ құрау” тақырыбына көркем еңбек пәні мұғалімі А. Оркашбаева ұйымдастырды. Балаларға құрақ құрау және құрақтың түрлері туралы түсінік беріліп, берілген қағаз қиындыларынан құрақ құрап жапсыруға тапсырма берілді. Балалар қызыға қатысты.
12. “Бөлме гүлдерін күту және баптау” тақырыбында 4-сынып ата-анасы Жанібекова Амангүл оқушыларға бөлме гүлдерін қалай баптап, өсіру, оларды қалай көбейтуге болатын жолдарымен бөлісті.
13. “Бұрымды қыз” челленджіМақсаты: Қыздарға ұмыт болуға айналған ұлттық төл мәдениетіміз бен өнерімізді қайта тірілтіп, салт-дәстүрді жаңғырту, әсіресе қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру арқылы әділеттікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу. Шаштарын үнемі күтіп ұстауға, тазалыққа,тәрбиелеу.
14. “ДосБолLike” достық мақал-мәтел айтып, сыйлық ұтып ал!
15. “Еңбегі адал жас өрен” жобасы аясында 10-11 сынып оқушыларын ауылымызда орналасқан Мәдениет үйі мен Түпқараған ауданы бойынша Қызылөзен ауылында жаңадан салынған су жүйесіне саяхат жасады.“Мәдениет үйінің” басшысы Наташа Нургуатова апай мекеменің қысқаша тарихымен таныстырып, мәдениет үйінде атқарылатын жұмыстарды оқушыларға түсіндірді.Ауылымыздағы су жүйесінің жұмысын меңгерушісі Назар Түйешиев ағамыз оқушыларға айтып берді.
16. “Есірткіге жол жоқ!”Біздің мектеп оқушылары салауатты өмір салтын ұстанады!
17. “Жас сарбаз: бейбіт елдің ұланымыз” апталығында 7-10 сыныптар арасында білім алушыларға «Құқықтық тәрбие» бойынша пневматикалық мылтық атудан сайыс өткізілді.Сайыс қорытындысы бойынша:1-ші орын Жанабай Қайсар2-ші орын Кеңес Ерасыл3-ші орын Оразалы Айбар иеленді. “Мерген аруы” номинациясы бойынша Молдабекова Кәусар марапатталды.
18. “Жасыл клуб ұйымы” бойынша мектебіміздің тәлімгері Қ.Борашова бастауыш сынып оқушыларына, бөлме гүлдерін күту, баптау туралы түсінік жұмыстарын жүргізді. Мақсаты: Оқушыларға өсімдіктерге қамқор болуды үйрету, еңбекке баулу және экологиялық тәрбие беру. Гүлдерге күтім жасау – тазалық пен тәртіпке, мейірімділікке үйретеді.
19. “Жасыл клуб” үйірмесінің оқушылары гүл отырғызды. Бөлме гүлдерінің негізгі бөліктерімен таныстырып, білімдерін нақтылау. Бөлме гүлдерін салыстыруға, сыртқы белгілеріндегі ұқсастық пен айырмашылықты табуға үйрету. Гүлдерді күтіп, суаруға тәрбиелеу. Балаларлың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
20. “Көмек Стоп Буллинг” жобасы аясында 7-11 сынып оқушыларына ZOOM платформасы арқылы ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жиналыс барысында оқушыларды буллингтің түрлері, оның психологиялық және әлеуметтік дамуына әсері, буллингке ұшыраған жағдайда көмек сұрау жолдары жөнінде ақпарат берілді.
21. “Қамшы алу ойыны”. Мақсаты: Оқушының үзіліс уақытын тиімді пайдалану
22. “Менің атам”, “Менің әжем” тақырыбында челленджі өтті. 2-сынып оқушылары өздерінің ата-әжелеріне қалай көмектесетінін айтып берді.
23. “Менің атам”, “Менің әжем” челенджі. Оқушылар мереке қарсаңында өздерінің ата-әжелері туралы айтып, жылы лебіздерін білдірді.
24. “Менің сыныбым буллингке қарсы” челленджі! 6-сынып. Мақсаты: Оқушылардың физикалық және психологиялық қауіпсіздік мәселелеріне саналы түрде қарауына көңіл аударту.
25. “Наурыз-жыл басы” тақырыбында 1-11 сыныптар арасында сынып сағаты өткізілді.
26. “Отбасым-менің тірегім тақырыбында “Бір тұтас ел-біртұтас жер” бағдарламасы аясында көп балалы ата-аналарға тәрбиелік шарамыз өткізілді.
27. “Өмірге “Иә” деп айт!“ онкундігі барысында 5-6 сыныптың ата-аналары және оқушылары арасында “Өмір тамаша! Біз өмірді таңдаймыз!” тақырыбында спорттық сайыс өткізілді. Мақсаты: салауатты өмір салтын сақтау, оқушылардың өмірге деген құлшынысын ояту.
28. “Өмірге салауатты қадам” тақырбында 1-11 сынып оқушыларына сынып сағаты өткізілді.
29. “Өнегелі 15 минут” жобасы аясында “Мамандығым — мақтанышым” тақырыбында 9-сынып ата-анасы білім алушыларға өз мамандығы туралы қысқаша әңгімелеп, кәсібінің ерекшеліктері туралы ақпарат берді.
30. “Өнегелі 15 минут” жобасы аясында “Тұлғаңды таны” атты шараға мектеп оқушылары белсене қатысты.
31. “Өнегелі 15 минут” жобасы аясында 11- сыныптың ата-анасы Дайрабаева Айтолқын “Жақсы кітап -жан азығы” тақырыбында оқушыларға қазіргі таңдағы қасіретке айналып отқан ұялы телефонның, әлеуметтік желілірдің пайдасынан зияны артып отқанын айтып, сөз қозғады.Сонымен қоса, өзінің жүрек жарды өлең шумақтарын оқушыларға оқып берді.
32. “Өнегелі 15 минут” жобасы аясында 4-5 сынып оқушыларына “Эмоционалды интеллектіні дамыту” тақырыбын 5-сынып ата-анасы Сатыбалдиева Гүлжанат кеңінен ашып түсіндірді.Мақсаты: ата -ана мен бала арасында тығыз байланыс орнату.
33. “Тәрбиелі ұрпақ — Қауіпсіз қоғам” тақырыбында мектеп ата-аналары мен жоғары сынып оқушылары арасында жиналыс өткізілді.Жиналысқа білім бөлімінің басшысы, аудан прокуроры, мектеп инспекторы қатысты.Жиналысқа 49 ата-ана, 58 оқушы келді.
34. “Үнемді тұтыну” суды үнемді тұтыну бойынша оқушыларға бейне ролик көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
35. “Үнемді тұтыну”-суды, тамақты, энергияны тұтыну бойынша күнделікті табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыруға бағытталған шаралар.
36. “Ұлт болашағы — білімді ұрпақ” десек, қашанда ұрпақ қамын басты назарда ұстанған президент тапсырмасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, комитет, департамент басшыларымен бірлескен басқосу болды. Басқосуға облыстағы білім беру ұйымдарының басшылары, әкімдер, үздік, шебер педагогтер қатысты.
37. “Ұлттық ойын-ұлт қазынасы “ күнделікті ұзақ қоңырауда мектебіміздің математика пәні мұғалімі Ұ.Ералы және ағылшын пәні мұғалімі Д.Тағаниязова “Шыр ойыны”– қазақ халқының көне ұлттық ойындарының бірі. Бұл ойын көбіне асықпен ойналады. Ойыншылар белгілі бір қашықтықтан өз сақасымен орталықтағы асықты қағып шығаруға тырысады. Кім дәл тигізсе, сол асықты олжалайды. Шыр ойыны балалардың мергендігін, байқампаздығын және көз мөлшерін дамытады. Сонымен бірге достық жарыс сезімін қалыптастырып, ептілікке тәрбиелейді.“Бұқа тартыс”– оқушылар арасында жиі ұйымдастырылатын ұлттық ойын. Ойыншылар арқанның екі ұшын ұстап, бір-бірін өз жағына тартуға тырысады. Кім қарсыласын сызықтан өткізсе, сол жеңеді. Бұл ойын оқушылардың күшін, шыдамдылығын және батылдығын арттырады.
38. “Ұстазыңды құттықта” челенджі аясында 2-сынып оқушылары барша ұстаздар қауымын төл мерекелерімен құттықтайды.Ұстаздар – қоғамның алтын діңгегі, адамзаттың шамшырағы. Олардың білімі мен тәлім-тәрбиесі бізді биік шыңдарға жетелейді. Әрбір ұстаздың еңбегі – ұлт болашағының мықты іргетасы. Ұстаздар күні құтты болсын!
39. “Ұшқыр ой алаңы” жобасы аясында мектебімізде педагогтар арасында “Жетістікке жету үшін жоғары білім қажет пе?” тақырыбында дебат өткізілді.
40. “Халықаралық әйелдер күні” құтты болсын!
41. «Алтын күз – 2025» мерекелік шара.Мақсаты: оқушыларды табиғатты сүюге, күздің әсем көріністерін тануға және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталды.Іс-шараға мектепалды даярлық тобы мен бастауыш сынып оқушылары белсене қатысып, өлең оқып, ән шырқап, би билеп, көркем өнерлерін көрсетті. Күзгі өнімдерден жасалған қолөнер көрмесі де көпшіліктің көңілінен шықты. Белсенді оқушылар бас жүлде және 1–4 орындармен марапатталды. 🍂Кеш көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, жылы әсер қалдырды! 🌟
42. «Біртұтас тәрбие бағдарламасы” аясында күнделікті өткізілетін іс-шаралардың бірі — “Өнегелі 15 минут” мектебімізде өткізілуде. Осы орайда оқушыларға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Тлепова оқушыларға «Көңілді үзіліс» ойынын, Тәуелсіздік мерекесіне орай байланыстырып сұрақтар қойды. Оқушылар жарыса жауап беріп , сабаққа қажетті құрал-жабдықтарына ие болды. Бұл ойынның мақсаты: Оқушыларға Тәуелсіздік туралы білім беру Қазақстанның тарихы, маңызды оқиғалары мен тұлғалары жайлы ақпаратты жеңіл, ойын түрінде меңгерту.Патриоттық сезімді қалыптастыру– Тәуелсіздікке деген құрмет пен мақтаныш сезімін арттыру.Қызығушылықты ояту – Тарихты жаттап емес, ойын арқылы үйрену.
43. «Біртұтас тәрбие бағдарламасы” аясында күнделікті өткізілетін іс-шаралардың бірі — “Үнемді тұтыну». «Үнемді тұтыну» бойынша директордың тәрбие ісі жөнінде орынбасары Ж.Тлепова оқушыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді.
44. «Жүректен шыққан өлең» (поэтикалық челлендж) мұғалімге арнап авторлық өлең жазу шарасы аясында 3-сынып оқушылары ұстаздарына арнап жүрекжарды өлең шумақтарын жазды. Асхат Аймира ұстаз туралы өлең шумақтарымен барша ұстаздар қауымын төл мерекелерімен құттықтады.
45. «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» республикалық науқаны аясындағы іс-шаралар жоспарына сәйкес, желтоқсанның 1-ші аптасында «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ», «Мектептегі зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыптарында 1-11 сынып оқушыларына сынып сағаттары өтті. Мақсаты: Қауіпсіз және мейірімді ортаның маңызын түсіндіру, өз құқықтарын білуге үйрету. Қиын жағдай туындағанда көмек сұраудың жолдарын көрсету және қорғану дағдыларын қалыптастыру. Мектептегі буллинг, кибербуллинг және басқа да агрессия түрлерін түсіндіру. Оқушыларды зорлық-зомбылықтың алдын алу тәсілдерімен таныстыру және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.
46. «Инабатты қыздар” ұйымының жоспарына сәйкес 5-11 сынып қыздарына жиналыс өткізілді. Жиналыстың мақсаты: Жас жеткіншектер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу жастардың Адам тәрбиесі мен Қоғам тәрбиесіне байланысты көзқарастарын дұрыс қалыптастыра отырып, болашақта ұрпақ қамын, ұлт тағдырын ойлайтын қоғамның мүшесі болуларына жағдай жасау, ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында түсініктеме беру.Тәжірибесі мол мектебіміздің ұлағатты ұстаздары қазіргі таңдағы қыздардың тәрбиесі мен қоғамда алар орны туралы айтып, қазақ қызының бойында ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, инбаттылық, т.б. қасиеттерінің болу керектігі жөнінде толық ашып айтты.
47. «Мамандығым-мақтанышым” атты 30, 40 жылдық еңбек өтілі бар, білім мен мейірімге арнаған ұстаздарымызбен кездесу кеші өтті. Ұстаздар-біздің сыйлы құрметті әріптестеріміз. Мектебіміздің жас мамандары олардан білім қазынасын алады. Біздің мамандығымыздың ұлылығы-еліміздегі әрбір адамның мектеп қабырғасынан білім алатынында. Ең маңызды мамандық-педагог. Кеш қонағы ұстаздарымыз музыка пәні мұғалімі, педагог-модератор Жалғасбаева Ақжүніс, география пәні мұғалімі, педагог-сарапшы Тулепова Балбибі, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-сарапшы Тайлақова Замзагүл, тарих пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Беркімбай Гүлшат, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Омарова Айгүл.Ұстаздарымызға шексіз алғыс!
48. «Ұстаздық етпес жалықпас үйретуден балаға» — деген ұлы Абай бабамыз. Сіздер жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге өлшеусіз. Сіздер — жастардың болашағын айқындайсыздар, бүгін еккен дәндеріңіз ертеңгі жеңісті-жемісті күннің кепілі. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады.Шәкірттеріңіздің құрметі мен махаббатына бөленіңіздер. Шығармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін. Мерекелеріңізбен! Мерейлеріңіз үстем болсын!
49. ⚜️16 желтоқсан — Тәуелсіздік күні⚜️«Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай мектебімізде «Қазақ елі-мәңгілік ел» тақырыбында мектепішілік шара ұйымдастырылды. Оқушылар Тәуелсіздікке арналған өлеңдерін оқып, патриоттық әндер орындады. Іс-шараның мақсаты — Тәуелсіздіктің маңызын түсіндіру, ел тарихын құрметтеуге, отансүйгіштікке, ұлттық рух пен бірлікке тәрбиелеу, жастардың бойында туған елге деген мақтаныш сезімін қалыптастыру. Қазақ елі бай тарихы бар, талай сыннан өткен ел. Көшпелі өркениеттен бастау алған қазақ халқы еркіндікті, жерді, елді қорғауды басты құндылық деп санаған. 1991 жылы Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізіп, өз мемлекеттілігін әлемге танытты. Бұл – Мәңгілік Ел болуға жасалған маңызды қадам екеніне көз жеткізді. Шара соңы Республикалық біріңғай “Жас Ұлан”және “Жас Қыран” балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімі өтті. Оқушылар ант қабылдап, Жас Ұлан гимнін шырқады. Ұйымға қабылданған оқушыларға сәттілік тілейміз!
50. ⚜️Дублер күні⚜️
51. ⚜️Жаңа жыл 🎄⚜️
52. ⚜️Құқықбұзушылықтың алдын алу басты міндет⚜️
53. ⚜️Ұстаз-ұлт шамшырағы⚜️
54. ⚜️Ұстаздар күні⚜️
55. ⚜️Ұшқыр ой алаңы⚜️
56. 0 қараша күні мектебімізде «Заң мен Тәртіп», «Тәрбиелі ұрпақ- қауіпсіздікті қорғау» тақырыптары аясында , Түпқараған аудандық прокуроры Егізбаев Қалдыбек Қалдашұлы, аудандық білім бөлім басшысы Куатова Несибели Кыдыргалиевна, Түпқараған ауданы ПБ бастығының бірінші орынбасары полиция майоры Туребаев Бекзат Далиұлы мектеп ұжымымен және оқушылар мен кездесу ұйымдастырды.Кездесу мақсаты: Оқушыларға буллинг, кибербуллинг, зорлық-зомбылық, есірткіге қарсы күрес, интернет алаяқтықтың алдын-алу бойынша түсінік жұмыстарын жүргізілді. Мектебіміздің 8-11 сынып оқушылары түгелдей қатыстырылды.
57. 1 мамыр — Бірлік, Ынтымақ күні! Мектебімізде “Ынтымақ-достық кепілі” тақырыбында білім алушыларға сынып сағаты өткізілді.
58. 1-4 сынып оқушыларына “ҚР мемлекеттік рәміздері” тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып жетекшілер оқушыларға елімізді дүниежүзіне таныта білген мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін жан-жақты дамытты.
59. 1-сынып оқушыларына “Дос болайық” тренинг жаттығуы жүргізілді. Мақсаты: достық қарым-қатынасты нығайту, оқушыларды жақындастыру, сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру.
60. 11 мамыр — Аналар күні! Өмірге сәуле шашып, нұрландыратын аяулы, мейрімді аналар! Сіздерді, мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
61. 11 мамыр — Аналар мерекесі құтты болсын!Ана – әлемнің шамшырағы, бесіктің иесі, өмірдің керегесі. Әлемнің жарығын сыйлаған аналарымызға денсаулық, амандық, бақ-береке тілеймін.
62. 19-29 желтоқсан аралығына «Қауіпсіз білім беру ұйымы!» апталығына іс-шаралар жоспары құрылды. 9-сынып жетекшісі А.Оркашбаева «Қауіпсіз мектеп ережелері, «Пиротехниканы қолдану кезіндегі қауіпсіздік ережелері» сынып сағаты, «Менің қауіпсіздігім-менің басты міндетім» эссе байқауын өткізді.Мақсаты-білім алушылардың жаңа жылдық іс-шаралар барысында, сондай-ақ балалардың қысқы демалыс уақытындағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және олардың құқықтық қорғалу шараларын күшейтуге, ата-*аналармен бірге жол-көлік жарақаттарының алдын алуға, балалардың көшедегі қауіпсіздігіне, үйдегі өрт қауіпсіздігіне, үйдегі өрт қауіпсіздігі және киберқауіпсіздікке, білім беру ұйымы мен ата-ана арасындағы өзара әрекеттестікті күшейтуге ерекше назар аудару.
63. 2-сәуір “Ғарышкерлер күні”. “Ғарыш әлемінде” тақырыбында 1-сынып оқушыларына Оразова Тамара апай ашық сабақ өткізді.
64. 20 қараша“Біртұтас тәрбие бағдарламасы” аясында күнделікті өткізілетін іс-шаралардың бірі — “Өнегелі 15 минут” мектебімізде өткізілуде. Ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған “Ою ойып үйренейік” тақырыбында А.Оркашбаева ұйымдастырды. Балаларға берілген дайын оюларды қайшымен қауіпсіздік ережесін сақтай отырып қиып, қағаз бетіне кілемше етіп жапсыруға тапсырмалар берілді. Балалар белсене қатысты.
65. 21 қазан сағат 11:00 -де мектебімізде «Желідегі қауіпсіздік» флешмобы өтті. Флешмобтың мақсаты-балалар мен жасөспірімдердің цифрлық, физикалық және психологиялық қауіпсіздік мәселелеріне жауапты әрі саналы көзқарасын қалыптастыру, интернет кеңістігінде және күнделікті өмірде қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін дамыту, сондай-ақ бала жасөспірім ортасында достық, сенім және өзара көмектесу құндылықтарын нығайту.
66. 21 қазан Түпқараған ауданының діни бағыттағы ақпараттық – түсіндіру тобының мүшесі, теолог Жолдасбайұлы Нұрбек мектебіміздің 7-11 сынып оқушыларына түсіндірме жұмысын жүргізді.
67. 23 сәуір- Дүниежүзілік кітап күніне орай “Шабыт жобасы” аясында 3-сынып оқушылары өздерінің оқыған “Ұр, тоқпақ” ертегісінен қойылым қойды.
68. 25 қазан — Республика күніне орай оқушылардың адалдық қасиеттерін дамыту, ұлтжандылық қасиеттерін дамыту. мақсатында, мектеп оқушылары бейнеқұттықтау жолдады.
69. 25 қазан- Республика күніне «Егемен ел-еңселі ел» тақырыбында мерекелік шара ұйымдастырылды.Шараға жалғасып Республикалық «Бірыңғай «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» ұйымына балалар мен жасөспірімдер қабылданды.
70. 25-қазан Республика күніне -Мемлекеттік әнұран орындау бойынша “Қыран елім — Қазақстаным!”, “Республикам — Мақтанышым!” челленджіне мектеп оқушылары ат салысты.
71. 3-сынып оқушылары баршаңызды “Алғыс айту” күнімен шын жүректен құттықтайды!
72. 3-сынып оқушыларының құттықтауы!
73. 31 қазан ұстаздар қауымы жалпыұлттық “Ұлттық диктант” іс-шарасына белсене қатысып, өз білімдерін сынады.Мақсаты:Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру;Диктант аяқталған соң ұстаздар өз жұмыстарын бірлесе талдады.
74. 4- сынып оқушыларына экологиялық презентация көрсетілді. Қоршаған орта туралы сұрақтар қойылып, балалар тағиғатқа көрсеткен көмектері, жанашырлықтары туралы ойларын, пікірлерін айтты. Мақсаты: оқушыларды қоршаған ортаны аялауға, таза ұстауға тәрбиелеу.
75. 5-сынып оқушыларының құттықтауын қабыл алыңыздар!
76. 8-сынып оқушыларының құттықтауы
77. 9-сынып оқушылары «Ұстазға хат, бірақ болашақтан!» тақырыбында «болашақтағы өздері» ретінде ұстазына хат жазды.Мақсаты:- Оқушылардың ұстазға деген алғысы мен құрметін арттыру;- Ұстаз еңбегінің қоғамдағы маңызын түсіндіру;- Оқушылардың шығармашылық қабілетін, ой-өрісін, тіл байлығын дамыту;- Жауапкершілік пен болашақ жайлы ойлануға, армандауға жетелеу;- Мұғалімдер мен оқушылар арасында рухани байланыс орнату.Бұл челлендж – шәкірттің болашақтағы жетістігі үшін ұстазына алғыс білдірудің бір тәсілі.
78. https://www.instagram.com/p/DSiOUr1DUKb/«Біртұтас тәрбие бағдарламасы” аясында күнделікті өткізілетін іс-шаралардың бірі “ Үнемді тұтыну” мектебімізде өткізілуде. Осы орайда оқушыларға химия пәнінің мұғалімі Ж.Ескалиева 10 сынып оқушылары Бисен Бекжан және Бүркітбай Сұңғат пен тәжірибе жүргізді. Көрермендерді сиқыр әлеміне жетелеп, химиялық эксперимент тәжірибелерін көрсетті. Бастауыш сынып оқушылары үй тұрмысында қолданып жүрген заттардың қасиеттерімен танысты, қызыға тамашалады. Ойын мен оқуды ұштастырған шара болды.https://www.instagram.com/p/DSiOUr1DUKb/
79. А.Өтегенова білім алышулардың үзіліс уақытын тиімді пайдаланып қана қоймай, ата-бабаларымыздан бері келе жатқан “Қыз қуу” ұлттық ойынын жандандыру мақсатында өткізілді.
80. Ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай 5-9 сынып оқушылары арасында “Асыл сөз” мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайыстың мақсаты: Абай шығармаларын насихаттау;Оқушылардың көркем мәтінді мәнерлеп оқу шеберлігін дамыту;Ұлы ақын мұрасына деген құрмет сезімін қалыптастыру.Шараны қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ж.Досмағанбетова өткізді. Сайыс соңында өлеңді жатқа мәнерлеп оқып ерекшеленген оқушылар марапатталды.
81. Амал күні қазағым көріседі,Көрісу, бұл – көненің желісі еді.«Жасың құтты болсын!» деп жамырасып,Ақ ниетпен адал қол беріседі.
82. Амал мерекесіне орай, оқушыларға көрісу дәстүрінің мағынасы мен маңыздылығы түсіндіріліп, бір бірімен төс қағыстырып көрісті.
83. АПҚО жобасы аясында “Жасөспірімдердің эмоционалдық жетілуі” тақырыбында жиналыс өткізілді.
84. Асық ату
85. Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жоспарына сәйкес , мектебіміздің 5-6 сынып жетекшілері Н.Изтилеуова және Д.Базарбай «Баланың бас ұстазы –ата-ана» тақырыбында жиналыс өткізді. Бұл сөздің мәні терең, себебі баланың ең алғашқы қадамы да, алғашқы сөзі де, өмірді тануы да ең алдымен отбасында қалыптасады. Ата-ананың балаға берген тәрбиесі – оның болашақтағы мінезінің, көзқарасының, адамдық болмысының негізі болып саналады.
86. Әлеуметтік желілер мен интернеттегі балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету,, зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында ата-аналар жиналысы өткізілді. Ата-аналарға ұялы телефондарына “Ата-ана бақылауы” бағдарламасын қондыруды ұсынды. Жиналысқа мектеп инспекторы Алпейсов Саламат Жалгасович, психолог Д.Базарбай, әлеуметтік педагог Ж.Тлепова қатысты.
87. Балаларды цифрлық кеңістікте қорғау – «SIM KIDS» жобасының алғашқы қадамы. Балаларды қорғау – біздің басты басымдықтарымыздың бірі.
88. Балалардың қысқы демалыс кезіндегі қауіпсіздігін бірге қамтамасыз етейік!
89. Батырлардың ерлігі ғасырлар бойы өмір сүреді. Мектебімізде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай сынып сағаты өткізілді.
90. Биыл қазақтың ұлы композиторы Әбілахат Еспаевтың туғанына 100 жыл толады. Қазақ музыка өнеріне қосқан қайталанбас туындылары бүгінгі ұрпақ үшін үлгі өнеге. Осыған орай музыка сабағында оқушыларға Әбілахат Еспаев туралы танымдық сабақ өтті. Оқушылар композитордың өмір баяны шығармашылығы туралы бейнежазба көріп, танымал әндерін орындады. Сабақ соңында алған білімдерін сұрақ жауап арқылы түйіндеді. Өткізген музыка пәні мұғалімі А.Жалғасбаева.
91. Биыл қазақтың ұлы композиторы Әбілахат Еспаевтың туғанына 100 жыл толады. Қазақ музыка өнеріне қосқан қайталанбас туындылары бүгінгі ұрпақ үшін үлгі өнеге. Осыған орай музыка сабағында оқушыларға Әбілахат Еспаев туралы танымдық сабақ өтті. Оқушылар композитордың өмір баяны шығармашылығы туралы бейнежазба көріп, танымал әндерін орындады. Сабақ соңында алған білімдерін сұрақ жауап арқылы түйіндеді. Өткізген музыка пәні мұғалімі А.Жалғасбаева.
92. Білім алушының үзіліс уақытын тиімді пайдалану мақсатында ұлттық құндылықты дәріптей отырып, ұмыт бола бастаған ұлттық ойындарды жаңғырту.
93. Бірімізден біріміз арылармыз.Біздерді де жоқтайтын жан болса егер,Шаң басқан архивтерден табылармыз- деп ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған ашық тәрбие сабақты Д.Таганиязова 9-сынып оқушыларына өткізді.
94. Біртұтас тәрбие бағдарламасы. Ақпан айында 1-11 сынып жетекшілері оқушыларға сынып сағатының 10 минутын “Жедел жәрдем нөмірлері”, “Саяхат кезіндегі төтенше жағдайлар” , “Жол белгілері және олардың мақсаты” тақырыптарында қауіпсіздік сабақтары өткізді.
95. Біртұтас тәрбие бағдарламасы” аясында күнделікті өткізілетін іс-шаралардың бірі — “Өнегелі 15 минут” мектебімізде өткізілуде. Ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған “Құрақ-қазақ сән өнерінің жауһары ” тақырыбында бастауыш сынып оқушысы Қанатұлы нұриманның әжесіГ. Аяганова оқушыларға берілген дайын оюларды қайшымен қауіпсіздік ережесін сақтай отырып қиып үйретті. Құрақ-тек тұрмыстық қолөнер емес, ол халқымыздың эстетикалық талғамын, даналығын, тұтас дүниетанымын танытатын сән өнерінің інжу-маржаны. Құрақ өнерінің шығу тегі мен мағынасы: Құрақ — қазақтың көне дәстүрлерінің бірі. Бұрыннан аналарымыз үйдегі бар матаны қиюластырып, ысырапсыз пайдаланып, одан жаңа нәрсе жасаған. Бірақ құрақ жай ғана құрастырылған мата емес екенін түсіндіріп өтті. Ұйымдастырушы: Сынып жетекшісі Б.Бекеш.
96. Бүгін далам күндегіден бөтен ғой, Бүгін ғалам жылылыққа мекен ғой. Бар сұлулық неге тұнып тұр десем,Әйелдердің мерекесі екен ғой.
97. Бүгін Қазақстанның түкпір-түпіріндегі білім ордалары өз есігін айқара ашты. Алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған балалар үшін ерекше мереке. Мектебімізде “Мектебім — мейірім мекені” тақырыбында салтанатты жиын өтті. Жаңа оқу жылында 1 сыныпқа 14 оқушы қабылданды.Биылғы оқу жылы оқушыларымыз бен ұстаздарымызды жаңа биіктерді бағындыруға шабыттандыратын жетістіктер мен жеңістерге толы болсын деп тілейміз!Білім күні құтты болсын !
98. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Қ. Түркістанов пен арнайы педагог Г.Есенгулованың ұйымдастыруымен “Көңілді старт» эстафеталық жарыс өткізілді.Мақсаты: Оқушыларды спорттық ойындарға бейімдеу, денсаулықтарын жақсарту, қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың адамгершілік, күш, ерік-жігер қасиеттерін және психологиялық процестер мен адамдық қасиеттерді дамыту. Дене шынықтыру жаттығулармен өз бетінше шұғылдануға, этикалық және эстетикалық тәрбие беру.Сайыс соңында оқушылар дипломмен, медальмен, сыйлықтармен марапатталды.
99. ДосболLIKE – достық қолын ұсын!” атты республикалық акцияға мектебіміздің оқушылары белсене қатысты.“Досболайық” республикалық акциясы оқушыларды достыққа, сыйластыққа шақырады.Шарада оқушыларға берілген тапсырмаларды орындап, постер қорғап, спорттағы достық, шебер қолдар , жақсы көңіл күй сыйлады.Мақсаты: Балалар арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, достық қарым-қатынасты нығайту.
100. Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күніне орай «Өмірге салауатты қадам» 2-11 сынып оқушыларымен мектебіміздің медбикесі М.Изимбергенова және тәрбие ісі орынбасары Ж.Тлепова оқушыларға жиналыс ұйымдастырды. Жалпы СПИД-тің алдын-алу мақсаты — жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, дұрыс ақпарат беру және жауапкершілікке шақыру.
101. Есірткіге жол жоқ. Есірткі адам денсаулығын құртып қана қоймай, тағдырына балта шауып, айналасындағы адамдарға зиянын тигізеді.🔰Салауатты өмір салтын ұстанайық.
102. Жас сарбаз: бейбіт елдің ұланымыз мектебімізде әскери патриоттық апталықтың ашылуы болып өтті.
103. Жасыл клуб ұйымының жұмысы барысында 4-сынып оқушыларымен атқарылған жұмыс. Дәліз бойындағы гүлдерге күтім жасау. Мақсаты: оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
104. Жеңістің 80 жылдығына орай мектеп кітапханасында 3-сынып оқушыларына тәрбие сағаты өткізілді. Оқушылар туған жерге арнап жаттаған тақпақтарын айтып, Отаны туралы әндер шырқады.Кітапханада орналасқан Әлия Молдағұлова, Мәншүк, Мәметова, Бауыржан Момышұлына арналған көрмелермелермен танысты.
105. Жобаның жоспарына сәйкес 8-9 сынып оқушылары арасында “Жасанды интелект адамзатқа қауіп пе, әлде мүмкіндік пе?” тақырыбында мектепішілік зияткерлік сайыс өтті. Бұл шара – оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамытып, шешендік өнерін дамытатын ерекше алаң.Пікірсайыс барысында қатысушылар өз көзқарастарын батыл жеткізіп, сенімді аргументтер келтіріп, қарсылас топтың ұстанымын жоққа шығару үшін логикалық ойлауын барынша қолданды.Бұл сайыс тек жеңіс үшін емес, өзара пікір алмасу, жаңа көзқарастар қалыптастыру және болашақ көшбасшыларды дайындау үшін маңызды екенін көрсетті.
106. З.О.Баймырзаев атындағы ЖББМ оқушылары «Табиғат детективтері» облыстық экоквест конкурсының аудандық кезеңінде I дәрежелі дипломмен “Қыран” тобы иеленіп, облыстық кезеңіне жолдама алды. Жеңімпаздарымызды құттықтай отырып, облыстық кезеңге сәттілік тілейміз!
107. Заң мен тәртіп
108. Көктем келсе, сағынады қарашаны,Ерке қыз жеңгесімен жарасады — деп, “Өнерлі қыз, өнегелі жеңге” атты сайысымыз өткізілді. Сайыста қазағымыздың ұмыт қалған салт-дәстүрлері сахнада қайта жаңғырғандай әдемі көріністермен орын алды. Сайысымыздың мақсаты қазақ халқының үлкен мәдени мұрасын, оның ішінде отбасылық дәстүр мен қазақ қызына тән адамгершілік сынды асыл қасиеттерді қалыптастырып, халық өнегесін үйрету.
109. Көктемгі демалыс уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында, жасақталған іс-шара жоспарына сәйкес білім алушылардың туған жерге, ел тарихымен мәдениетіне сүйіспеншілігін арттыру, рухани-адамгершілік, патриоттық тәрбиемен шыңдау мақсатындаБазарбай Дәметкен өз сыныбымен бірге “Жалын” кинотеатрынан “Менің атым Қожа” киносын тамашалады.Қатысқан оқушылар саны: 11
110. Көңілді үзіліс. «Соқыртеке» — ұлттық ойын. Ойыншылар шеңбер құрып, дөңгелене турады да, ортада көзі байланған бір адамды қалдырады. Соқыр теке — сол. Қалған ойыншылар соқыр текені қолымен түртіп қойып, одан айнала қашып журеді. Ал соқыр теке сол түрткен адамды ұстап алып, тануға тиісті. Егер ол ұстаган кісіні таныса, оның көзін байлап, соңы соқыр теке жасайды. Ойынға 2-сынып оқушылары қатысты. Өткізген К.Туреева.
111. Күзгі каникул кезінде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру бойынша “Даналық мектебі” жобасы аясында “Ата кәсіп берекенің бастауы” тақырыбында аталарына арнап өлең жолдарын арнап видеоролигін 2-сынып оқушылары Бүркітбай Асылжан мен Бисен Әлфия жолдады.Бұл шараның мақсаты – оқушылардың аталарына деген құрметін көрсетуі.
112. Күзгі каникул кезінде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру бойынша “Менің ыстық ұям” тақырыбында 1-сынып оқушысы Қалдыбай Нұриман каникул кезінде бос уақытты тиімді пайдаланып ата-анасының қолқанаты болатынын мына видеролик арқылы жеткізді.
113. Күзгі каникул кезінде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру бойынша Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай эссе байқауын 9-11 сыныптар арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Омарова өткізді. Ұлы ақын, ойшыл және ағартушы Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын терең түсініп, насихаттаған білім, еңбек, әділдік, адам болу сияқты ұғымдарды түсіну.
114. Күнделікті мектебімізде оқушының үзіліс уақытын тиімді пайдалана отырып, ұмытылып бара жатқан ұлттық ойындарымызды дәріптейміз. Соның бірі -ләңгі ойыны. Баланы ептілікке, жылдамдыққа, қырағы болуына үйретед
115. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері – мемлекеттің егемендігі мен қауіпсіздігінің кепілі, қоғамның ажырамас бөлігі және елдің тұтастығын сақтаушы басты күш.Қоғамның Отан қорғаушы болуға ұмтылатын жоғары патриоттық азаматтарын тәрбиелеу – мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі. Осы орайда, Қорғаныс министрлігі Қарулы Күштерінің офицерлері мен сержанттарын даярлау мақсатында әскери оқу орындарында білім алу үшін еліміздің жастарын шақырады.
116. Қазақтың әйгілі әскери қолбасшысы, Ұлы Отан соғысында даңқы шыққан стратег және тактик, жазушы, Кеңес Одағының Батыры, “Халық қаhарманы” орденінің иегері Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына “Ұлы тұлға” челленджі өткізілді.
117. Қазақтың сал-дәстүрін жаңғыртып, ұлттық киімін дәріптеу мақсатында мектеп оқушылары бұрымды қыз, ұлттық киім челлендждерін ұйымдастырды.
118. Қаңтар — заң және тәртіп айы.Апта дәйексөзі: “Тәртіп — тәрбие бастауы”Аптамыздың алғашқы күні оқушылар жаттығу жасап, Әнұран айтумен бастады.»Заң және тәртіп» құндылығы аясында құқықтық тәрбие беру мақсатында “Біз-сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз” тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
119. Қараша айының 25 мен желтоқсан айының 10 аралығында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық науқаны аясында іс-шаралар жоспарына сәйкес, түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың көшеде жүруін анықтау мақсатында ұйымдастырылған «Жасөспірім» рейдтік кезекшілігін ДТІЖО,тәлімгер, 5-11 сынып жетекшілері , мектеп инспекторы мен бірлесіп жұмыс жүргізді.Мақсаты:Кәмелетке толмаған оқушылардың, түнгі уақытта заңсыз және ата-анасыз қоғамдық орында жүруінің алдын алу. Оқушылардың бос уақытын бақылау. әлеуметтік қауіпті жағдайлардың алдын алу.
120. Қарашаның 20-сы күні «Заң және тәртіп» идеологемасын ілгерілету шеңберінде 7-11 сынып оқушылары арасында , «Заң мен тәртіп – бейбітшілік пен әділдікке бастайтын жол» және «Полиция мен балалар – қауіпсіздік үшін бірге» тақырыптарында мәтін бойынша мазмұндама жазды.Мақсаты: Қоғамдағы заңның рөлін түсіндіру – заңдар адамдардың құқықтарын қорғап, тәртіпті сақтайтынын көрсету.Тәртіптің маңызын ашу – қоғамдық тәртіп болмаса, әлеуметтік тұрақтылық пен қауіпсіздік бұзылатынын дәлелдеу. Азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру – әр адамның заңды сақтау қажеттігін насихаттау.Құқықтық мәдениетті арттыру – заңдарды білудің және оны құрметтеудің қоғам дамуына әсерін көрсету.
121. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым-экономиканы және егемендікті нығайту».
122. Қоғам қайраткері, саясаткер Сайын Нәдірұлы Шапағатовты еске алу мақсатында 1-11 сынып оқушыларына “Еліне қызмет еткер Ер-ұмытылмайды” тақырыбында сынып сағаты өткізілді.Оқушылар осындай дарабоз тұлғаның еңбекке толы ғұмырымен танысты.
123. Қоғамға қызмет ету – азаматтық борыш» атты әлеуметтік волонтерлік бағыттағы тәрбие шарасы өткізілді.Іс-шараға 5,6-сынып оқушылары белсене қатысты. Шара барысында оқушылар қоғамға қызмет етудің мәні мен маңызы туралы өз ойларын ортаға салып, қоғам игілігіне үлес қосу бағытында түрлі ұсыныстар айтты. Сонымен қатар, оқушылар қарттарға көмек көрсету, секілді әлеуметтік волонтерлік іс-әрекеттерге атсалысты. 5-6 сынып оқушылары көмек қолын созды.
124. Құқықбұзушылықтың алдын алу
125. Құрметті де, аяулы аналар! Сіздерді 2-сынып оқушылары “Халықаралық әйелдер күнімен” құттықтайды!
126. Құрметті оқырмандар! Көктемнің алғашқы күнімен келіп жеткен алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Отбасыңызға амандық, деніңізге саулық тілейміз!
127. Қымбатты оқырмандар! Сіздерді, 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр — Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!Шәкірттеріміздің “Халықтың ерлігі ғасырлар бойы өмір сүреді” атты салтанатты жиынында көрсеткен өнерлерін тамашалаңыздар!
128. Қысқы каникул кезінде 2-сынып оқушыларының отбасымен қарсы алған жаңа жылдық кеші мен көңілді өткізген сәттерінен үзінді!
129. Қысқы каникул кезінде 3-сынып оқушыларының отбасымен қарсы алған жаңа жылдық кеші мен көңілді өткен күндерінен үзінді
130. Қысқы каникул кезінде 5-сынып оқушылары отбасымен бірге жаңа жылдық мерекені тойлап, қызықты сәттерінен бейнеролик жасады.
131. Қысқы каникулда 4-сынып оқушыларының жаңа жылдық, отбасыларымен бірге өткізген көңілді күндерден бейнеролик
132. Мамыр айының 5 інші жұлдызы 10-11 сынып ата -аналарына “Тәрбие — табалдырықтан басталады» тақырыбында педагогикалық қолдау академиясының кезекті ІV отырысы өткізілді. Сынып жетекшілер З.Тайлакова, Г.Есенгулова ІІІ тоқсан қорытындысымен таныстырып, ҰБТ нәтижелерін айтып өтті. Отырыста слайд көрсетіліп, тренинг, өсиет әңгіме, READx алаңы, бала тәрбиесіне постер қорғалды. Отырыс соңы ата -аналардың перзентіне тілек жазуымен қорытыланды.
133. Манғыстау облысы Қарақия басқармасының Форт-Шевченко қаласында орналасқан “Түпқараған” шекара бөлімшесінің әскери қызметкерлері “Бір тұтас ел-бір тұтас жер” жоспары аясында «Заң және тәртіп» құндылығы бойынша жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Оқушыларға өз қызметтерінің қыр-сырымен бөлісті. Әскери академияға түсуге үгіт-насихат жүргізді.
134. Мектебімізге ауданның діни бағыттағы ақпараттық — түсіндіру тобының мүшесі, теолог Жолдасбайұлы Нұрбек жоғары сынып оқушылармен кездесті.
135. Мектебімізде “Біртұтас тәрбие бағдарламасы” аясында күнделікті іс-шаралардың бірі “Өнегелі 15 минут” өткізілуде. Ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған “Ою-өрнектер сыр шертеді” тақырыбында көркем еңбек пәні мұғалімі А Оркашбаева өткізді.Ою-өрнектер — қазақ халқының мәдени мұрасы, тәрбие құралы. Ою-өрнектер оқушылардың эстетикалық талғамын дамытуға, еңбекке баулуға ықпал етеді.
136. Мектебімізде “Дублер күнін” өткізу бойынша оқушылармен жиналыс өткізілді. Ережеге сәйкес «Дублёр күнінің» өткізілу тәртібі түсіндірілді. Әрбір дублёр өзіне тиесілі қызмет бойынша педагогтерден нұсқаулық алды. Сабақтар мен іс-шараларды ұйымдастыруда әдістемелік ұсынымдар жасалды.
137. Мектебімізде “Желідегі қауіпсіздік” челленджі ұйымдастырылды. Челленджде балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздік көзқарасын қалыптастыруына көз жеткізуі.
138. Мектебімізде “Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ” сайысы болып өтті. Сайыс 6-8 сыныптар арасында ұйымдастырылды. Сайыстың мақсаты ата-бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы оқушыларды адамгершілікке, ойын нақты, дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету, дүниетанымын кеңейтуге тәрбиелеу.
139. Мектебімізде “Ұлттық ойын — ұлт қазынасы” аясында үлкен үзіліс кезінде бастауыш сынып мұғалімі Ғ Аралбаева мен көркем еңбек пәні мұғалімі А Оркашбаева ойын ұйымдастырды. Бұл ойынға түрлі түсті түске боялған асықтар пайдаланылды. Бұл ойын есте сақтауды қажет етеді. Ойын алдында асық туралы мәлімет берілді.Асық — төрт түлік малдың тілерсегінде болатын сүйек. Асық — қазақ халқының көнеден келе жатқан ұлттық ойынының негізгі құралы әрі ойыны.
140. Мектебімізде “Ұрпаққа ұран болған — Ұлы Жеңіс” тақырыбы аясында мектепішілік бейнелеу өнер туандыларынан көрме ұйымдастырылды.Белсене қатысқан оқушылар марапатталды.
141. Мектебімізде “Ұшқыр ой алаңы” жобасы аясында “Білім алу үшін -оқу керек, бай болу үшін — кәсіп керек” тақырыбында пікір-сайыс өткізілді. Мектебімізде “Ұшқыр ой алаңы” жобасы аясында “Білім алу үшін -оқу керек, бай болу үшін — кәсіп керек” тақырыбында пікір-сайыс өткізілді.
142. Мектебімізде «Мектеп парламенті» өзін-өзі басқару ұйымының президентін сайлау өткізілді. Бұл сайлаудың мақсаты – оқушылардың белсенділігін арттыру, көшбасшылық қабілеттерін дамыту және мектеп өміріне атсалысуын қамтамасыз ету болды.
143. Мектебімізде «Өркен» ғылыми –практикалық институтынан жолдаған «Балалардың қауіпсіздігі» тапсырмасы аясында 5-11 сынып оқушыларына , өрт қауіпсіздігіне және буллинг, кибербуллинг тақырыптарына арналған ақпараттық бейнероликтер көрсетілді.
144. Мектебімізде «Өркен» ғылыми–практикалық институтынан жолдаған «Балалардың қауіпсіздігі» тапсырмасы аясында 5-11 сынып оқушыларына, өрт қауіпсіздігіне және буллинг, кибербуллинг тақырыптарына арналған ақпараттық бейнероликтер көрсетілді.
145. Мектебімізде 1-11 сынып арасында «Адал азамат» тақырбында сыбайлас жемқорлық туралы сынып сағаты өткізілді.
146. Мектебімізде 22-қазан күні “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша “Еңбегі адал — жас өрен” жобасы аясында, еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік құндылықтарын дәріптеу мақсатында “Күзгі асар” жәрмеңкесі өтті. Бұл шарада оқушылардың өз қолдарымен жасалған жұмыстары жәрмеңкеге қойылды.
147. Мектебімізде 25 қазан -Республика күніне орай сынып сағаттары өткізілді. Сонымен қатар “Экологиялық жауапкершілік және табиғатты қорғау “ тақырыбына да тоқталып өтті.
148. Мектебімізде 4-6 сыныптар арасында “Зорлық-зомбылыққа жол жоқ” атты сурет байқауы өтіп жатыр. Байқаудың мақсаты -оқушыларды зорлық-зомбылықтың зияны мен оның алдын алу жолдары туралы терең ойландыру, бейбіт өмір салтын дәріптеу және мейірімділікке, төзімділікке тәрбиелеу. Сурет байқауы әлі де жалғасуда. Оқушылар өз ойларынан суреттер салуда.
149. Мектебімізде 5-8сыныптар арасында “Мұқағали-мәңгілік ғұмыр!” тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайыстың мақсаты Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын танытып, оқушылардың поэзияға деген қызығушылығын ояту, ақын рухына тағзым жасап, құрмет көрсету. Сайыс соңында оқушылар марапатталды.
150. Мектебімізде Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша “Еңбегі адал — жас өрен” жобасы аясында оқушыларға әртүрлі мамандықтар туралы ақпарат беру, олардың қызығушылықтары мен қабілеттеріне сай мамандықты таңдау жолында көмек көрсету мақсатында “Мамандықтар әлемі” саяхат сабағы ұйымдастырылды. Мектептің 9-10-сынып оқушыларын Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжіне саяхатқа сынып жетекшілері Оркашбаева А мен Тағаниязова Д апарып таныстырып келді
151. Мектебімізде құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында оқушылармен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
152. Мектебімізде мүлделі органдармен бірлескен жоспарға сәйкес “Қоғамдық мүлікке азаматтық жауапкершілік” тақырыбында 5-11 сынып ұл балаларымен жиналыс өткізілді. Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Жиналысқа Түпқараған АПБ ҚҚб жауапты учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Артықбай Ғалымжан Қойлыбайұлы мен Түпқараған АПБ ӘПТ аға инспекторы полиция аға лейтенанты Тогжанов Оркен Акбердыевич қатысты.
153. Мектебімізде мүлделі органдармен бірлескен жоспарға сәйкес “Құқық бұзушылықтың алдын алу” тақырыбында 5-11 сынып оқушыларымен жиналыс өткізілді. Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Жиналысқа Түпқараған АПБ ҚҚб бастығының орынбасары полиция капитаны Молдабеков Жанибек Тажибаевич және Түпқараған АПБ ӘПТ аға инспекторы полиция аға лейтенанты Тогжанов Оркен Акбердыевич қатысты.
154. Мектебімізде мүлделі органдармен бірлескен жоспарға сәйкес сектебімізде 1-11 сынып аралығындағы ұлдарға жиналыс өтті. Жиналысты мектебіміздің иснпекторы Н.Садуакасов , АПБ ЖПҚб отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының аға инспекторы полиция майоры Г. Байкүреңова өткізді.Мақсаты: Құқық бұзушылыққа жол бермеу, кімелет жасқа толмағандар мен олардың ата-аналарына, құқық бұзушылық жасаган жағдайда профилактикалық есепке қойылатынын , үнемі бақылауда болатынын, темекі бұйымдарынан, психотропты заттардан аулақ болуын түсіндіре отырыпотырып, қылмыс пен құқықбұзушылықтың, топтық төбелестердің , боулинг, кибербуллигтің алдын алу.
155. Мектебімізде ұзақ қоңырауда “Ұлттық ойын-ұлт қазынасы “ іс-шарасын дене-шынықтыру пәні мұғалімі Қ.Түркістанов бастауыш сынып оқушыларына ұлттық ойындарды дәріптертеуді үйретті.Ұлттық ойындардың тарихы мен шығу тегін таныстыру;Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігімен, салт-дәстүрімен байланысын көрсету.
156. Мектебімізде ұзық қоңырау кезінде “Үнемді тұтыну” тақырыбына 4-сынып оқушылары Төлеген Аяжан мен Төлеген Аянаның видеоролигін тамашалауға сынып жетекшісі Ғ.Аралбаева шақырды. Сынып жетекшісі Ғ.Аралбаева оқушыларға видеоролик арқылы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Унемді тұтыну — бұл тек ақшаны үнемдеу ғана емес, сонымен қатар табиғатты қорғау.Біз су мен электр қуатын, қағаз бен тамақты орнымен пайдалансақ, қоршаған ортаға да, өзімізге де пайдасы тиеді.
157. Мектебімізде ұлағатты ұстаздар мерекесіне орай жыл сайынғы үрдіспен “Дублер күні” өткізілді. Биылғы оқу жылында да осынау жауапкершілікке толы күнді өткізудің тәртібі мен ережелерін оқушыларға жеткізіп, әр оқушы өз міндеттемелерін алды. Мектептің 9-11 сынып оқушылары бір күнге мектеп мұғалімдерінің рөлін атқарып, ұстаздық қызметтің жауапкершілігін сезінді.
158. Мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімдері Т.Оразова және Б.Бекеш ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жоспарына сәйкес, “Цифрлық қауіпсіздік және баланы онлайн ортада қорғау тақырыбында ата-аналар жинаналысын өткізді. Жиналысқа ата-аналар белсене қатысты. Жиналыстың мақсаты: Ата-аналарды цифрлық қауіптермен таныстыруБаланы интернет кеңістігінде қорғаудың тиімді жолдарын ұсыну. Ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайту.
159. Мектебіміздің медбикесі М.Изимбергенова және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Тлепова мектеп оқушыларына жұқпалы тұмау ауруына байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жұқпалы тұмау (грипп) — вирустардан туындайтын, тез таралатын жіті тыныс жолдарының ауруы. Әдетте күз-қыс маусымында жиі кездеседі. Тұмау өте жұқпалы. Негізгі таралу тәсілдері: Ауамен-тамшылы жол — түшкіру, жөтелу кезінде.Тікелей байланыс — ластанған қол, жиһаз, есік тұтқалары арқылы.Жабық, желдетілмейтін орындарда жұғу қаупі жоғары екенін түсіндіріп.
160. Мектеп парламенті “Өзін өзі басқару” ұйымы “Бір мақал-мәтел, бір бауырсақ” айдары ұйымдастырылды.
161. Мектеп тәлімгері және Мектеп парламенті өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен “Дос болайық” акциясы өтті.
162. Мектептің әр күні — жаңа қадам, жаңа жетістік, жаңа қуаныш!Бір күндік тынысымыз — болашаққа бастар үлкен жолдың кішкене бөлігі.
163. Мен батырдың ұрпағымын. 4-сынып оқушысы Арманұлы Парасат өзінің аталарына арнаған естелігін қабыл алыңыздар!
164. Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын танытып, оқушылардың поэзияға деген қызығушылығын ояту, ақын рухына тағзым жасап, құрмет көрсету.
165. Оқушылардың қысқы каникул кезінде “Есірткісіз есті әлем” тақырыбында шарамыз өтті.Мақсаты: есірткінің, ішімдік ішу мен темекі тартудың, нашақорлықтың жас ағзаға тигізер зиянды әсері, келешек өмірлеріне келтірер кесапаты туралы түсінік беру.
166. Өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен “Сүйікті ұстазым” атты сұхбат жүргізілді. Оқушылар сұраққа жауап ретінде сүйікті ұстаздарын құшақтау арқылы, ұстазына ыстық ықыласын білдірді.
167. Өнегелі 15 минут аясындп “Қамшы алу» ойын ойнатылды. Мақсаты: балаларды шапшаңдыққа, ептілікке, тез шешім қабылдауға үйрету. Жігер мен батылдыққа баулу.
168. Өнегелі 15 минутта1 сынып оқушыларына 10-ға дейінгі сандарды қосу және азайту амалдарына тез ойлап, тез жауабын табу мақсатында «Домино» ойыны өткізілді.Домино ойынында оқушылар сандардың қалай орналасуын біліп, үйренді.
169. Сапалы оқу айлығы жоспары аясында, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай “Поэзия, менімен егіз бе едің?” атты поэзия сағаты өтті. Оқушылар мен ұстаздардың орындауында ақынның өлеңдері мәнерлеп оқылып, ақын сөзіне жазылған әндері шырқалды. Шараны қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ж.Досмағанбетова өткізді.
170. Сапалы оқу айлығы. “Әке — отбасының тірегі” атты әкелер жиналысында қыздары әкелерімен, аталарымен вальс билеген сәті.Әке сен, жансың биік, дана тұлғаң.Мейірім, нұры менен жаратылған,Бар әлемнің, жақсылығын бойға жыйған,Менің әкем, мен үшін, дара туған.
171. Сапалы оқу айлығы. Даналық мектебі жобасы аясындаМектебімізде “Инабатты қыздар” тобының “Қазақтың дастарханы” тақырыбында тәлімгер Борашева Қарлығаш қыздарға арналған шеберлік сағатын өткізді. Шеберлік сағатында “Вупи пай”, “Медовик” торттарын пісіруді үйреніп қана қоймай, оларды сатып, қалай пайда табуға болатындығын түсіндірді.Мақсаты қыздарға бос уақытты тиімді пайдаланудың жолдарын үйрету.
172. Сапалы оқу айлығы. Жан әке, шертіп сезіп домбырасын,Кеудемді қуанышқа толтырасың.Арманның асқарына құлаш ұрсам,Алдымда асқар тау боп сен тұрасың — деп Мұхтар Шаханов атамыз жырлағандай асқар тау әкелерімізге арнап сапалы оқу айлығының жоспарына сәйкес әкелер мектебінің “Әке-отбасы тірегі” тақырыбында жиналыс өткізілді. Психолог Д.Базармай әкелерге “Сағаттағы достар” тренинг жаттығу өткізді. Оқушылар жыр-шумақтарын арнады. Асқар тау әкелеріміз аман болсын!
173. Сапалы оқу айлығының жоспарына сәйкес мектебімізде Мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастық тақырыбында ашық есік күні өтті. Ата-аналар балаларының жетістіктері мен үлгерімі. Мектептегі тәртібі, сабаққа қатысы туралы ақпараттар алды.
174. Сынып жетекші Г.Есенгулова 10-сынып оқушыларына “Мамандықтар әлемі” тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.Оқушылар мамандықтар әлемінің әр түрлі бағыттарымен танысты. Өздерінің болашақта білікті маман иесі болатынын виртуалды интеллект арқылы көрді.
175. Табиғатқа қамқорлық жасаймыз. 8-сынып оқушылары “Қамқор жобасы” аясында құстарға арнап мектеп ауласындағы ағаштарға жем шашарлар әзірлеп, құстарға ұя орнатты.
176. Тақырыбы: Өсімдіктерге күтім жасау және баптауМақсаты: Оқушыларға бөлме өсімдіктеріне жанашырлықпен қарауға, жауапкершілікке тәрбиелеу. Суару– Өсімдікті суарғанда суды тамыр жағына құйып, топырағын ылғалды, бірақ батпаққа айналдырмай ұстау керек.Оқушының жауапкершілігі:– Өсімдікке тірі ағза ретінде қарау, оған уақытылы су құю, топырағын қадағалау, жарыққа қою.Өсімдіктерге дұрыс күтім жасау – тек қоршаған ортаны көркейту үшін ғана емес, сонымен қатар ауа сапасын жақсартып, адамның денсаулығы мен көңіл-күйіне оң әсер етеді.Өсімдікке жанашырлықпен, жауапкершілікпен қарау – табиғатты сүюдің және оны қорғаудың бір көрінісі.
177. Тоғызқұмалақ — қазақтың ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі, ақыл-ойды дамытуға арналған ойын. Арқан тартыс — оқушылардың күш-қуатын дамытуға, таза ауада дем алып, еңбектенуге үйретеді. Ұмыт болып бара жатқан ұлттық ойындар туралы сұрақ-жауап айдары өткізілді.
178. Үнемді тұтыну аясында, 7 сынып оқушылары жарықты үнемдеу тақырыбында видеоролик ұсынды.
179. Үнемді тұтыну. Табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыру
180. Ұлттық ойын-ұлт қазынасы
181. Ұлттық ойын-ұлт қазынасы
182. Ұлттық ойын-ұлт қазынасы. Мақсаты оқушының үзіліс уақытын тиімді пайдалану. Ата-бабамыздан бері келе жатқан ұлттық ойындарды қайта жаңғырту. Ұлттық құндылықты дәріптей отырып тәрбиелеу.
183. Ұлы Абайдың 180 жылдығы аясында өткізілген «Абайдың дара жолымен» атты қорытынды шара жоспарға сәйкес өз мәресіне жетті. Бақанас өзенінің бойына қоныстанған Абай ауылының көрінісі шебер сипатталып, шараға арнайы шақырылған Абай елінің түлегі, абайтанушы ғалымдардан тәлім алған ұстаз Омарова Айгүл Жұмаханқызы құнды ойларымен бөлісті.
184. Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мерекесіне орай мектебіміздің 8-сынып оқушысы Мейірхан Асланбектің “Менің атам — Майдангер” атты атасына арнаған естелігін қабыл алыңыздар!
185. Ұстаз — ұлы тұлға, нұрлы жүрек,Сізге бас иеді барша білек.Мерекеңіз құтты болсын ұстаздарым,Шәкірттеріңіз болсын әркез бақыт тілек!
186. Ұстазға ұлы рахмет!Нәрімен білім сусатқан.Балалық досқа рахмет!Қуанған бірге мұңдасқан.Халқыма туған рахмет!Шыңдаған, елге танытқан.
187. Эстетикалық пәндер апталығы аясында өткізілген үлкен үзіліс кезіндегі “Ою-өрнек әлемі”, өз ойларымен оюлар дайындау сәтінен.
188. 📚✨ Бастауыш сыныптар арасында “Поэзия, менімен егіз бе едің?” тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы өтті.Сайыстың мақсаты – оқушылардың сөз өнерін, тіл мәдениетін қалыптастырып, екпін мен интонацияны дұрыс қою арқылы шығарманың мазмұнын терең түсініп, көрерменге әсерлі жеткізе білуге баулу, сондай-ақ ана тіліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.🏆 Сайыс қорытындысында жүлделі орындар анықталып, белсенді қатысқан оқушылар марапатталды.
Қамқоршылық кеңес
>
1. Қамқоршылық кеңес
2. Қамқоршылық кеңес құрамын бекіту 2025-2026 оқу жылы
Үйірмелер
>
1. Үйірмелер
2. Үйірмелер өткізу кестесі 2025-2026 оқу жылы
Түлектер
Хабарландыру
Меню
Меню сайта
Табу
Авторизация
Войти на сайт
Чужой компьютер
Забыли пароль?
Регистрация
Home
» »
Кушекова-Айым
30
Апрель
2025
(Пока оценок нет)
Loading...
"Кушекова-Айым"