Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойнша білім бөлімінің "З.О.Баймырзаев атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
8 (72938) 23-8-30
Есепші бөлімі:
8(72938)23–8-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
Кіру
Қазақша
|
Русский
kitaphana.edu.kz
digitallibrary.kz
bookfund.kz
Басты
Президент жолдауы
БАСТЫ БЕТ
Аттестация
Құжаттар
>
1. Аттестация құжаттарын көру үшін сілтеме арқылы өтіңіз
Өзің-өзі бағалау
>
1. Өзін-өзі бағалау жөніндегі есебі
Әдістемелік бөлім
Ауысым
>
1. Ауысым 2024-2025 оқу жылы
2. Ауысым 2025-2026 оқу жылы
Ашық сабақ, семинар
>
1. “Елімнің ертеңі – Тәуелсіздік құндылықтары” атты тақырыбында Қоғамдық-гуманитарлық пәндер апталығы бастау алды! Апталық аясында оқушылар ұлттық тарих, тіл, мәдениет пен руханияттың маңызын терең түсініп, шығармашылықпен танылады. Мақсатымыз — ертеңгі ел тізгінін ұстар жас ұрпақтың бойына тәуелсіздік рухын сіңіру.Білімді ұрпақ — жарқын болашақ кепілі!
2. 5-7 сыныптар арасында «Ана тілің — арың бұл» атты интеллектуалдық сайыс өтті. Сайысқа қатысушылар І ші кезеңде өздері жаттаған өлең -шумақтарын мәнерлеп және жатқа айтып шықты. ІІ ші кезеңде мақал- мәтелдердің жалғасын тауып, ІІІ ші кезеңде әр түрлі жұмбақтардың шешімін тапты.
3. “Алтын адам” археологиялық олжасы тақырыбында 5-сыныпқа қазақстан тарихы пәнінен ашық сабағы өтті. Пән мұғалімі: Н.Изтилеуова.
4. “Көңілді үзіліс” физикалық ойын. 7-9 сыныптар. Өткізген физика пәні мұғалімі Г.Көпесова.
5. “Менің сыныбым буллингке қарсы” челленджі! 9-сынып. Максаты: Оқушылардың физикалық және психологиялық қауіпсіздік мәселелеріне саналы түрде қарауына көңіл аударту.
6. “Сапалы оқу айлығының” жоспарына сәйкес “Оқушыны кітап оқуға қалай қызықтырамыз” тақырыбында А.Омарова апай мұғалімдерге шеберлік сағатын өткізді.
7. “Үйренерім көп менің” атты тәлімгер мен жас маман сағаты өтті.Тәлімгер, педагог- зерттеуші, тарих пәнінің жоғары санатты мұғалімі Беркімбай Гүлшат пен жас маман, математика пәнінің мұғалімі Ералы Ұлдана.Шараның мақсаты: жас маманның бейімделу кезеңінде кездесетін қиындықтарды шешу, әдістемелік көмек беру.
8. «Бастауыш – білімнің қайнар бұлағы» апталығы аясында 3-сыныпта математика пәнінен «Шеңбер, дөңгелек және олардың элементтері» тақырыбында ашық сабақ өтті.Сабақтың мақсаты — шеңбер мен дөңгелекті, олардың элементтерін (центр, радиус, диаметр) ажырату және дұрыс атау. Сабақ барысында ЖИ қолданылып, сабақ мақсаты толық орындалды. Оқушылар белсенділік танытып, өз білімдерін көрсетті. Сынып жетекшісі: Айдарбаева Ә.Б.
9. «Бүгінгі “Миға шабуыл” ойыны қоғамдық-гуманитарлық пәндер апталығына ерекше серпін берді! Тарих, қазақ, орыс және ағылшын тілдері бойынша сұрақтар қойылып, қатысушылар жылдамдық пен зейінді қатар сынады. Білімге бастар көңілді қадамдар! 🌟📚»
10. «Жасанды интеллект – қауіп пе, әлде көмекші ме?» тақырыбында дебат өтті. Оқушылар жасанды интеллекттің білім беру саласындағы пайдасы мен мүмкін болатын қауіптері туралы өз ойларын ортаға салды. Пікірсайыс барысында қатысушылар нақты дәлелдер келтіріп, сыни ойлау мен шешендік қабілеттерін көрсетті. 🔎 Дебат қорытындысында жасанды интеллектті тиімді әрі жауапты қолдану маңызды екені айтылды.👏 Қатысушыларға белсенділігі үшін алғыс білдіреміз!
11. 1-4 сынып оқушылары арасында өткен Республикалық “Мың бала” пәндік олимпиадасы ұйымдастырылды. Оқушылар олимпиадаға қатысып, І, ІІ, ІІІ орындарға ие болды.
12. 10-сыныпқа география пәнінен “Дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымы” тақырыбында ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі Б.Тулепова.
13. 10-сыныпта педагог–зерттеуші Омарова Айгуль Жумахановнаның «Абайдың толық адам ілімі және бүгінгі жастар» тақырыбында танымдық сағаты өтті. Шарада дана Абайдың толық адам ілімі туралы жан-жақты пікірлесу болды. Жастар Абайдың ілімінің мәңгілік өміршеңдігіне бойлай түсті. Абай ілімі – бүгінгі ұрпаққа бағдаршам.
14. 11 желтоқсан күні 6-сыныпқа тарих пәнінен “Түріктердің рухани мәдениеті” тақырыбында ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі: педагог-зерттеуші Беркімбай Гүлшат.
15. 11-сыныпқа алгебра сабағынан “Санның логарифмі және оның қасиеттері” тақырыбында ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі Петр Ақмарал.
16. 11-сыныпқа информатика пәнінен “IT staptup пен жарнама” тақырыбында ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі К.Туреева.
17. 13-17 қаңтар аралығы “Салауатты ұлт — салауатты болашақ” атты эстетикалық пәндер апталығы. Оқушылардың үздік жұмыстары мектеп фойесінде көрсетілді. Көрме ұйымдастырылып, апталықтың ашылу салтанаты өтті.
18. 18- қараша 1-сыныпта Әліппе пәнінен “Жж дыбысы мен әрпі” атты ашық сабақ өтті. Сабақты Педагог-сарапшы Бибігүл Ерсайынқызы өткізді. Сабақ өткен әріптерді еске түсіруден бастады.Жаңа сабақты ашу мақсатында жұмбақтар жасырып,шешуін тапқызды. Сынып оқушылары “Жж дыбысы мен әрпіне” мысалдар келтіріп, буынға бөліп, дыбыстық талдау жасап,буындап оқып, қатесіз жаза білді. Сабақ жақсы өтті деп бағаланды.
19. 2-сыныпқа музыка пәнінен «Би билейік» атты ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі Ә.Айдарбаева.
20. 2-сыныпқа цифрлық сауаттылық пәнінен “Видео өңдеу” тақырыбында ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі Ж.Иманбаева.
21. 20 қараша 3-ші сабақ Мектепалды даярлық тобында Сауат ашу пәнінен “Дыбыстық талдау“ тақырыбында ашық өтті. Сабақты педагог-модератор Накишова Куланда психологиялық шаттық шеңберімен бастады.
22. 20 қараша күні “Тәжірибе алаңында” МАД тобының тәрбиешісі мен бастауыш сынып мұғалімдері оқушылардың қызығушылығын арттырып түрлі эксперимент жасап көрсетті. Эксперимент жасау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды айтып өтті. Бұл тәжірибе алаңы оқушыларға қатты ұнады.
23. 2024 жылдың 11-18 желтоқсан аралығында Қоғамдық-гуманитарлық пәндер әдістемелік бірлестігінің жоспары бойынша «Мәңгілік Ел Мәртебелі Тіл» апталығы өтті. Апталықтың мақсаты: оқушыларға Қазақ халқының тарихы мен ана тілінің қадыр-қасиеті туралы мәлімет бере отырып, қоғамдық-гуманитарлық пәндердің маңыздылығын ұғындыра білу, білім алушылардың функционалдық сауаттылықтарын сын тұрғысынан ойлау арқылы дамыту. Апталықтың жоспарына сәйкес Қазақстан тарихы мен қазақ тілі пәнінің мұғалімдері 9-11 сынып оқушылары арасында “Ой мен ойын” зияткерлік сайысын өткізді. Сайыстың мақсаты: пән бойынша білім құндылықтарын, шығармашылық қабілеттерін дамыту және пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылар «Жерұйық» және «Шежіре» топтарына бөлініп, өзара білім сайысына түсті. Сайыс «Топты таныстыру», «Сандар мен суреттерді сәйкестендір», «Қызық екен», «Жұмбақ тұлға», «Ең алғашқы» және «Сөзжұмбақ» деп аталатын 6 кезеңнен тұрды. Оқушылар топтық жарыста өздерінің белсенділігін көрсетті. Сайыс қорытындысы бойынша оқушылар марапатталды.
24. 2026 жылдың 02–06 ақпан аралығында мектебімізде«Табиғаттан – формулаға, формуладан – технологияға»тақырыбында жаратылыстану апталығы өтеді.Апталықтың мақсаты – оқушылардың жаратылыстану пәндеріне деген қызығушылығын арттыру, ғылыми ойлауын дамыту және білімді тәжірибемен ұштастыру.🧪📐 Апталық аясында төмендегі пәндер қамтылады:– Математика– Физика– Химия– Биология– География– ИнформатикаБарша ұстаздар мен оқушыларды белсене қатысуға шақырамыз!Ғылымға қадам – болашаққа қадам! 🚀✨
25. 21 қараша күні 2-сыныпқа әдебиеттік оқудан Менің оқу құралдарым Ө.Тұрманжанов “Жыртық кітап жылады”тақырыбынан ашық сабақ өтті. Оқу мақсаты: Кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау. Өткізген Б.Бекеш
26. 27 күні 7-сыныпқа биология пәнінен “Өсімдіктердің қозғалысы. Қозғалыстың маңызы” тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында әртүрлі әдіс-тәсілдер қолданылды. Пән мұғалімі А.Өтегенова.
27. 27 қаңтар күні 8-сыныпқа биология пәнінен “Қаңқа” тақырыбында ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі: А.Кушекова
28. 27 қаңтар күні Жаратылыстану апталығы аясында “Химия әлемінде” атты мультимедиялық көрініс қойылды. Оқушылар белсене қатысты. Өткізген пән мұғалімі Ж.Ескалиева.
29. 27 қаңтар күні жаратылыстану апталығының ашылуы болды. Апталықтың мақсаты оқушылардың танымдық қызығушылығын мен пәндерді оқуға деген ынтасын арттырады, қызықты істермен қызықтырады. Апта бойы ашық сабақтар, қолжетімді ойын түрінде пәндер бойынша танымдық іс-шаралар өткізіледі
30. 28 қаңтар күні 8-сыныпқа физика пәнінен “Тізбек бөлігі үшін Ом заңы” тақырыбында ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі Көпесова Гүлдана Азатқызы
31. 28 тамыз күні мектебімізде “2025-2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен негізгі міндеттер” тақырыбындағы 1 педагогикалық кеңес өтті.
32. 3 ақпан күні 5-7 сынып оқушылары “IT әлеміндегі бір күн интеллектуалды ойынына қатысып, ақпараттық технологиялар әлеміне саяхат жасады. 💻 Бағдарламалау, цифрлық сауаттылық және логикалық ойлау дағдылары дамыды.🏆 Жеңімпаздар марапатталды!Өткізген: информатика пәні мұғалімдері К.Туреева, Ж.Тлепова. IT-болашақтың тілі, ал бүгінгі білім-ертеңгі мүмкіндік! 🚀
33. 3 ақпан күні информатика пәні мұғалімі, педагог-модератор Ж.Тлепова 3-сынып оқушыларына «Мәтіндегі иллюстрациялар» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта оқушылар мәтінмен жұмыс жасап, иллюстрацияның маңызын тәжірибе арқылы меңгерді.
34. 3 ақпан күні химия пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Ж.Есқалиева 7-сынып оқушыларына арналған «Сұйытылған қышқылдардың металдармен әрекеттесуі» тақырыбында ашық сабақ өтті.🧪 Сабақ барысында оқушылар теориялық білімді практикамен ұштастырып, зертханалық жұмыстар жүргізді.
35. 3-сынып оқушылары үшін нағыз «ғажайыптар зертханасы» есігін айқара ашты! «Ғылымға алғашқы қадам» атты тәжірибе алаңында кішкентай зерттеушілеріміз білім көкжиегін кеңейтті. ✨Оқушылар жұпқа бөлініп, бір-біріне қолдау көрсетуді және бірлесе шешім шығаруды үйренді. Өткізген 3-сынып жетекшісі Ә.Айдарбаева.
36. 3-сыныпқа «Физикалық жүктеме кезіндегі ағзадағы өзгерістер. Уақытқа бір орында жүгіру» атты ашық сабақ өтті. Дене шынықтыру мұғалімі Қ.Түрксітанов.
37. 3-сыныпқа музыка пәнінен «Музыка және поэзия» атты ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі Ғ.Аралбаева.
38. 4 ақпан күні 8–9 сынып оқушылары арасында физика-математика пәндерінен “Knowladge arena”атты интеллектуалды сайыс өткізілді. Сайыс оқушылардың логикалық ойлау қабілеті мен пәнге деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.Өткізген: математика мен физика мұғалімдері Ұ.Ералы, К.Қартбаева.
39. 4-сыныпқа көркем еңбек пәнінен “Суретшілер табиғат құбылыстарын бейнелейді” атты ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі А.Оркашбаева.
40. 4-сыныпқа цифрлық сауаттылық пәнінен “Видео өңдеу” тақырыбында ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі Ж.Тлепова.
41. 4-сыныпта “Лётчик” тақырыбында ашық сабақ өтті. Оқушылар белсенді қатысып, қызығушылықпен жұмыс жасады. Пән мұғалімі: З.Тайлакова.
42. 5 ақпан күні математика пәнінің мұғалімі Ұ. Ералы 6-сынып оқушыларына «Сан аралықтар. Сан аралықтардың бірігуі мен қиылысуы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта оқушылар координаталық түзумен жұмыс жасады.
43. 5 ақпан күні физика пәнінен “Электр тогының жұмысы мен қуаты. Электр тогының ток көзі. Джоуль–Ленц заңы”тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақта теория мен тәжірибе ұштастырылып, оқушылардың қызығушылығы артты. Өткізген: физика пәні мұғалімі, педагог-модератор К.Қартбаева.
44. 5–6 сынып оқушылары арасында «Дарындылар додасы» атты зияткерлік сайыс өтті. Білім мен тапқырлықты, жылдамдық пен логиканы талап ететін бұл сайыста оқушылар өздерінің жан-жақты білімдерін көрсете білді.Мақсаты – оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және дарынды оқушыларды анықтау. Сайыс бірнеше кезеңнен тұрып, қатысушылар белсенділік пен ұйымшылдық танытты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды. Өткізген: А.Жұбатырова.
45. 6-сыныпқа “Музыка және бейнелеу өнерінен” кіріктірілген ашық сабақ өтті. Өткізген музыка пәні мұғалімі А.Жалғасбаева мен технология пәні мұғалімі А.Оркашбаева.
46. 7-8 сыныптар арасында сыныптан тыс шара “МИФ әлемінде” атты интеллектуалды сайыс өтті. Пән мұғалімдері К.Туреева, Г.Көпесова.
47. 8-сыныпқа қазақ әдебиеті пәнінен Шәкәрімнің “Еңлік-Кебек” тақырыбында ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі: педагог-зерттеуші Омарова Айгүл.
48. 9-сыныпқа “Математика — ақыл-ойдың, мәңгілік шұғыласы” атты интелектуалдық сайысы өтті. Мақсаты: оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру.
49. 9-сыныпқа информатика пәнінен «Сұрыптау» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында оқушылар сұрыптау алгоритмдерінің түрлерімен танысып, оларды практика жүзінде орындады. Тапсырмалар арқылы логикалық ойлау, алгоритм құру және программалау дағдылары дамытылды. Оқушылар өз білімдерін көрсетті. Өткізген информатика пәні мұғалімі, педагог-сарапшы К.Туреева.
50. 9-сыныпқа химия сабағынан практикалық жұмыс №5 “Сұйытылған күкірт қышқылының химиялық қасиеттері» тақырыбында ашық сабақ өтті. Химия пәні мұғалімі Ж.Есқалиева.
51. https://www.instagram.com/p/DSHH5bsDH9Қоғамдық-гуманитарлық пәндер апталығы аясында, бүгін мектебімізде полиглот сайысы өткізілді. Бұл сайыста оқушыларымыз өздерінің үш тілді білімдерін көрсетіп, қызыға қатысты. Жеңімпаз оқушылар тәттілермен марапатталды. Оқушыларымыз сайыстарда терең білімдерін көрсетіп, жоғарыдан көріне берсін.K/
52. Аудандық семинар. «Мұғалімнің кәсіби шеберлігі — білім сапасының негізі» атты аудандық семинар өтті.Мақсаты: оқушылардың білім сапасын арттыру, пән мұғалімдерінің ізденіс шеберлігін арттыруға әдістемелік көмек. Семинарда өткізілген ашық сабақтар: 1. Биология пәні мұғалімі А.Өтегенова 9-сыныпқа Жатырішілік дамыту. Ұрықтық дамудың алғашқы кезеңдері. 2.Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Омарова 11-сыныпқа Қ.Мырзалиев «Қызыл кітап». 3. Математика пәнінің мұғалімі Г.Көпесова 8-сыныпқа «Рационал теңсіздіктер. Интервалдар әдісі». 4. Тарих пәні мұғалімі Г.Беркімбай 7-сыныпқа Ш.Уәлиханов-алғашқы қазақ ғалымы. 5. Психолог Д.Базарбай 10-сыныпқа «Ең маңызды таңдау».
53. Бастауыш апталығы аясында 3-сынып оқушылары арасында “Ойлы бала озар” интелектуалдық ойыны өтті. Сайыстың мақсаты ойын арқылы оқушылардың білімін арттыру, ұйымшылдыққа,ынтымақтастықпен бірге жұмыс жасауға үйрету, қазіргі заманның басты талабы білім мен кеңдүниетанымдық екенін насихаттау. Ойын екі топ арасында өтті. Әр түрлі пәндерден қызықты сұрақтар қойылып, балалар белсене қатысты. Нәтижесінде көп ұпай жинаған “Озаттар” тобы жеңіске жетті.
54. Бастауыш сынып мұғалімі тек білім беруші ғана емес, оқушының тұлғалық дамуна да әсер ететін жан. Білімнің алғашқы шамшырақтары.🖍️Бастауыш мұғалімдері:1. Педагог-сарапшы Бекеш Бибігүл Ерсайынқызы2. Педагог-сарапшы Оразова Тамара Избергеновна3. Педагог-Аралбаева Галия Жылкыбековна4. Педагог-Айдарбаева Әдемі Бердіханқызы🖍️Мектепалды даярлық тобы мұғалімі:1. Педагог-модератор Накишова Куланда Туребаевна.
55. Биология пәні мұғалімі А.Өтегенованың сыныптан тыс өткізген шарасынан. Шараның аты: Биология әлемінде, 9 сынып оқушыларының қатысуымен өтті. Мақсаты: оқушылардың биология пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа, жүйрік ойлануға, биология терминдерін жатқа білуге үйрету. Шара барысында оқушылар жақсы, белсенді қатысты.
56. Даярлық сыныбына “Қысқы табиғат” ашық сабағы өтті. Пән мұғалімі К.Накишова
57. Жаратылыстану апталығына ат салысып, жоғары белсенділік танытқан, барлық іс-шараларға белсенді түрде қатысқан және ұйымдастырушылық жұмыстармен айналысқан окушыларды мақтау қағаздармен марапаттады.
58. Жаратылыстану пәндер бірлестігі. Бірге жиналу-бұл бастама,Бірге болу-бұл ілгерілеу,Бірге жұмыс-бұл жетістік.«Жаратылыстану әлемінде» апталығының салтанатты жабылуы өтті. Ұстаздар арасында ән айтылып, логикалық сұраққа жауап беріп, қызықты ойындар ойнатылды.Апталыққа ат салысып, жоғары белсенділік танытқан барлық ұстаздарға әдістемелік бірлестік мүшелері алғыс айтып, шығармашылық табыс тіледі.
59. Жаратылыстану-математика бірлестігінің қаңтар айының 27 мен 31 жұлдызында өтеді.
60. Жаратылытану апталығы аясындағы оқушылардың білім, біліктілігін арттырып, шапшаңдық пен алғырлыққа үйрету мақсатында өткізілген “Қол боста” химиялық логикалық ойындары. Өткізген химия пәні мұғалімі Ж.Ескалиева.
61. Көркем еңбек пәнінің мұғалімі А. Оркашбаева 1-сынып оқушыларына жаңа жылдық әшекейлер жасауды үйретті. Сабақ барысында түрлі-түсті қағаз, картон, жіп және табиғи материалдарды қолданды. Шыршаға ілетін ойыншықтар, қар ұшқындары мен әшекей бұйымдар дайындады.Мақсаты: Әшекей жасау арқылы шығармашылық қабілетті дамытып, ұқыптылыққа үйрету.
62. Қарашаның 21 күні екінші ұзақ қоңырауда апталықтың жабылуы өтті. Апталықтың жабылуында шараларға, сайыстарға қатысқан оқушылар марапатталды. Жабылу салтанатында 2-сынып оқушылары А.Құнанбаевтың 180 жылдығына орай өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтты. Жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруде апталықта сабақ өткізгені үшін МАД тобының тәрбиешісі мен бастауыш сынып мұғалімдеріде марапатталды. Жабылуы соңында 1-сынып оқушылар “Оқып-біліп үйренеміз “ әнімен аяқтады. Бірлестік мұшелеріне толағай табыс, шығармашылық шабыт, ізденіс, күш-жігер, денсаулық тіленді.
63. Қоғамдық- гуманитарлық пәндер бірлестігі апталығының аясында мектеп мұғалімдері мен жоғары сынып оқушылары арасында “Еркін елдің білім бәйгесі» атты интеллектуалды QUIZ -ойыны өтті. Шараны өткізген тарих пәеі мұғалімі, педагог-зерттеуші Беркімбай Гүлшат. Мақсаты: Оқушылар мен мұғалімдердің білімін шыңдау, ұжымдық ынтымақтастықты қалыптастыру, азаматтық ұстаным, отаншылдық құндылықтарды дамыту, интеллектуалды мәдениетті көтеру. Ойынға 4 команда қатысты. Барлық қатысушылар сайысқа белсенділікпен қатысып, сайыс соңында “Бірлік” командасы жеңімпаз атанды. Барлық қатысушылар марапатталды.
64. Қоғамдық-гуманитарлық пәндер апталығы аясында 9-сыныпқа ағылшын тілінен “Reported Speech: Tenses Change” тақырыбында ашық сабақ өтті. Оқушылар тікелей және жанама сөйлету ережелерін практикада қолданып, түрлі жаттығулар арқылы білімдерін шыңдап, тілдік дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді. Пән мұғалімі: Таганиязова Дана.
65. Қоғамдық-гуманитарлық пәндер апталығы аясында қазақ тілінен 7-сыныпқа “Күй — халқымыздың рухани құндылығы. “Қалау рай” тақырыбында ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі: Жанар Досмағанбетова.
66. Қоғамдық-гуманитарлық пәндер апталығы аясында қоңырау уақытында қызықты зияткерлік шара ұйымдастырылды.Оқушылар сөзжұмбақ шешіп, ағылшын тілі пәніне байланысты сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін тексеріп көрді. Бұл іс-шара балалардың ойлау қабілетін, жылдам жауап беру дағдыларын дамытып, ағылшын тілі пәніне деген қызығушылықтарын арттырды. Белсенді қатысқан барлық оқушыларға үлкен алғыс! 🌟📚
67. Қоңырау кезінде оқушыларға математика, информатика, физика, биология, география пәндерінен сұрақтар таратылды. 7-11 сынып оқушылары белсене қатысты.
68. Құрметті ата-аналар, оқушылар және ұстаздар 03.02.2025 ж. күні мектебімізде “Сапалы білім-саналы шәкірт” тақырыбында Сапалы оқу айлығының ашылғандығын хабарлаймыз.Бір ай бойы мектебімізде өткен шараларға белсене ат салысқан оқушылар мен сабақтарға көп қатысқан ата-аналар төмендегідей номинация бойынша марапатталады:1) Сабақтан кешікпеген сынып;2) Үздік оқушы (1ай бойы пәндерден 5 алған оқушы);3) Белсенді ата-ана (сабаққа көп қатысқан ата-ана);4) Ұйымшыл сынып ( ата-ананы сабаққа көп қатыстырған сынып);5) Үлгілі сынып (пәндер бойынша 3-тік бағасы жоқ, тек 4 пен 5 алған сынып)
69. Мектебізде «Сапалы білім-саналы шәкірт» сапалы оқу айлығының аясында «Жас маман, алға бас қадам» атты тәлімгерлік сағаты өтті.Іс-шараның мақсаты:-Жас маманның кәсіби дағдыларын жетілдіру;-Оқыту әдістерін меңгерту және тәжірибе алмасу;-Педагогикалық қиындықтарды шешу жолдарын қарастыру.Өткізген тәлімгер, педагог-зерттеуші Беркімбай Г. К.
70. Мектебімізде 12-16 қаңтар аралығында өтетін эстетика бірлестігінің “Өнер мен спорт — өмір айнасы” атты апталығының ашылуы болды. Ақпараттық стенд: “Өнер мен спорт-өмір айнасы”.
71. Мектебімізде 17–21 қараша аралығында “Бастауыш білімнің қайнар бұлағы” атты бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік апталығы өтіп жатыр. Апталық барысында ашық сабақтар, танымдық іс-шаралар мен тәжірибе алмасу алаңдары ұйымдастырылып, ұстаздар шығармашылық пен кәсіби шеберлікті танытуда.
72. Мектебімізде 5-7 сынып оқушыларына арналған «Ойлы болсаң, озып көр!» тақырыбында зияткерлік сайысы өтті. Мақсаты оқушылардың алған білімдерін тексере отырып, ақыл-ой өрісін жан-жақты дамыту. Оқушылардың әрбір пән бойынша алған білімдерін тиянақтау, шапшаңдыққа жинақтылыққа тәрбиелеу, ақыл – ойын дамыту.
73. Мектебімізде 7-сынып оқушылары арасында “Жүзден жүйрік”математикалық сайысы өткізілді. Сынып 2 топқа бөлінді.Қыран тобы мен Жалын тобы.Жарыс нәтижесі Қыран тобы жеңіске жетті.
74. Мектебімізде эстетика бірлестігінің “Өнер мен спорт — өмір айнасы” атты апталығының аясында “Ән шеруі: таңертеңгі жаттығу және мектеп әнұраны”
75. Мектептің аттестациядан өтуіне байланысты 21 қазан күні компьютер арқылы 4 және 9-сынып оқушыларынан тест сынағы алынды.
76. Мұғалімдер арасында «Lesson Study» коучинг өткізілді. Lesson Study мақсаты: Бірыңғай тақырыптарға назар салып, оқыту дағдыларын дамыту және тарау бойынша жүйеленген сабақтар өткізіп, оқушылар деңгейіне байланысты зерттеу, оқушыны жетістікке жеткізу. Коучинг «Психологиялық ахуал» тудырумен басталды. Мұғалімдер үш топқа бөле отырып, материалды таратып, тапсырмалар орындады.
77. Мұғалімдерге арналған «Жасанды интеллект – заман талабы» тақырыбындағы 6 ақпан күні коучингті информатика пәні мұғалімі, педагог-сарапшы К.Туреева өткізді. Коучинг барысында мұғалім жұмысына ЖИ көмегін пайдалану, сабақта тиімді қолдану жолдары және уақытты үнемдеп, сапалы нәтижеге қол жеткізу мүмкіндіктері қарастырылды.ЖИ – заманауи ұстаздың сенімді көмекшісі. 🚀
78. О.Бөкейдің «Атау-Кере» повесі аясында 11-сынып оқушыларымен өткізілген «Өмір керемет!» танымдық шара. Өткізген: Педагог-зерттеуші А.Ж.Омарова.
79. Сапалы оқу айлығы барысында білім беру ұйымында оқушылардың білім сапасын арттыруға бағытталған бірқатар жұмыстар жүргізілді. Айлық аясында ата-аналардың сабаққа қатысуы ұйымдастырылды. Сапалы оқу айлығы соңында жүргізілген жұмыстар нәтижесінде, ата – аналардың арасынан сабаққа белсенді қатысқан, белсенді сынып, белсенді сынып жетекшілері марапатталды.
80. Сапалы оқу айлығы жоспарына сәйкес мектеп мұғалімдермен “Менің ағзам-табиғаттың химиялық картасы” тақырыбында бір ғылым-үш әлем терапеясы өткізілді. Мұғалімдер арт жұмысында өз ағзасын биологиялық, химиялық, географиялық тұрғыдан тани отырып, бір күндік рационына ғылыми тұрғыда талдау жасады. Шара соңында “Менің ағзамдағы ең құнды элемент- …Себебі…” деп арт-рефлесияларын берді. Жүргізілген арт-терапея -мұғалімдер үшін шығармашылық және аз да болса шаршаудан-демалуға жұмысы бола білді.
81. Сапалы оқу айлығы. “Шығармашылық шеберханасы” атты сурет салу, қолөнер байқауы 7-8 сыныптар арасында өтті. Ата-аналар мен оқушылар белсене атсалысты. Өткізген технология пәні мұғалімі А.Оркашбаева.
82. Сапалы оқу аясында 5,6 сыныптар арасында “Математика — ғылымдар патшасы” атты математикалық сайыс өткізілді. Сайысқа оқушылар белсене қатысты.Пән мұғалімі:Көпесова Гүлдана Азатқызы.
83. Тәжірибе алаңы және интелектуалды ойын, 9-10-11 сынып оқушылар арасында ұйымдастырылды.Мақсаты:1. Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету.2. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру.3. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге үйрету.Сайыс барысында оқушылар жақсы қатысты. Өткізгендер: Ж.Ескалиева, Б.Тулепова, А.Өтегенова, Г.Көпесова
84. Үзіліс кезіндегі танымдық ойын
85. Ұзақ қоңырауда өткізілген ағылшын тілінен “Long Break Word Challenge“ шарасы өтті. Оқушылар шашылған әріптер арқылы жаңа сөздер құрап, тіл байлығын арттырып, бір-бірімен жарыса отырып тамаша көңіл күй сыйлады.
86. Химия пәнінен сыныптан тыс шара аясында «Химиялық сусындардың зияны» тақырыбында өтті. Шара барысында оқушыларға газдалған және энергетикалық сусындардың адам ағзасына тигізетін кері әсері түсіндірілді, тәжірибелер көрсетілді. Салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы айтылды. Өткізген химия пәні мұғалімі Ж.Есқалиева.
87. Эстетикалық пәндер апталығы аясында өткізілген үлкен үзіліс кезіндегі “Ою-өрнек әлемі”, өз ойларымен оюлар дайындау сәтінен
88. Эстетикалық пәндердің ұстаздары “Әлқисса” күйін орындаса, 4-сынып оқушылары музыкалық сәлемдеме жолдады.
89. 📚 “Ертегілер еліне саяхат” ✨18-қараша күні мектеп кітапханасында ерекше танымдық іс-шара өтті. МАД тобының тәрбиешісі Накишова Куланда ұйымдастырған бұл саяхатқа МАД тобының тәрбиеленушілері мен 1–2 сынып оқушылары қатысты.Балалар ертегілерден үзінді тыңдап, қай ертегі екенін табу арқылы өз білімдерін сынап, қызықты сұрақтарға жауап берді.Іс-шара барысында оқушылардың ертегілерге деген қызығушылығы арта түсті. Әсіресе МАД тобының балалары жақсы дайындықпен келіп, белсенділік танытты.
90. 📚20 қараша күні «Кері байланыс – сапалы білімнің кілті» атты мектепішілік семинар өтті.Семинар барысында мұғалімдер өздері қатысқан курстар мен пәндік семинарлардан алған тәжірибелерімен бөлісіп, ЖИ (жасанды интеллект) құралдарын сабақта тиімді пайдаланудың жолдары таныстырылып, мұғалімдерге оны қолдану үйретілді. Сабақ пен тәрбие сағаттарына қолдануға болатын тиімді әдістерді талқылады.✨ Семинар ортасында ұйымдастырылған тренинг ұстаздарға серпіліс сыйлап, жағымды атмосфера қалыптастырды.💬 Соңында қатысушылар өз әсерлерін ортаға салып, бір-бірімен пайдалы ой алмасты.
Дефектолог
>
1. “Баланың сөйлеу дағдыларының дамуымен байланысты проблемалар” тақырыбында ата — аналарға арналған шебер сынып өткізілді.Мақсаты: арнайы педагогтің кәсіби қызметінде, жеке бағытталған, тұлғалық, іс-әрекеттік әдіснаманы жүйелі қолдану арқылы оқушылардың таным, ойлау, есте сақтау, зейін және қиял секілді психикалық үрдістерін кешенді дамыту.
2. Арнайы педагог сабақ кестесі
3. Арнайы педагогтың жылдық жоспары2025-2026 оқу жылы
4. Дефектологтан көмек алатын оқушылар
5. Дефектологтың 2024-2025 оқу жылына арналған жылдық жоспары
6. Дефектологтың жарты жылдық есебі
7. Оқушылардың оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру – бастауыш білім берудің іргетасы. Осы мақсатта дефектолог маманы Гүлжазира Есенгулова ата-аналарға арналған «Бастауыш сынып оқушыларын дұрыс жазуға, оқуға машықтандыру» тақырыбында тренинг өткізді. Тренингтің негізгі міндеті:1. Оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру. Жазу және оқу процесіндегі дизграфия мен дислексияның алдын алу. Ата-ана мен мектеп арасындағы байланысты нығайту. Іс-шара соңында ата-аналар баламен үй жағдайында орындауға болатын арнайы жаттығулар жиынтығымен танысып, көкейдегі сұрақтарына жауап алды. Бірлесе атқарған жұмыс – бала болашағының кепілі!
Кәсіптік бағдар беру
>
1. “Жарқын болашақ”бағдарламасы таныстырылды.Сәуір айының 22-і күні, 9-11сынып оқушыларына арналған “Жарқын болашақ”бағдарламасы таныстырылды.Шараға кәсіптік бағдар беруші педагог пен психолог және мұғалімдер қатысты.
2. «Мың мамандық бәрі бар, таңдап, талғап бірін ал»тақырыбында танымдық шара өтті. Оқушылар түрлі мамандықтармен танысып, өз қабілеті мен қызығушылығына сай бағыт таңдау туралы мағыналы мәлімет алды. Шара барысында презентация көрсетіліп, сұрақ-жауап, талқылау жұмыстары,постер қорғалды. Осындай іс-шаралар өскелең ұрпақтың болашақ мамандығын саналы таңдауға, мақсат қоя білуіне және өз арманына дұрыс бағытпен қадам жасауына ықпал етеді. Болашақ – бүгіннен басталады! ✨Кәсіптік бағдар беруші педагог Изтилеуова Нургул Куанбекқызы.
3. 15 минуттық үзіліс уақытында оқушылармен кәсіптік бағдар бағытында шағын сұхбат жүргізілді. Мақсаты – оқушылардың болашақ мамандыққа деген қызығушылығын арттыру, ой бөлісу. Өткізген: кәсіптік бағдар беруші Н. Изтилеуова.
4. 5 қараша күні Ақшұқыр мектеп-гимназиясының кәсіптік оқыту жөніндегі орвнбасары, Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының Маңғыстау бойынша өкілі Сисенбаев Әбілхайырдың қатысуымен аудандық “Мамандық таңдау болашаққа бастар қадам” тақырыбында 11-сынып оқушылары мен ата-аналарына арналған түсіндірме, кеңес жұмысы өтті.
5. 5-8сыныптар арасында “Мамандықтар фестивалі”тақырыбына арналған шара өтті.Шараның мақсаты: Мақсаты-оқушыларға таңдалған мамандықтардың (мұғалім, шаштараз, электрик, сантехник) қоғамдағы маңызын түсіндіру және еңбекке деген құрметін ояту. Шара өз деңгейінде өтті.
6. Дублер күніне орай 9-сынып оқушысы Молдабекова Кәусар анасының жұмыс орнында болып, бір күн бойы еңбек процесімен танысып қайтты. Іс-шара барысында Кәусар жұмыс күнінің қалай өтетінін, қызметтік міндеттердің орындалу тәртібін және еңбек мәдениетінің маңызын өз көзімен көрді. Бұл тәжірибе оқушыға ата-анасының еңбегін тереңірек түсінуге, жауапкершілік пен еңбекке деген құрметті қалыптастыруға ықпал етті. Дублер күні оқушылардың болашақ мамандықты саналы таңдауына бағыт-бағдар беретін маңызды шаралардың бірі болып табылады.
7. Дублер күніне орай 9-сынып оқушысы Молдабекова Кәусар анасының жұмыс орнында болып, бір күн бойы еңбек процесімен танысып қайтты. Іс-шара барысында Кәусар жұмыс күнінің қалай өтетінін, қызметтік міндеттердің орындалу тәртібін және еңбек мәдениетінің маңызын өз көзімен көрді. Бұл тәжірибе оқушыға ата-анасының еңбегін тереңірек түсінуге, жауапкершілік пен еңбекке деген құрметті қалыптастыруға ықпал етті. Дублер күні оқушылардың болашақ мамандықты саналы таңдауына бағыт-бағдар беретін маңызды шаралардың бірі болып табылады.
8. Кәсіби бағдар берушінің 2024-2025 оқу жылына арналған жылдық жоспары
9. Кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша педагог-кәсіби бағдар берушінің 2025-2026 оқу жылына арналған жылдық жоспары
10. Кәсіптік бағдар беруші — Н.Изтилеуова және педагог — психолог Д.Базарбай 8-сынып оқушыларына мамандыққа бейімдеу бойынша түсінік жүргізді.Оқушылардан социометрия, темперамент типін анықтау сауалнамалары алынды. Мамандыққа бейімдеу бойынша техника жүргізілді.
11. Кәсіптік бағдар бойынша 3-4сыныптарға “Кім болғың келеді”тақырыбында тренинг жүргізілді.Мақсат: оқушылардың болашақта,өз мамандығын таңдай алуға дұрыс бағдар беру.
12. Қарашаның 19 күні мектебіміздің 11-сынып оқушыларымен «Менің болашақ мамандығым» тақырыбында ашық сұхбат ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушылардың болашақ мамандық туралы көзқарасын қалыптастыру, өз қабілетін тануға және мақсат қоюға жетелеу, жауапкершілікке тәрбиелеу. Сұхбат барысында оқушылар: – Арманың қандай?– Ата- ана үмітін ақтай аламын деп ойлайсың ба?– Қандай жоғарғы оқу орнына түскің келеді?– Қай уақытты немесе кезеңді сағынасың?- Мамандығыңды өзің таңдадың ба? Нәтиже: Шара өте қызықты әрі мағыналы өтті. Оқушылар өз пікірін ашық жеткізіп, болашаққа жоспар құрудың маңызын түсінді. Кәсіп таңдау жайлы саналы ой түйді.
13. Мектебімізде 1–4 сынып оқушыларына арналған «Мамандықтар фестивалі» атты танымдық іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларды әртүрлі мамандық түрлерімен таныстыру, еңбекті қадірлеуге баулу және болашақ мамандыққа қызығушылықтарын арттыру. Фестиваль барысында оқушылар мамандықтар әлеміне саяхат жасап, тігінші, сатушы, аспазшы, өрт сөндіруші сияқты түрлі мамандықтармен танысты. Оқушылар көріністер қойып, ойындар мен тапсырмалар арқылы өз белсенділіктерін көрсетті. Сондай-ақ, мамандықтарға байланысты макеттер мен суреттер ұсынылды. Кәсіптік бағдар беруші: Изтилеуова Нургул Куанбековна.
Кітапхана
>
1. Білім алушылардың көктемгі демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында оқушылар мектепке келіп “Көктем келбеті” тақырыбында салған суреттерін қысқаша баяндап берді.
2. “Адал азамат “ Біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша “ Балалар кітапханасы ” жобасы аясында, мектеп оқушыларымен “Шын жүректен кітап сыйла !” тақырыбында челленд жұйымдастырылды. Мақсаты : оқушыларды кітап оқуға ынталандыру, жас ұрпақтың рухани дамуына қолдау көрсету және қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында шын жүректен кітап сыйлау дәстүрін насихаттау.
3. “Балалар кітапханасы- жобасы аясында, мектеп кітапханасында кітапханасында 16 — желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай “ Тәуелсіздік шежіресі” атты кітап көрмесі,””Елімнің еркіндігі -Тәуелсіздік” мәнерлеп оқу ұйымдастырылды.Шараның мақсаты — оқушыларға Тәуелсіз Қазақстанның тарихын,елдік пен еркіндіктің маңызын түсіндіру,отансүйгіштікке тәрбиелеу. Ұйымдастырушылар кітапханашы А.Болеева және ДТЖО Ж.Тлепова.
4. “Балалар кітапханасы”жобасы аясында мектебіміздегі кітапхана ахуалы мен көркем әдебиеттерге деген оқушылар мен ұстаздардың қызығушылығын арттыру, оқырмандарды машықтандыру, тәрбиелеу, кітаптарға қызықтыра білуге үйрету, ұлттық тәрбиеге баулу мақсатында «20 минут кітап оқу» атты іс-шара ұйымдастырылды. Жоғары сынып,бастауыш сынып оқушылары кітапханаға келіп кітап оқыды. Шараның мақсаты — үзіліс уақытын тиімді пайдалану мақсатында әртүрлі ертегі мен аңыз әңгімелер , өлеңдер оқып, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.
5. “Балалар кітапханасы”жобасы аясында Міржақып Дулатұлының “Бақытсыз Жамал” романын 8-сынып оқушылары арасында талдау, пікірлесу ұйымдастырылды. Шығарма бойынша сұрақтар қойылып, оқушылар жауап беріп кері байланыс жасады. Қоғам қайраткері, ағартушы, ақын, жазушы Міржақып Дулатұлының шығармашылығы қалың оқырманға кеңінен таныс. Қаламгер өзі өмір сүрген қоғамның өзекті мәселелерін, халықтың әлеуметтік жағдайы мен психологиялық күйін шебер суреттейді. Қай шығармасы да сол заманның шынайы келбетін көрсетеді.
6. “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында, “Оқуға құштар мектеп” жобасы бойынша қазақ классигі, драматург Бейімбет Майлиннің туғанына 130 жыл толуына орай оқушыларға арналған “Шұғаның белгісі” шығармасы бойынша оқырман конференциясы өтті. Оқушылар сол замандағы қыз тағдыры мен қоғамның қазіргі заманнан айырмашылықтарын айтып, ойларымен бөлісті.
7. “Көктемгі демалыс”. “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында білім алушылар көктемгі демалыс уақытында кітапханаға келіп кітаптар қорымен танысты.
8. “Менің сүйікті кітабым — Абай шығармалары” республикалық челленджі ұйымдастырылды.Мақсаты: Абай атамыздың өз дәуірінде айтып кеткен аталы сөздерінің әлі күнге дейін өз өмірімізге қажеттілігін ұғындыруға, білім алушылардың кітап оқуға қызығушылығын , оқу сауаттылығын арттыруға бағытталған шара.
9. “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында оқушылар сабақтан тыс уақытта мектеп кітапханасына келіп, Ілияс Жансүгіровтың өлең шуамақтарын дауыстап оқыды.
10. “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында оқушылардың қысқы каникул кезінде бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында мектеп кітапханасына келіп кітап оқып, үйлерінен салған қыс мезгілінің суреттерімен бөлісіп, баяндап берді.
11. «Балалар кітапханасы” жобасы аясында жоспарымызға сәйкес берілген “Қызықты әңгіме “тақырыбындағы шараға,мектеп кітапханасындағы жаңадан келген кітаптарымызды , оқушылар жарыса оқуда.📚
12. «Кітап оқыған адамның ойы ұшқыр, сөзі мағыналы келеді». Осы мақсатты ту еткен мектебімізде игі дәстүрге айналған кітап сыйлау челленджі өз мәресіне жетті. Челлендж барысында бастауыш сыныптарға ертегі кітаптар сыйлады.Бұл шараның басты мақсаты — оқушылар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, бір-біріне рухани сый жасау.Сіз сыйлаған бір кітап — өзге бір жан үшін жаңа әлемнің есігін ашуы мүмкін.Барлық қатысушыларға алғыс айтамыз! Жақсылық пен білім бөліскен сайын көбейеді.
13. ⚜️1 қазан — Қарттар күні⚜️
14. 2-сынып оқушысы Исабек Ақжол қысқы каникулда оқыған “Арыстан мен тышқан” атты ертегісімен бөлісті. Оқушылар ертегіні тыңдап түйген ойымен бөлісті.
15. 23 сәуір — “Дүниежүзілік кітап күні”. Дүниежүзілік кітап күніне орай 15 минуттық үзіліс уақытында білім алушылар мен мұғалімдер кітап оқып, бос уақыттарын тиімді өткізді.
16. Білім алушылар бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында өздерінің оқыған кітаптарымен бөлісті.
17. Жүр, досым, кітапханаға! Сиқырлы әлемдерге саяхат жасап, қызықты хикаялармен танысайық! Білімнің кілті — кітапта! Жаңа білім алып, ой-өрісімізді кеңейтейік! Кітап оқу-ең керемет әдет!
18. Кітап қорын түгендеу есебі
19. Кітапхана есебі
20. Кітапхана сіз үшін…
21. Кітапхананың 2024-2025 оқу жылына арналған жылдық жоспары
22. Кітапхананың 2025-2026 оқу жылындағы жылдық жоспар
23. Күзгі каникул кезінде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес «Кітаппен өткізген демалыс күнім қызықты» тақырыбында 5,7,9 сынып оқушылары мектеп кітапханасында қызықты кітаптар оқыды. Кітап оқу мақсаты : Балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып , ой-өрістерін дамыту.
24. Күзгі каникул кезінде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес «Мен оқыған бір ертегі » марафонына 3-сынып оқушысы Мейірхан Ақбөпе «Торғай мен тышқан» ертегісін оқып айтып берді.Бұл шараның мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.
25. Күзгі каникул кезінде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру іс-шаралар жоспарына сәйкес “Кітаппен өткен демалыс күнім қызықты” атты тақырыбы бойынша 8- сынып оқушыларын сынып жетекшісі Канжанова А. аудандық кітапханаға апарды. Кітапханадан ең алғашқы Қызылөзен ауылы кітапханасының кітапханашысы Дихан Ковалиннің көрмесімен және ол туралы білмейтін ақпараттармен танысып келді.
26. Қысқы каникул кезінде «Қыста оқы, ойлан, арманда» тақырыбында балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Кітап- білім бұлағы» атты кітап оқу челленджі ұйымдастырылды. Челленджге мектеп оқушылары белсене қатысты. Мақсаты:Оқушыларды кітап оқуға қызықтыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және бос уақытты тиімді пайдалануға үйрету.
27. Оқушылардың оқулықтармен қамтылуы
28. Оқушылардың үлкен үзіліс кезіндегі 15 минуттық уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында “Кітап оқудың 10 пайдасы” туралы презентация ұйымдастырылды. Мақсаты — оқушыларды кітап оқудың маңыздылығын түсінуге баулу, кітапқа деген қызығушылығын арттыру, білімін, ойлау қабілетін және сөздік қорын дамыту арқылы кітап оқуды күнделікті пайдалы әдетке айналдыру. Кітап-адамзаттың ең асыл қазынасының бірі. Ол білім мен тәрбие беретін, ой-өрісті кеңейтетін сенімді дос. Кітап оқу арқылы адам жаңа ақпарат алып қана қоймай, өз ойын дұрыс жеткізуге, өмірді терең түсінуге үйренеді. Қазіргі заманда технология дамығанымен, кітаптың маңызы ешқашан кеміген емес.
29. Сапалы оқу айлығы. «Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында, “Шын жүректен кітап сыйла” челленджі өтті. Оқушылар мен мұғалімдер мектеп кітапханасына кітап сыйлады.
30. Сапалы оқу айлығы. Мектеп кітапханасында оқушыларға арналған “Book taste” кітап кафесі өткізілді. Оқушылар әдеби танымдық ойындар арқылы ақын-жазушылардың шығармаларымен танысып, оқыған кітаптарымен ой бөлісті.
Логопед
>
1. 2024-2025 оқу жылында логопедке келетін оқушылар тізімі
2. Логопедтің 2024-2025 оқу жылындағы жылдық жоспары
3. Педагог-логопедтің жұмыс уақытының циклограммасы
Психолог
>
1. “10-Қазан Психикалық денсаулық күніне” орай оқушыларға “Менің күйім-денсаулығымның кепілі” атты ашық есік күні өткізілді.Мақсаты: оқушылардың психикалық денсаулығының сау болуына көмек беру. Оқушылардың мазасыздық, стресстік жағдайлардан тиімді жолмен өтуіне жаттығулар, әдіс-тәсілдер арқылы көмек беру.
2. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Заң және тәртіп» айлығы бойынша өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес, Қауіпсіз мектеп! тақырыбында 6-сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Д.Базарбай флешмоб+челлендж өткізді. Мақсаты: Оқушылардың, мұғалімдер мен ата-аналардың құқықтық сауаттылығын арттыру, мектептегі тәртіп ережелерін сақтауға баулу, зорлық-зомбылықтың, құқық бұзушылықтың алдын алу және білім беру ұйымында қауіпсіз, қолайлы орта қалыптастыру.
3. «Мамандық таңдаудың маңызы!» тақырыбында 10, 11-сынып оқушыларына психологиялық тренинг жұмысы жүргізілді.🧑🏫 Мақсаты:Оқушыларға мамандық таңдаудың маңыздылығын түсіндіру;Өзін-өзі тануға және қабілеттерін анықтауға көмектесу;Жеке қызығушылықтары мен болашақ кәсіби бағыттарын сәйкестендіру;Мотивацияны арттыру және мақсат қоюға ұмтылдыру.Мамандық таңдау — өмірдегі ең маңызды шешімдердің бірі. Ол сіздің болашағыңыздың бағытын анықтайды.
4. 4.12.2025 күні “Кәсіби күйіп кетудің алдын алу” тақырыбында мектеп ұжымына психологиялық тренинг өткізілді.Кәсіби күйіп кету (выгорание) — адамның жұмыстан қатты шаршап, мотивациясы жоғалып, эмоциясы таусылып қалатын жағдайы. Бұл бір күнде болмайды, біртіндеп жиналған стресс салдарынан пайда болады.Тренингте кәсіби күйіп кетудің алдын алуға арналған тыныс алу жаттығулары, денедегі қысымды шығару жаттығулары, жағымсыз эмоцияны тиімді жолмен шығару тәсілдері көрсетілді.
5. 5-6-7 сынып оқушыларына “Психологиялық марафон” өткізілді. Мақсаты: оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту, зейінділікке, тапқырлыққа тәрбиелеу. Сайысқа оқушылар белсенді қатысты. 1-орын 5-сынып “Тұлпар”тобы, 2-орын 6 -сынып “Ішкі күш” тобы, 3-орын 7-сынып “Мотивация” тобы алды.
6. 5-сынып оқушыларының орта буынға бейімделуіне орай сыныппен тренинг жұмысы жүргізілді.🎯 Мақсаты:1. 5-сынып оқушыларының жаңа ортаға бейімделуіне көмек көрсету;2. Жаңа пәндер мен мұғалімдерге, жаңа ережелерге бейімделу дағдыларын қалыптастыру;3. Өзара қарым-қатынасты дамыту, сыныпта жайлы психологиялық климат орнату.
7. Ата-аналарды педагогикалық қолдау. 5-9 сынып ата-аналарына жасөспірімдердің есте сақтауы, интеллектуалды дамуы, дұрыс тамақтану, ұйықы режимі жөнінде пайдалы ақпараттар берілді.
8. Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу мақсатында “Өмірге “Иә” деп айт!“ психологиялық онкүндігінің ашылуы өтті. 2-10 сынып оқушылары қатысты.
9. Мектебімізде 02.02.2026 күні “Өмірге “Иә” деп айт!” онкүндігінің ашылуы болды.Мақсаты: білім алушылардың психологиялық денсаулығын нығайту, өмірге деген оң көзқарасын қалыптастыру, суицидтің алдын алу. Онкүндіктің ашылуына 1-11 сынып оқушылары қатысты.
10. Психолог жылдық жоспар 2025-2026 оқу жылы
11. Психологтың 2024-2025 оқу жылына арналған жылдық жоспар
12. Ұжымның психологиялық климаты” — тақырыбында муғалімдермен тренинг өтті.🌈Ұжымның психологиялық климаты- бұл адамдардың бірлескен іс-әрекеті барысында қалыптасқан эмоционалды -психологиялық жағдай, қарым-қатынастың сапасы мен өзара түсіністіктің деңгейі. Ол ұжымдағы әрбір адамның көңіл-күйіне, жұмысқа деген ынтасына және жалпы еңбек өнімділігіне әсер етеді. Осы тұста эмоционалды интеллектті білу, оны қолдану өте маңызды.🌈Эмоционалды интеллект — бұл өз эмоцияларыңды тану, түсіну, басқару және өзге адамдардың эмоцияларын сезініп, дұрыс әрекет ете білу қабілеті.🌈Позитивті ойлау — бұл өмірге, адамдарға, оқиғаларға жақсы жағынан қарау қабілеті. Яғни қиындықтың өзінен мүмкіндік көру, сәтсіздіктен сабақ алу, болашаққа сеніммен қарау.🌈Позитивті ойлаудың пайдасы:💎ынталану деңгейінің артуы💎қарым-қатынастың жақсаруы💎қиындықтардан оңай өту💎өз мақсаттарына жету💎күйзелісті жағдайларға төзімділіктің артуы💎өзін өзі бақылау және дұрыс өзін өзі бағалауды дамыту.
Сабақ кестесі
>
1. Сабақ кестесі 2024-2025 оқу жылы
2. Сабақ кестесі 2025-2026 оқу жылы
Байланыс
Біздің мектеп
Ардагер ұстаздар
>
1. Ардагер ұстаз
2. Зейнкеткер ұстаздар
3. Мектеп сынып туралы ақпарат
Даму жоспары
>
1. 2024-2028 оқу жылына арналған даму жоспары
2. Даму жоспары
3. Мектеп сынып туралы ақпарат
Зұлқарнай Оспанұлы Баймырзаев
>
1. Зұлқарнай Оспанұлы Баймырзаев
2. Мектеп сынып туралы ақпарат
Материалдық база
>
1. Ақпараттық технологиямен жабдықталуы
2. Кабинет
3. Мектеп сынып туралы ақпарат
4. Мектептің материалдық базасы
Мектеп әкімшілігі
>
1. Әкімшілік құрам 2025-2026 оқу жылы
2. Мектеп әкімшілігі
3. Мектеп сынып туралы ақпарат
Мектеп директоры
>
1. Мектеп директорының у.м.а Кушекова Айым Базаровна
2. Мектеп сынып туралы ақпарат
Мектеп ұжымы
>
1. Мектеп сынып туралы ақпарат
2. Мектеп ұжымы
3. Мектеп ұжымы 2025-2026 оқу жылы
Мектеп шежіресі
>
1. Мектеп сынып туралы ақпарат
2. Мектеп шежіресі
Мұғалімдер
>
1. Мектеп сынып туралы ақпарат
2. Мұғалімдер
3. Ұстаздар 2025-2026 оқу жылы
Оқушылар
>
1. 1-4 сынып оқушылары арасында өткен Республикалық “Мың бала” пәндік олимпиадасы ұйымдастырылды. Оқушылар олимпиадаға қатысып, І, ІІ, ІІІ орындарға ие болды.
2. 16 желтоқсан-Тәуелсіздік күні, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай өткізілген “Ұлы елдің-ұланымын” атты әскери-спорттық сайыста мектеп оқушылары ІІІ орын алды. Жетекшісі: АӘТД мұғалімі Н.К.Балгабаев.
3. 21 қараша күні Сайын Шапағатов мектеп-гимназиясында 4-сынып оқушыларына арналған “ЗЕРДЕЛІ ҰРПАҚ” математикалық олимпиадасының аудандық кезеңі өтті.Блиц-турнир түрінде өткізілген байқауға 10 команда қатысты. Байқау қорытындысы бойынша 4-сынып оқушылары ІІІ орын иеленді.
4. 25 қазан – Республика күніне орай мектебімізде «Менің Отаным –Қазақстан» тақырыбында шығармашылық эссе байқауы өткізілді. Байқауға 6-сынып оқушылары белсенді қатысты.
5. 25 қазан – Республика күніне орай мектебімізде бастауыш сынып оқушылары арасында «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында сурет салу байқауы өткізілді.
6. 5-11 сынып оқушылары *Аудандық пәндік олимпиадаға* қатысты. Оқушыларымыз олимпиададан жүлделі орындарды иеленді. Сонымен қатар, 2-7сыныптарға арналған «Зерде» ғылыми жұмысының жүлдегерлері және «Ақберен» байқауының жүлдегерлері.
7. 8-11 сынып оқушылары арасында өткен республикалық “Махамбет оқулары” және “Ақберен”өнер байқауының аудандық кезеңдерінен оқушыларымыз жүлдегер атанды.🔹”Ел құтқарар ер едім…”-номинациясы бойынша 9-сынып оқушысы Мейірхан Асланбек;🔹”Ұлы арман”-Махамбет шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу бағыты бойынша 8-сынып оқушысы Айдарбай Арай;🔹”Көркем сөз оқулары” номинациясы бойынша 9-сынып оқушысы Мейірхан Асланбек, “Шешендік, білгірлік” номинциясы бойынша;9-сынып оқушысы Еңсеген Сағуда III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.Құттықтаймыз!
8. Ақтау қаласында өткізілген дзюдодан 2015-2016,2017-2018 ж.т. кіші жасөспірімдер арасында “KASPI JUDO TOU” ашық турнирінен 27 кг салмақта 3 орын иеленген 2-сынып оқушысы Исабек Ақжол.
9. Білім алушылар арасында “Экология-ел тағдыры” облыстық дебатының аудандық кезеңінде 9-сынып оқушылары Куанша Жасмин, Онбаева Мөлдір ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталады.
10. Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында “Мағжан оқулары” республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсының аудандық кезеңі өтті. Конкурсқа “Жасынан оқу оқып, өнер қуған …” ғылыми жоба жұмысы номинациясы бойынша 10-сынып оқушысы Қайырбай Динара — ІІ орын иеленді, жетекшісі Омарова Айгүл. “Өлең- менің Шолпаным, Айым, Күнім” — Мағжан шығармаларын жатқа оқу номинациясы бойынша 8-сынып оқушысы Мейірхан Асланбек — ІІ орын иеленді, жетекшісі Жанар Досмағанбетова.
11. Мектеп сынып туралы ақпарат
12. Оқушылар
13. Оқушылар жетістігі
14. Оқушыларды білімді, жан — жақты болуға баулу. Білуге, үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Көшбасшылық қабілеттерін ояту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.9-11 сыныптар арасында “XXI ғасыр көшбасшысы” мектепшілік зияткерлік сайыс өтті. Сайыстың мақсаты оқушыларды білімді, жан — жақты болуға баулу. Білуге, үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Көшбасшылық қабілеттерін ояту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу. XXI ғасыр көшбасшысы 10-сынып оқушысы Бисен Бекжан атанып I орынға ие болды. 11-сынып оқушысы Төлеген Бекмұрат II орын, 9-сынып оқушысы Еңсеген Сағуда III орынға ие болды.
Тамақтану
Ас мәзірі
>
1. «Ас мәзірі 2025 — 2026 оқу жылы
2. Cәуір айы
3. Ақпан айы
4. Ас мәзірі 2024 — 2025 оқу жылы
5. Желтоқсан айы
6. Қазан айы
7. Қаңтар айы
8. Қаңтар, ақпан айлары
9. Қараша айы
10. Қыркүйек айы
11. Мамыр айы
12. Наурыз айы
13. Наурыз айы
14. Сәуір айы
15. Ыстық тамақ ішетін оқушылар тізімі
Асхана
>
1. Мектеп асханасының фотосы
2. Ыстық тамақ ішетін оқушылар тізімі
Бракераждық комиссия
>
1. “Өнегелі 15 минут” жобасы аясында 7-сынып ата-анасының қатысуымен “Ас адамның арқауы” тақырыбында оқушыларға маңызды өмірлік дағдыларды үйретіп, азық-түлік таңдауда пайдалы кеңестер беріп, салауатты-өмір салтын ұстануды ұсынды.
2. «Бракераждық комиссия жұмысы»«З.О.Баймырзаев атындағы ЖББМ» КММ 8-ші мамыр күні бракераждық комиссия құрамы мектеп асханасының тамақтану режимінің сақталуы, асхана мен қойманың тазалығы, азық-түліктердің сақталуына тексеру жүргізілді.
3. «Бракераждық комиссия жұмысы»«З.О.Баймырзаев атындағы ЖББМ» КММ 8-ші мамыр күні бракераждық комиссия құрамы мектеп асханасының тамақтану режимінің сақталуы, асхана мен қойманың тазалығы, азық-түліктердің сақталуына тексеру жүргізілді.
4. ⚜️Қайырымдылық акциясы⚜️
5. ⚜️Мектептегі ыстық тамақ⚜️
6. 16.01.2025 жыл «З.О.Баймырзаев атындағы ЖББМ» КММ-нің мектеп асханасының тамақтандыру сапасын бағалау мақсатында мектеп әкімшілігі тарапынан құрылған бракераж комиссия мүшелері күнделікті тамақтың сапасын, жарамдылық мерзімін тексерді. Тексеру барысында мектеп асханасының санитариялық жағдайы, асхананың жалпы тазалығы, ыдыс-аяқтардың тазалығы, азық-түліктің сақталуы мен тұтұну мерзімі талапқа сай.
7. 2025 жылдың қазан айында мектебімізде дәстүрлі мектепішілік жәрмеңке өтті. Оқушылар өз қолдарымен әзірлеген тәтті тағамдар мен қолөнер бұйымдарын ұсынып, ерекше белсенділік танытты.Бұл шараның басты мақсаты –♡ балалардың жүрегіне мейірімділік ұялату♡ қайырымдылық пен бөлісу қасиеттерін қалыптастыру♡ әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларға қолдау көрсету♡ кішіпейілділікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу.
8. 2025-2026 оқу жылына арналған перспективалық төрт апталық маусымдық ас мәзірі
9. 22 сәуірде мектеп асханасына брокераж жүргізілді. Оқушылардың тамақтану кестесіне сәйкес уақытылы тамақтануы және күнделікті берілетін тамақтың сапасы, құрамы, температурасы қалыпты. Сонымен қатар, асхананың жалпы тазалығы, қол жуатын орны талапқа сай. Тағамдарды дұрыс сақтауға арналған тоңазытқыш камералар бар, мұнда әр тағам түрі жеке сақталады. Олардың бар болуы тағам өнімдерінің сапасын тікелей дайындағанға дейін сақтауға жағдай жасайды. Тамақтану блогы жұмыскерлерінің арнайы киімдерін киюі міндетті болып табылады. Бұл қажетті санитарлық — гигиеналық нормаларды сақтауға мүмкіндік береді. Бекітілген ас мәзірі бойынша дайын ас көлемінің азықтардың дұрыс салынуы мен дайын ас шағымы өз деңгейінде. Мектеп асханасының санитариялық жағдайы, асхананың жалпы тазалығы, ыдыс-аяқтардың тазалығы, азық-түліктің сақталуы мен тұтұну мерзімі талапқа сай. Аспазшылардың арнайы киімдері санитарлық талапқа сай және медициналық тексеруден уақытылы өткізілген.
10. IV тоқсан басында мектебіміздің әлеуметтік педагогы Ж.Тлепова , мектеп асханасының тәртібі жөнінде қысқаша мәлімет беріп өтті. «Денсаулыққа пайдалы дәрумендер» туралы айтып, фас-фуд тамақтарын тұтынудың зияны туралы түсінік берді.
11. Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) Қазақстан Республикасындағы Байланыс және әріптестік бюросының қолдауымен «Жапсырмаға 5 секунд назар аударсаң – денсаулығыңды сақтайсың» тақырыбындағы халықтың сапалы әрі қауіпсіз тағам өнімдерін таңдау мәселелері бойынша сауаттылық деңгейін арттыру, тағам өнімдерінің таңбалануын оқып түсіну бойынша тұрақты дағдыларды қалыптастыру мақсатында әзірленген ақпараттық-ағартушылық бейнеролигі.
12. Ақпан айы бойынша бракераж комиссиясы кезекті мониторинг өткізді. Мониторинг барысында оқушыларға берілетін дайын тамақтың сапасы, қауіпсіздігі және санитарлық талаптарға сәйкестігі тексерілді. Сонымен қатар комиссия мүшелері тамақ таратуға дейін тағамды қарап, органолептикалық бағалау жүргізді. Дайын тағамның сапасын бақылады, ас мәзірінің бекітілген мәзірге сәйкестігін тексерді, порция мөлшерін бақылады. Басты назарда санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы міндетті екені ескертілді.
13. Әлеуметтік әмиян туралы түсінік жұмыстарын , мектебіміздің әлеуметтік педагогы : Ж.Тлепова жүргізді . Әлеуметтік әмиян арқылы әлеуметтік көмектер мен төлемдерді басқару және пайдалану үшін арнайы әзірленген электронды платформа.
14. Бракераждық комиссия
15. Мектебімізде кезекті бракераждық комиссия мүшелерінің тексерісі өткізілді. Комиссия мүшелері оқушыларға ұсынылатын тағамдардың сапасын, дәмдік қасиеттерін, сақтау мерзімін, санитарлық талаптарға сәйкестігін тексеру және тағам үлгілерін қарау бойынша жұмыстар жүргізді. Сонымен қатар ас үй қоймасының ішіне де тексеру жұмыстары жүргізілді. Тексеріс нәтижесінде бірнеше ұсыныстар айтылып, ескертілді.
16. Мектебімізде қоғамдық тамақтану обьектілеріне қойылатын санитарлық талаптарға сәйкес, жоспарлы бракеражды комиссия мүшелері 12 қыркүйек күні қамқоршылық кеңесінің төрағасы Балгабаев Нагамадин Көлбайұлы мүшелігімен және ауылымыздың азаматы Түпқараған аудандық мәслихатының қоғамдық мүшесі Бақтыбаев Ержан Сағындықұлы мектеп асханасына тамақтану сапасна мониторинг жүргізді. Күнделікті ас-мәзірін әлеуметтік педагог Ж.Тлепова және мектеп медбикесі М. Изимбергенова тексеріп отырғандығын мәлімдеді.
17. Мектеп асханасынан ыстық тамақпен қамтылатын оқушыларға мектебіміздің мейірбекесі М.Изимбергенова және әлеуметтік педагог Ж.Тлепова дұрыс тамақтану туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Түсіндірме жұмыс барысында фас-фуд тамақтары мен зиянды сусындардың зиян екенін айтып өтті. Дәрумендер мен көкөністер пайдалы екенін айтты.
18. Мектеп асханасында қалай дұрыс тамақтанамыз?Біздің бейне-роликте асхана этикасы, дұрыс тамақтану ережелері көрсетілген.Мектеп ережесін сақтайық!
19. Мектеп мейірбекесі М.Изимбергенова және әлеуметтік педагог Ж.Тлепова оқушылар мен асханадағы тәртіп пен дұрыс тамақтану мәдениеті жайлы түсіндірме жұмыстарын әр тоқсан сайын жүргізіледі.«Тамақтану режимі» «Денсаулыққа пайдалы дәрумендер» турылы айтылып өтті. Денсаулығыңызға бей-жай қарағыңыз келмей ме, тамақтану кестесін белгілеуден бастаңыз. Тәулігіне бір — екі рет қана тамақтану дұрыс емес. Белгілі мөлшерде үш немесе төрт рет тамақтану керек. Тамақтың құнарлы болғанына көңіл бөліңіз. Себебі, адам ағзасы дұрыс қабылдайтын, оны асқазан еш қиындықсыз қорытатын тағам түрлері, яғни белок, майлар, витаминдер, минералды заттарға бай болуы шарт. Тәуліктік ас мәзірінің әртүрлі болуы керек. Тамақтану кезінде адам өзінің ас қабылдау қабілеті, көңіл — күйіне баса назар аударғаны жөн.
20. Сәуір айының 2-сі күні мектебімізде бракераждық комиссия құрамы, жоспарға сәйкес мектеп асханасының тазалығын, тағамдарды сақтайтын қоймалардың жәй-күйімен танысты.
21. Сәуір айының 3-і күні мектебіміздің асхана қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстарын әлеуметтік педагог Ж.Тлепова өткізді. Асханада тыйым салынған тағамдардың болмауы мен улану жағдайларының алдын алу мақсатында айтып өтті.
22. Тамақтану сапасын мерзімдік бағалау бракераж комиссиясын құру туралы 2025-2026 оқу жылы
23. Тамақтану сапасына мониторинг 2 желтоқсан күні мектеп асханасында тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиялардың (бракераждық комиссиялар) кезекті тексеру жұмыстары жүргізілді. Комиссия құрамында А.Кушекова мектеп директорының м.у.а, комиссия төрайымы, Т.Бозатова ата-аналар комитетінің төрайымы, қамқоршылық кеңесінің төрағасы Н.Балғабаев және мектеп медбикесі М.Ізімбергенова болды. Тексеріс барысында асхананың санитарлық жағдайы, тағамдардың сапасы мен қауіпсіздігі, дайын тамақтармен азық-түліктің сақталу талаптары, асхана қызметкерлерінің гигиеналық талаптарға сәйкестігі мен басқа да маңызды аспектілер тексерілді.
24. Ыстық тамақ ішетін оқушылар тізімі
Тәрбие
Жазғы лагерь
>
1. «Ақжелкен» этнолагерь демалыс алаңы
2. “Ақжелкен” жазғы сауықтыру этнолагері
3. “Ақжелкен” жазғы сауықтыру этнолагерінің 9 — күні🌟 Ағаш үй жанынан қазанға тағамдар пісірілді🌟 Балалар аулада сурет салып қызықты күндерін өткізді.
4. “Ақжелкен” жазғы этнолагерінің кезекті күні салт-дәстүрімізге бағышталды.
5. “Ақжелкен” жазғы этнолагерінің қатысушыларына мектеп кітапханашысы А.Бөлеева “Рәміздер күніне” арналған іс-шараларын өткізді.
6. “Ақжелкен” сауықтыру этнолагерінің кезекті жоспарына сәйкес мектебімізде “Ұлттық киім” және “Бұрымды қыз” тақырыптарында сайыс өткізілді.Әр топ ұлттық киім үлгілерінен сән көрсетті.
7. “Ақжелкен” этнолагерінің жайдарлы 4-күні.
8. “Ақжелкен” этнолагерінің көңілді өткен күнінен үзінді.
9. https://www.instagram.com/p/DKkMrjrN5xT/
10. Бүгінгі күн таңғы жаттығумен басталып, “Туған ел” әнін айтумен жалғасын тапты.
11. ✨Ақжелкен✨ жазғы этно лагері
12. ✨ТҰЛПАР✨ тобының қатысушыларынан қызықты бейне ролик
13. 🌟 “Ақжелкен” жазғы сауықтыру лагеріндегі қызықты сәттер!
14. 🌟АҚЖЕЛКЕН🌟 жазғы сауықтыру этнолагері
15. 💫АҚЖЕЛКЕН💫 жазғы этнолагерінің соңғы күні🌟 Лагерьдің соңғы күні қатысушыларды марапаттап, тәттілер таратылды.🌟 Естен кетпес, қызыққа толы лагерімізді қорытындылап, балаларды ауыл ішіндегі ескерткіштерге апарып қыдырттық.
Іс-шаралар
>
1. «Ананың аялы алақаны» челленджі9-сынып оқушыларының құттықтауы
2. «Қамқор жобасы» бойынша ”Birge — Taza Qazakqstan” экоакциясы аясында мектебіміздің оқушылары ағаштардың түбін қопсытып, айналасындағы қоқыстарын жинастырды.
3. «Ұлттық ойын-ұлт қазынасы » күнделікті ұзақ қоңырауда АӘД пәнінің мұғалімі мұғалімі Н.Балгабаев жоғары сынып оқушыларына спорттық ату, немесе қызметтік дайындық барысында қаруды дұрыс және заңды қолдану дағдыларын түсіндірді.Бастауыш сынып оқушыларға «Теңге алу » ойынын көрсетті. еңге алу — қазақтың ұлттық ат спорты ойындарының бірі. Бұл ойын ертеден келе жатқан, батылдықты, жылдамдықты, ат үстінде шапшаң қимылдау қабілетін талап ететін дәстүрлі сайыс түрі. Бұрын бұл ойында салт аттылар жерге тасталған күміс теңгені немесе орамалға түйілген сыйлықты іліп алып, өз ептілігін көрсеткен.
4. “1-Қазан қарттар күніне” орай, мектебімізде “Қарттарым-асыл қазынам” тақырыбында 6-сынып оқушыларының ашық тәрбие сағат өтті.Мақсаты:- оқушыларға қарттарды құрметтеу, сыйлау, қамқор болу қажеттігін ұғындыру.- қазақ халқының үлкенді сыйлау дәстүрін дәріптеу.- қамқорлыққа, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу.
5. “10-Қазан Психикалық денсаулық куніне” орай оқушылармен “Психикалық денсаулық дегеніміз не?” тақырыбында дәріс өткізілді.Мақсаты: психикалық денсаулық ұғымын түсіндіру, өмірлік қиын жағдайларға тап болғанда шығу жолдарын көрсету, досыма көмек керегін қалай ұғамын? Сұрақтарына жауап іздеу.
6. “Taza like fest” акциясы бойынша “Қамқор жобасы” аясында 11-сынып түлектері мектеп жанынан тал отырғызды. Мақсаты: Туған өлкенің тазалығын сақтау.
7. “Адал азамат “ Біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша “Қамқор” жобасы аясында, 5,6-сынып оқушылары мектеп ауласына, қар тазалау тазалық жұмыстарын жүргізді.
8. “Адал азамат””Біртұтас тәрбие бағдарламасы” аясында 7-сынып оқушыларына сынып жетекшісі А.Қартбай Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл толуына байланысты ашық тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: ұлттың рухани ұстазы, қазақ халқының ұлттық сана-сезімін оятқан ағартушы әрі жазушы. Оның шығармашылығы мен қаһармандық еңбегі бүгінгі жастарға елге сүйіспеншілік, білімге ұмтылу және белсенді азаматтық ұстаным сияқты құндылықтарды тәрбиелеуге көмектесу.
9. “Ауыл тазалығы — ортақ міндет”. “Таза Қазақстан” республикалық акциясы аясында мектеп ұжымы теңіз жағалауын қоқыстан тазарту мақсатында сенбілікке шықты.
10. “Біртұтас тәрбие бағдарламасы” аясында күнделікті іс-шаралардың бірі “Өнегелі 15 минут” өткізілуде. Ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған “Ою-өрнектер сыр шертеді” тақырыбында көркем еңбек пәні мұғалімі А Оркашбаева өткізді.Ою-өрнектер — қазақ халқының мәдени мұрасы, тәрбие құралы. Ою-өрнектер оқушылардың эстетикалық талғамын дамытуға, еңбекке баулуға ықпал етеді.
11. “Біртұтас тәрбие бағдарламасы” аясында күнделікті өткізілетін іс-шаралардың бірі — “Өнегелі 15 минут” мектебімізде өткізілуде. Соның бірі балалардың логикалық ойлауын дамытуға арналған “Сызықтарды жалғастыр” дидактикалық ойынын А.Оркашбаева ұйымдастырды. Балаларға берілген сызықтарды өз қиялдарымен жалғастырып, сурет салуға тапсырмалар берілді. Балалар қызыға қатысты.
12. “Біртұтас тәрбие бағдарламасы” аясында күнделікті өткізілетін іс-шаралардың бірі “Өнегелі 15 минут” өткізілуде. Ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған “Құрақ құрау” тақырыбына көркем еңбек пәні мұғалімі А. Оркашбаева ұйымдастырды. Балаларға құрақ құрау және құрақтың түрлері туралы түсінік беріліп, берілген қағаз қиындыларынан құрақ құрап жапсыруға тапсырма берілді. Балалар қызыға қатысты.
13. “Бөлме гүлдерін күту және баптау” тақырыбында 4-сынып ата-анасы Жанібекова Амангүл оқушыларға бөлме гүлдерін қалай баптап, өсіру, оларды қалай көбейтуге болатын жолдарымен бөлісті.
14. “Бұрымды қыз” челленджіМақсаты: Қыздарға ұмыт болуға айналған ұлттық төл мәдениетіміз бен өнерімізді қайта тірілтіп, салт-дәстүрді жаңғырту, әсіресе қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру арқылы әділеттікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу. Шаштарын үнемі күтіп ұстауға, тазалыққа,тәрбиелеу.
15. “ДосБолLike” достық мақал-мәтел айтып, сыйлық ұтып ал!
16. “Еңбегі адал жас өрен” жобасы аясында 10-11 сынып оқушыларын ауылымызда орналасқан Мәдениет үйі мен Түпқараған ауданы бойынша Қызылөзен ауылында жаңадан салынған су жүйесіне саяхат жасады.“Мәдениет үйінің” басшысы Наташа Нургуатова апай мекеменің қысқаша тарихымен таныстырып, мәдениет үйінде атқарылатын жұмыстарды оқушыларға түсіндірді.Ауылымыздағы су жүйесінің жұмысын меңгерушісі Назар Түйешиев ағамыз оқушыларға айтып берді.
17. “Есірткіге жол жоқ!”Біздің мектеп оқушылары салауатты өмір салтын ұстанады!
18. “Жас сарбаз: бейбіт елдің ұланымыз” апталығында 7-10 сыныптар арасында білім алушыларға «Құқықтық тәрбие» бойынша пневматикалық мылтық атудан сайыс өткізілді.Сайыс қорытындысы бойынша:1-ші орын Жанабай Қайсар2-ші орын Кеңес Ерасыл3-ші орын Оразалы Айбар иеленді. “Мерген аруы” номинациясы бойынша Молдабекова Кәусар марапатталды.
19. “Жасыл клуб ұйымы” бойынша мектебіміздің тәлімгері Қ.Борашова бастауыш сынып оқушыларына, бөлме гүлдерін күту, баптау туралы түсінік жұмыстарын жүргізді. Мақсаты: Оқушыларға өсімдіктерге қамқор болуды үйрету, еңбекке баулу және экологиялық тәрбие беру. Гүлдерге күтім жасау – тазалық пен тәртіпке, мейірімділікке үйретеді.
20. “Жасыл клуб” үйірмесінің оқушылары гүл отырғызды. Бөлме гүлдерінің негізгі бөліктерімен таныстырып, білімдерін нақтылау. Бөлме гүлдерін салыстыруға, сыртқы белгілеріндегі ұқсастық пен айырмашылықты табуға үйрету. Гүлдерді күтіп, суаруға тәрбиелеу. Балаларлың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
21. “Көмек Стоп Буллинг” жобасы аясында 7-11 сынып оқушыларына ZOOM платформасы арқылы ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жиналыс барысында оқушыларды буллингтің түрлері, оның психологиялық және әлеуметтік дамуына әсері, буллингке ұшыраған жағдайда көмек сұрау жолдары жөнінде ақпарат берілді.
22. “Қамшы алу ойыны”. Мақсаты: Оқушының үзіліс уақытын тиімді пайдалану
23. “Менің атам”, “Менің әжем” тақырыбында челленджі өтті. 2-сынып оқушылары өздерінің ата-әжелеріне қалай көмектесетінін айтып берді.
24. “Менің атам”, “Менің әжем” челенджі. Оқушылар мереке қарсаңында өздерінің ата-әжелері туралы айтып, жылы лебіздерін білдірді.
25. “Менің сыныбым буллингке қарсы” челленджі! 6-сынып. Мақсаты: Оқушылардың физикалық және психологиялық қауіпсіздік мәселелеріне саналы түрде қарауына көңіл аударту.
26. “Наурыз-жыл басы” тақырыбында 1-11 сыныптар арасында сынып сағаты өткізілді.
27. “Отбасым-менің тірегім тақырыбында “Бір тұтас ел-біртұтас жер” бағдарламасы аясында көп балалы ата-аналарға тәрбиелік шарамыз өткізілді.
28. “Өмірге “Иә” деп айт!“ онкундігі барысында 5-6 сыныптың ата-аналары және оқушылары арасында “Өмір тамаша! Біз өмірді таңдаймыз!” тақырыбында спорттық сайыс өткізілді. Мақсаты: салауатты өмір салтын сақтау, оқушылардың өмірге деген құлшынысын ояту.
29. “Өмірге салауатты қадам” тақырбында 1-11 сынып оқушыларына сынып сағаты өткізілді.
30. “Өнегелі 15 минут” жобасы аясында “Мамандығым — мақтанышым” тақырыбында 9-сынып ата-анасы білім алушыларға өз мамандығы туралы қысқаша әңгімелеп, кәсібінің ерекшеліктері туралы ақпарат берді.
31. “Өнегелі 15 минут” жобасы аясында “Тұлғаңды таны” атты шараға мектеп оқушылары белсене қатысты.
32. “Өнегелі 15 минут” жобасы аясында 11- сыныптың ата-анасы Дайрабаева Айтолқын “Жақсы кітап -жан азығы” тақырыбында оқушыларға қазіргі таңдағы қасіретке айналып отқан ұялы телефонның, әлеуметтік желілірдің пайдасынан зияны артып отқанын айтып, сөз қозғады.Сонымен қоса, өзінің жүрек жарды өлең шумақтарын оқушыларға оқып берді.
33. “Өнегелі 15 минут” жобасы аясында 4-5 сынып оқушыларына “Эмоционалды интеллектіні дамыту” тақырыбын 5-сынып ата-анасы Сатыбалдиева Гүлжанат кеңінен ашып түсіндірді.Мақсаты: ата -ана мен бала арасында тығыз байланыс орнату.
34. “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күніне орай мектебімізде ағаш отырғызу акциясы мен сенбілік ұйымдастырылды. Шараға 9, 10, 11 сыныптарынан 29 оқушы белсене қатысып, 3 шырша көшетін отырғызды. Табиғатты аялау – әрқайсымыздың борышымыз! Бір тал ексек – болашаққа үлес қосқанымыз.
35. “Тәрбиелі ұрпақ — Қауіпсіз қоғам” тақырыбында мектеп ата-аналары мен жоғары сынып оқушылары арасында жиналыс өткізілді.Жиналысқа білім бөлімінің басшысы, аудан прокуроры, мектеп инспекторы қатысты.Жиналысқа 49 ата-ана, 58 оқушы келді.
36. “Тұлға және дәуір тарихи оқиғалардың әдебиеттегі көрінісі” тақырыбында мұғалімдерге арналған танымдық шара өтті. Шараның мақсаты: Тарихи тұлғаның көркем әдебиеттегі бейнесін талдай отырып, тұтас тарихи дәуірдің ерекшеліктерін талдау, саяси сана қалыптастыру, кітап оқуға қызығушылығын арттыру. Өткізген тарих пәні мұғалім Г.Беркімбай.
37. “Үнемді тұтыну” суды үнемді тұтыну бойынша оқушыларға бейне ролик көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
38. “Үнемді тұтыну”-суды, тамақты, энергияны тұтыну бойынша күнделікті табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыруға бағытталған шаралар.
39. “Ұлт болашағы — білімді ұрпақ” десек, қашанда ұрпақ қамын басты назарда ұстанған президент тапсырмасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, комитет, департамент басшыларымен бірлескен басқосу болды. Басқосуға облыстағы білім беру ұйымдарының басшылары, әкімдер, үздік, шебер педагогтер қатысты.
40. “Ұлттық ойын-ұлт қазынасы “ күнделікті ұзақ қоңырауда мектебіміздің ағылшын пәнінің мұғалімдері Д.Таганиязова және Г.Нурмаханова оқушыларға “Шыр ойыны”– қазақ халқының көне ұлттық ойындарының бірі. Бұл ойын көбіне асықпен ойналады. Ойыншылар белгілі бір қашықтықтан өз сақасымен орталықтағы асықты қағып шығаруға тырысады. Кім дәл тигізсе, сол асықты олжалайды. Шыр ойыны балалардың мергендігін, байқампаздығын және көз мөлшерін дамытады. Сонымен бірге достық жарыс сезімін қалыптастырып, ептілікке тәрбиелейді.
41. “Ұлттық ойын-ұлт қазынасы “ күнделікті ұзақ қоңырауда мектебіміздің математика пәні мұғалімі Ұ.Ералы және ағылшын пәні мұғалімі Д.Тағаниязова “Шыр ойыны”– қазақ халқының көне ұлттық ойындарының бірі. Бұл ойын көбіне асықпен ойналады. Ойыншылар белгілі бір қашықтықтан өз сақасымен орталықтағы асықты қағып шығаруға тырысады. Кім дәл тигізсе, сол асықты олжалайды. Шыр ойыны балалардың мергендігін, байқампаздығын және көз мөлшерін дамытады. Сонымен бірге достық жарыс сезімін қалыптастырып, ептілікке тәрбиелейді.“Бұқа тартыс”– оқушылар арасында жиі ұйымдастырылатын ұлттық ойын. Ойыншылар арқанның екі ұшын ұстап, бір-бірін өз жағына тартуға тырысады. Кім қарсыласын сызықтан өткізсе, сол жеңеді. Бұл ойын оқушылардың күшін, шыдамдылығын және батылдығын арттырады.
42. “Ұстазыңды құттықта” челенджі аясында 2-сынып оқушылары барша ұстаздар қауымын төл мерекелерімен құттықтайды.Ұстаздар – қоғамның алтын діңгегі, адамзаттың шамшырағы. Олардың білімі мен тәлім-тәрбиесі бізді биік шыңдарға жетелейді. Әрбір ұстаздың еңбегі – ұлт болашағының мықты іргетасы. Ұстаздар күні құтты болсын!
43. “Ұшқыр ой алаңы” жобасы аясында 9-10 сынып оқушылары арасында «Мектептегі тәртіп ережелері еркіндікті шектей ме?» тақырыбында дебат өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту, өз пікірін дәлелді түрде жеткізе білуге және қарсы пікірді құрметтеуге үйрету.Дебат барысында қатысушылар екі топқа бөлініп, тақырып бойынша өз ұстанымдарын қорғады. Бір топ мектептегі тәртіп ережелері оқушылардың еркіндігін шектейді деген пікірді жақтаса, екінші топ бұл ережелер қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз етіп, баршаға тең мүмкіндік береді деген көзқарасты ұсынды.
44. “Ұшқыр ой алаңы” жобасы аясында мектебімізде педагогтар арасында “Жетістікке жету үшін жоғары білім қажет пе?” тақырыбында дебат өткізілді.
45. “Халықаралық әйелдер күні” құтты болсын!
46. “Шоқаны бар ел-шоқтығы биік ел” деген сөздің мәні терең. Шоқан Уәлиханов-қазақ халқының ғылымы мен мәдениетін әлемге танытқан ұлы ғалым, ағартушы. Оның білімге, ғылымға деген құштарлығы-кейінгі ұрпаққа үлгі. Шоқандай дара тұлғасы бар елдің рухани деңгейі де жоғары болады. Сондықтан, бұл ашық сынып сағаты-ұлы тұлғаның өмірі мен еңбегін үлгі ете отырып, жас ұрпақты білімге, отансүйгіштікке, елін сүюге тәрбиелеуге бағытталған. “Шоқаны бар ел-шоқтығы биік ел” тақырыбындағы ашық сынып сағатын 9-сыныпқа сынып жетекшісі А.Оркашбаева өткізді.
47. «Адал азамат » біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде «Заң және тәртіп» бағытында мектеп оқушыларына іс-шара жоспары жасақталды. Жоспарға сай мектебіміздің 5-6 сынып оқушылары «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбына видеоролик дайындады. Мақсаты: Жемқорлықтың қоғамға тигізетін зиянын түсіндіру, адалдық пен әділдік құндылықтарын насихаттау, заңға құрметпен қарауға және жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға тәрбиелеу.
48. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы «Заң және тәртіп» айлығы бойынша өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес «Киберқауіпсіздік негіздері» тақырыбында мектеп оқушыларына сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: Білім алушыларға киберқауіпсіздіктің негізгі ұғымдары мен қағидаларын түсіндіру, ақпараттық жүйелер мен жеке деректерді қорғаудың маңыздылығын ұғындыру, интернетте қауіпсіз жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру және киберқауіптерді анықтап, олардан қорғану жолдарын үйрету.
49. «АДАЛ АЗАМАТ» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Заң және тәртіп» айлығы бойынша, өткізілетін іс –шаралар жоспарына сәйкес Д.Тағаниязова мен А.Қанжанова оқушыларға «Жастар және сыбайлас жемқорлық» тақырыбында оқушыларға челлендж ұйымдастырды.Мақсаты: Сыбайлас жемқорлық ұғымы және оның қоғамға тигізетін зияны туралы түсінік беру. Жастарды заңды сақтауға, жауапкершілікке және азаматтық белсенділікке тәрбиелеу.
50. «АДАЛ АЗАМАТ» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Заң және тәртіп» айлығы бойынша, өткізілетін іс –шаралар жоспарына сәйкес мектебіміде «Қауіпсіз интернет» тақырыбында оқушыларға түсінік жұмыстарын жүргізді.Мақсаты: Интернетті қауіпсіз, пайдалы және жауапты пайдалану дағдыларын қалыптастыру.
51. «АДАЛ АЗАМАТ» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Заң және тәртіп» айлығы бойынша, өткізілетін іс –шаралар жоспарына сәйкес мектебіміздің тәлімгері Қ.Борашова оқушыларға «Қауіпсіз мектеп» тақырыбында оқушыларға видеороликтер көрсетіп , түсінік жұмыстарын жүргізді. Мақсаты: Оқушы өзін қауіпсіз сезінетін, оқуына зейін қоя алатын, ал мектеп қауымдастығы бірлесе әрекет ететін орта екенін түсіндіру.
52. «Алтын күз – 2025» мерекелік шара.Мақсаты: оқушыларды табиғатты сүюге, күздің әсем көріністерін тануға және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталды.Іс-шараға мектепалды даярлық тобы мен бастауыш сынып оқушылары белсене қатысып, өлең оқып, ән шырқап, би билеп, көркем өнерлерін көрсетті. Күзгі өнімдерден жасалған қолөнер көрмесі де көпшіліктің көңілінен шықты. Белсенді оқушылар бас жүлде және 1–4 орындармен марапатталды. 🍂Кеш көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, жылы әсер қалдырды! 🌟
53. «Біртұтас тәрбие бағдарламасы” аясында күнделікті өткізілетін іс-шаралардың бірі — “Өнегелі 15 минут” мектебімізде өткізілуде. Осы орайда оқушыларға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Тлепова оқушыларға «Көңілді үзіліс» ойынын, Тәуелсіздік мерекесіне орай байланыстырып сұрақтар қойды. Оқушылар жарыса жауап беріп , сабаққа қажетті құрал-жабдықтарына ие болды. Бұл ойынның мақсаты: Оқушыларға Тәуелсіздік туралы білім беру Қазақстанның тарихы, маңызды оқиғалары мен тұлғалары жайлы ақпаратты жеңіл, ойын түрінде меңгерту.Патриоттық сезімді қалыптастыру– Тәуелсіздікке деген құрмет пен мақтаныш сезімін арттыру.Қызығушылықты ояту – Тарихты жаттап емес, ойын арқылы үйрену.
54. «Біртұтас тәрбие бағдарламасы” аясында күнделікті өткізілетін іс-шаралардың бірі — “Үнемді тұтыну». «Үнемді тұтыну» бойынша директордың тәрбие ісі жөнінде орынбасары Ж.Тлепова оқушыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді.
55. «Досболайық» — достық пен бірлік мекені 🏫Мектебімізде оқушылар арасындағы сыйластықты арттыру мақсатында «Досболайық» тақырыбында интеллектуалды сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылды.Шараның мақсаты: Оқушыларды адалдыққа, бауырмалдыққа және ұжымдық ауызбіршілікке баулу.Ойын нәтижесінде оқушылар достықтың құндылығын түсініп, өзара жақсы қарым-қатынас орнатты. Белсенді қатысқан барлық оқушыларға алғыс айтамыз!
56. «Жүректен шыққан өлең» (поэтикалық челлендж) мұғалімге арнап авторлық өлең жазу шарасы аясында 3-сынып оқушылары ұстаздарына арнап жүрекжарды өлең шумақтарын жазды. Асхат Аймира ұстаз туралы өлең шумақтарымен барша ұстаздар қауымын төл мерекелерімен құттықтады.
57. «З.О.Баймырзаев атындағы ЖББМ» КММ-де 7-сынып оқушыларына «Заң мен тәртіп» идеологиясын іргерілету бойынша оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Қаржылық мониторинг агенттігі мен Сыртқы істер министрлігінің бейнематериалдарын көрсетіліп түсінік жұмыстары жүргізілді. Мақсаты: Оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру, ақша қаражатын тиімді пайдалану.
58. «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» республикалық науқаны аясындағы іс-шаралар жоспарына сәйкес, желтоқсанның 1-ші аптасында «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ», «Мектептегі зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыптарында 1-11 сынып оқушыларына сынып сағаттары өтті. Мақсаты: Қауіпсіз және мейірімді ортаның маңызын түсіндіру, өз құқықтарын білуге үйрету. Қиын жағдай туындағанда көмек сұраудың жолдарын көрсету және қорғану дағдыларын қалыптастыру. Мектептегі буллинг, кибербуллинг және басқа да агрессия түрлерін түсіндіру. Оқушыларды зорлық-зомбылықтың алдын алу тәсілдерімен таныстыру және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.
59. «Инабатты қыздар” ұйымының жоспарына сәйкес 5-11 сынып қыздарына жиналыс өткізілді. Жиналыстың мақсаты: Жас жеткіншектер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу жастардың Адам тәрбиесі мен Қоғам тәрбиесіне байланысты көзқарастарын дұрыс қалыптастыра отырып, болашақта ұрпақ қамын, ұлт тағдырын ойлайтын қоғамның мүшесі болуларына жағдай жасау, ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында түсініктеме беру.Тәжірибесі мол мектебіміздің ұлағатты ұстаздары қазіргі таңдағы қыздардың тәрбиесі мен қоғамда алар орны туралы айтып, қазақ қызының бойында ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, инбаттылық, т.б. қасиеттерінің болу керектігі жөнінде толық ашып айтты.
60. «Қауіпсіз интернет менің таңдауым», «Интернеттегі қауіпсіздік-жеке жауапкершілік» тақырыбында мектебіміздің 10-сынып оқушыларына эссе жазу тапсырмасы ұйымдастырылды. Мақсаты — оқушылардың интернеттегі қауіпсіздік туралы білімдерін арттыру, цифрлық ортада жауапкершілікпен әрекет ету дағдыларын қалыптастыру, жеке мәліметтерді қорғау мәдениетін дамыту және киберқауіптердің алдын алуға саналы көзқарас қалыптастыру.
61. «Қауіпсіз интернет», «Әлеуметтік желілерді қауіпсіз пайдалану» тақырыптарында мектебіміздің 1-11 сынып аралығында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты — интернетті қауіпсіз әрі жауапкершілікпен пайдалану жолдарын түсіндіру, жеке ақпаратты қорғау, киберқауіптердің алдын алу және онлайн ортада мәдениетті қарым-қатынас қалыптастыру. Әлеуметтік желілерде (мысалы, Instagram, TikTok, Facebook) жеке мәліметтерді қорғау, қауіпсіздік баптауларын дұрыс қолдану, кибербуллингтен сақтану және желідегі жауапты мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.
62. «Мамандығым-мақтанышым” атты 30, 40 жылдық еңбек өтілі бар, білім мен мейірімге арнаған ұстаздарымызбен кездесу кеші өтті. Ұстаздар-біздің сыйлы құрметті әріптестеріміз. Мектебіміздің жас мамандары олардан білім қазынасын алады. Біздің мамандығымыздың ұлылығы-еліміздегі әрбір адамның мектеп қабырғасынан білім алатынында. Ең маңызды мамандық-педагог. Кеш қонағы ұстаздарымыз музыка пәні мұғалімі, педагог-модератор Жалғасбаева Ақжүніс, география пәні мұғалімі, педагог-сарапшы Тулепова Балбибі, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-сарапшы Тайлақова Замзагүл, тарих пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Беркімбай Гүлшат, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Омарова Айгүл.Ұстаздарымызға шексіз алғыс!
63. «Некеге мәжбірлеу , сталкинг және әйелдерге қатысты өзге де зорлық-зорлық түрлеріне қатысты құқықтық сауаттылықты арттыру және нөлдік төзімділікті қалыптастыру» тақырыбында «Құрмет пен шекаралар», «Қауіпсіз интернет әлемі» бейнероликтерін 6-сынып оқушылары ұйыдастырды. Мақсаты: Білім алушыларға жеке және өзгенің шекараларын түсіндіру, өзара құрметке негізделген қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, келісім (consent) ұғымының маңызын ұғындыру және тұлғалық қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамыту.
64. «Өнегелі 15 минут» жобасы: Арманға апарар жол тәртіптен басталады! 🚀Бүгінгі кейіпкеріміз — 11-сынып оқушысы Құдайберген Ақтілеу. Ол ҰБТ-ға дайындық пен спортты қалай ұштастырып жүр? 🏋️♂️📚Ақтілеудің күнделікті жаттығуы — бұл жай ғана спорт емес, бұл өзіңді жеңу және мақсатқа деген адалдық. Оның видеосынан қуат алып, күніңізді пайдалы өткізуге асығыңыз!
65. «Тазалық – жан саулығы» мектеп санитарлық гигиеналарға сәйкестігі жайында мектебіміздің медбикесі М.Изимбергенова , жоғары сынып оқушыларына жалпы тазалық туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мақсаты — оқушыларға тазалықтың адам денсаулығына әсерін түсіндіру, жеке бас гигиенасын сақтауға үйрету және салауатты өмір салтын қалыптастыру.
66. «Ұстаздық етпес жалықпас үйретуден балаға» — деген ұлы Абай бабамыз. Сіздер жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге өлшеусіз. Сіздер — жастардың болашағын айқындайсыздар, бүгін еккен дәндеріңіз ертеңгі жеңісті-жемісті күннің кепілі. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады.Шәкірттеріңіздің құрметі мен махаббатына бөленіңіздер. Шығармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін. Мерекелеріңізбен! Мерейлеріңіз үстем болсын!
67. ⚜️16 желтоқсан — Тәуелсіздік күні⚜️«Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай мектебімізде «Қазақ елі-мәңгілік ел» тақырыбында мектепішілік шара ұйымдастырылды. Оқушылар Тәуелсіздікке арналған өлеңдерін оқып, патриоттық әндер орындады. Іс-шараның мақсаты — Тәуелсіздіктің маңызын түсіндіру, ел тарихын құрметтеуге, отансүйгіштікке, ұлттық рух пен бірлікке тәрбиелеу, жастардың бойында туған елге деген мақтаныш сезімін қалыптастыру. Қазақ елі бай тарихы бар, талай сыннан өткен ел. Көшпелі өркениеттен бастау алған қазақ халқы еркіндікті, жерді, елді қорғауды басты құндылық деп санаған. 1991 жылы Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізіп, өз мемлекеттілігін әлемге танытты. Бұл – Мәңгілік Ел болуға жасалған маңызды қадам екеніне көз жеткізді. Шара соңы Республикалық біріңғай “Жас Ұлан”және “Жас Қыран” балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімі өтті. Оқушылар ант қабылдап, Жас Ұлан гимнін шырқады. Ұйымға қабылданған оқушыларға сәттілік тілейміз!
68. ⚜️Дублер күні⚜️
69. ⚜️Екі жұлдыз: Ұстаз бен шәкірт⚜️Мектебімізде тәлімгердің ұйымдастыруымен өткен бұл байқау – мұғалім мен оқушы арасындағы шығармашылық байланысты нығайтқан ең жылы әрі әсерлі жоба болды. Байқаудың мақсаты – мұғалім мәртебесін арттыру, оқушылардың талантын ұштау және мектепішілік мәдениетті дамыту. Шараға 2–9 сынып оқушылары мен сынып жетекші апайлар белсене қатысты. Қатысушылар Шәмші Қалдаяқовтың жүрекке жылы әндерін орындап, көрермендердің зор ықыласына бөленді. 🎤💐 Ұстаз бен шәкірттің үйлесімі, өнерге деген сүйіспеншілік кештің сәнін арттырды.✨ Өнер мен өнеге тоғысқан тамаша кеш болды!
70. ⚜️Жаңа жыл 🎄⚜️
71. ⚜️Құқықбұзушылықтың алдын алу басты міндет⚜️
72. ⚜️Ұстаз-ұлт шамшырағы⚜️
73. ⚜️Ұстаздар күні⚜️
74. ⚜️Ұшқыр ой алаңы⚜️
75. 0 қараша күні мектебімізде «Заң мен Тәртіп», «Тәрбиелі ұрпақ- қауіпсіздікті қорғау» тақырыптары аясында , Түпқараған аудандық прокуроры Егізбаев Қалдыбек Қалдашұлы, аудандық білім бөлім басшысы Куатова Несибели Кыдыргалиевна, Түпқараған ауданы ПБ бастығының бірінші орынбасары полиция майоры Туребаев Бекзат Далиұлы мектеп ұжымымен және оқушылар мен кездесу ұйымдастырды.Кездесу мақсаты: Оқушыларға буллинг, кибербуллинг, зорлық-зомбылық, есірткіге қарсы күрес, интернет алаяқтықтың алдын-алу бойынша түсінік жұмыстарын жүргізілді. Мектебіміздің 8-11 сынып оқушылары түгелдей қатыстырылды.
76. 1 мамыр — Бірлік, Ынтымақ күні! Мектебімізде “Ынтымақ-достық кепілі” тақырыбында білім алушыларға сынып сағаты өткізілді.
77. 1-4 сынып оқушыларына “ҚР мемлекеттік рәміздері” тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып жетекшілер оқушыларға елімізді дүниежүзіне таныта білген мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін жан-жақты дамытты.
78. 1-сынып оқушыларына “Дос болайық” тренинг жаттығуы жүргізілді. Мақсаты: достық қарым-қатынасты нығайту, оқушыларды жақындастыру, сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру.
79. 1–2 сынып оқушылары мен олардың аналарының қатысуымен «Талантты бала – ақылды ана» атты сайыс ұйымдастырылды. Ана мен бала бірлесе отырып, төрт кезең бойынша өз өнерлерін, білімдерін және тапқырлықтарын сынға салды. Сайыс барысында ұйымшылдық, шығармашылық көрінді. Сайыс қорытындысы бойынша әр отбасы түрлі номинациялармен марапатталып, дипломдар мен естелік сыйлықтарға ие болды. Осындай тағылымды шаралар бала мен ата-ана арасындағы байланысты нығайтып, отбасы құндылықтарын дәріптеуге үлкен үлес қосады. 👩👦🏆
80. 11 мамыр — Аналар күні! Өмірге сәуле шашып, нұрландыратын аяулы, мейрімді аналар! Сіздерді, мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
81. 11 мамыр — Аналар мерекесі құтты болсын!Ана – әлемнің шамшырағы, бесіктің иесі, өмірдің керегесі. Әлемнің жарығын сыйлаған аналарымызға денсаулық, амандық, бақ-береке тілеймін.
82. 14 наурыз – Амал мерекесі құтты болсын! 9-сынып оқушылары «Бір бауырсақ – бір тілек» дәстүрін жалғастырып, бір-біріне ақ тілектерін арнады. Береке мен бірліктің, сыйластық пен мейірімнің белгісі болған бұл күні әр шаңыраққа қуаныш, молшылық және амандық тілейміз. Ұлыстың ұлы күні қарсаңындағы бұл мереке әрқайсымызға жақсылық пен жылылық әкелсін!
83. 19-29 желтоқсан аралығына «Қауіпсіз білім беру ұйымы!» апталығына іс-шаралар жоспары құрылды. 9-сынып жетекшісі А.Оркашбаева «Қауіпсіз мектеп ережелері, «Пиротехниканы қолдану кезіндегі қауіпсіздік ережелері» сынып сағаты, «Менің қауіпсіздігім-менің басты міндетім» эссе байқауын өткізді.Мақсаты-білім алушылардың жаңа жылдық іс-шаралар барысында, сондай-ақ балалардың қысқы демалыс уақытындағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және олардың құқықтық қорғалу шараларын күшейтуге, ата-*аналармен бірге жол-көлік жарақаттарының алдын алуға, балалардың көшедегі қауіпсіздігіне, үйдегі өрт қауіпсіздігіне, үйдегі өрт қауіпсіздігі және киберқауіпсіздікке, білім беру ұйымы мен ата-ана арасындағы өзара әрекеттестікті күшейтуге ерекше назар аудару.
84. 2-сәуір “Ғарышкерлер күні”. “Ғарыш әлемінде” тақырыбында 1-сынып оқушыларына Оразова Тамара апай ашық сабақ өткізді.
85. 20 қараша“Біртұтас тәрбие бағдарламасы” аясында күнделікті өткізілетін іс-шаралардың бірі — “Өнегелі 15 минут” мектебімізде өткізілуде. Ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған “Ою ойып үйренейік” тақырыбында А.Оркашбаева ұйымдастырды. Балаларға берілген дайын оюларды қайшымен қауіпсіздік ережесін сақтай отырып қиып, қағаз бетіне кілемше етіп жапсыруға тапсырмалар берілді. Балалар белсене қатысты.
86. 21 қазан сағат 11:00 -де мектебімізде «Желідегі қауіпсіздік» флешмобы өтті. Флешмобтың мақсаты-балалар мен жасөспірімдердің цифрлық, физикалық және психологиялық қауіпсіздік мәселелеріне жауапты әрі саналы көзқарасын қалыптастыру, интернет кеңістігінде және күнделікті өмірде қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін дамыту, сондай-ақ бала жасөспірім ортасында достық, сенім және өзара көмектесу құндылықтарын нығайту.
87. 21 қазан Түпқараған ауданының діни бағыттағы ақпараттық – түсіндіру тобының мүшесі, теолог Жолдасбайұлы Нұрбек мектебіміздің 7-11 сынып оқушыларына түсіндірме жұмысын жүргізді.
88. 23 сәуір- Дүниежүзілік кітап күніне орай “Шабыт жобасы” аясында 3-сынып оқушылары өздерінің оқыған “Ұр, тоқпақ” ертегісінен қойылым қойды.
89. 25 қазан — Республика күніне орай оқушылардың адалдық қасиеттерін дамыту, ұлтжандылық қасиеттерін дамыту. мақсатында, мектеп оқушылары бейнеқұттықтау жолдады.
90. 25 қазан- Республика күніне «Егемен ел-еңселі ел» тақырыбында мерекелік шара ұйымдастырылды.Шараға жалғасып Республикалық «Бірыңғай «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» ұйымына балалар мен жасөспірімдер қабылданды.
91. 25-қазан Республика күніне -Мемлекеттік әнұран орындау бойынша “Қыран елім — Қазақстаным!”, “Республикам — Мақтанышым!” челленджіне мектеп оқушылары ат салысты.
92. 3-сынып оқушылары баршаңызды “Алғыс айту” күнімен шын жүректен құттықтайды!
93. 3-сынып оқушыларының құттықтауы!
94. 31 қазан ұстаздар қауымы жалпыұлттық “Ұлттық диктант” іс-шарасына белсене қатысып, өз білімдерін сынады.Мақсаты:Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру;Диктант аяқталған соң ұстаздар өз жұмыстарын бірлесе талдады.
95. 4- сынып оқушыларына экологиялық презентация көрсетілді. Қоршаған орта туралы сұрақтар қойылып, балалар тағиғатқа көрсеткен көмектері, жанашырлықтары туралы ойларын, пікірлерін айтты. Мақсаты: оқушыларды қоршаған ортаны аялауға, таза ұстауға тәрбиелеу.
96. 4-сынып оқушылары Алғыс айту күніне орай жүрекжарды лебіздерін білдірді. Алғыс айту – сыйластық пен құрметтің, мейірім мен адамгершіліктің белгісі.
97. 5-сынып оқушылары «Жақсылық жасап жарысайық!» атты игі бастама ұйымдастырылды. Бұл оқушыларды адамгершілікке, қайырымдылыққа және бір-біріне жанашыр болуға тәрбиелейді. Жақсылық жасау – әр адамның қолынан келеді!
98. 5-сынып оқушыларының жылы лебізі.
99. 5-сынып оқушыларының құттықтауын қабыл алыңыздар!
100. 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!🌺“Мақтанатын мархабатым, махаббатым” атты мерекелік шара ұйымдастырылды.Бұл күн – аналарға, әжелерге, әпке — қарындастарымызға деген құрмет пен алғысымызды білдіретін ерекше мереке. Ана – әрбір адамның өміріндегі ең қымбат жан. Ол бізге өмір сыйлап, ақ сүтімен өсіріп, мейірімі мен махаббатына бөлейді. Сондықтан ана – біздің мақтанышымыз, мархабатымыз және махаббатымыз.Қазақ халқы ананы әрқашан жоғары бағалап, құрметтеген. Ананың жүрегі – мейірімге толы, ал оның тілегі – әрқашан баласының бақыты. Бүгінгі мереке – нәзіктік пен сұлулықтың, мейірім мен жылулықтың мерекесі. Біздің аналарымыз бен әжелеріміз отбасының берекесін келтіріп, бізге дұрыс тәрбие беріп келеді. Біз сіздермен әрқашан мақтанамыз.Шарамызға барлық нәзік жандылар қатысты. Шара соңы марапатпен жалғасты.
101. 8-сынып оқушыларының құттықтауы
102. 9-сынып оқушылары «Ұстазға хат, бірақ болашақтан!» тақырыбында «болашақтағы өздері» ретінде ұстазына хат жазды.Мақсаты:- Оқушылардың ұстазға деген алғысы мен құрметін арттыру;- Ұстаз еңбегінің қоғамдағы маңызын түсіндіру;- Оқушылардың шығармашылық қабілетін, ой-өрісін, тіл байлығын дамыту;- Жауапкершілік пен болашақ жайлы ойлануға, армандауға жетелеу;- Мұғалімдер мен оқушылар арасында рухани байланыс орнату.Бұл челлендж – шәкірттің болашақтағы жетістігі үшін ұстазына алғыс білдірудің бір тәсілі.
103. 9-сынып оқушылары игі бастама көтеріп, айналасына мейірім мен жылулық сыйлауға атсалысты. Жақсылық жасау – жүректің ісі.
104. https://www.instagram.com/p/DSiOUr1DUKb/«Біртұтас тәрбие бағдарламасы” аясында күнделікті өткізілетін іс-шаралардың бірі “ Үнемді тұтыну” мектебімізде өткізілуде. Осы орайда оқушыларға химия пәнінің мұғалімі Ж.Ескалиева 10 сынып оқушылары Бисен Бекжан және Бүркітбай Сұңғат пен тәжірибе жүргізді. Көрермендерді сиқыр әлеміне жетелеп, химиялық эксперимент тәжірибелерін көрсетті. Бастауыш сынып оқушылары үй тұрмысында қолданып жүрген заттардың қасиеттерімен танысты, қызыға тамашалады. Ойын мен оқуды ұштастырған шара болды.https://www.instagram.com/p/DSiOUr1DUKb/
105. А.Өтегенова білім алышулардың үзіліс уақытын тиімді пайдаланып қана қоймай, ата-бабаларымыздан бері келе жатқан “Қыз қуу” ұлттық ойынын жандандыру мақсатында өткізілді.
106. Ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай 5-9 сынып оқушылары арасында “Асыл сөз” мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайыстың мақсаты: Абай шығармаларын насихаттау;Оқушылардың көркем мәтінді мәнерлеп оқу шеберлігін дамыту;Ұлы ақын мұрасына деген құрмет сезімін қалыптастыру.Шараны қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ж.Досмағанбетова өткізді. Сайыс соңында өлеңді жатқа мәнерлеп оқып ерекшеленген оқушылар марапатталды.
107. Алғыс айту – үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетудің белгісі.Бүгін біз:💐 Ата-анамызға – өмір сыйлағаны үшін,👩🏫 Ұстаздарымызға – білім мен тәрбие бергені үшін,👫 Достарымызға – қолдау көрсеткені үшін,👨👩👧👦 Әріптестерімізге – бірлесе еңбек еткені үшін шынайы алғысымызды білдіреміз!Жүректен шыққан жылы сөз – жанға қуат, көңілге шаттық сыйлайды.Әр күніміз алғыс пен игі тілекке толы болсын!
108. Амал күні қазағым көріседі,Көрісу, бұл – көненің желісі еді.«Жасың құтты болсын!» деп жамырасып,Ақ ниетпен адал қол беріседі.
109. Амал мерекесіне орай, оқушыларға көрісу дәстүрінің мағынасы мен маңыздылығы түсіндіріліп, бір бірімен төс қағыстырып көрісті.
110. АПБ инспекторы полиция майоры Г.Байкүреңова, АПБ ҚҚб ЮПт аға инспекторы Полиция майоры А.Нұрлыбеков және ПБ отбасы тұрмыстық зорлық -зомбылыққа қарсы күрес тобының инспекторы полиция лейтенанты Ғ.Нұрғалиева «Некеге мәжбірлеу , сталкинг және әйелдерге қатысты өзге де зорлық-зорлық түрлеріне қатысты құқықтық сауаттылықты арттыру және нөлдік төзімділікті қалыптастыру» , «Қауіпсіз интернет», «Әлеуметтік желілерді қауіпсіз пайдалану» тақырыптарында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, түсінік жұмыстарын жүргізді. Жиналысты мектеп оқушылары мен кіші қызметкерлеріне ұйымдастырды. Мақсаты — некеге мәжбүрлеу мен сталкингтің құқық бұзушылық екенін түсіндіру, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқықтық қорғану жолдарын үйрету және қоғамда нөлдік төзімділік мәдениетін қалыптастыру. Интернетті қауіпсіз әрі жауапкершілікпен пайдалану жолдарын түсіндіру, жеке ақпаратты қорғау, киберқауіптердің алдын алу және онлайн ортада мәдениетті қарым-қатынас қалыптастыру. Әлеуметтік желілерде (мысалы, Instagram, TikTok, Facebook) жеке мәліметтерді қорғау, қауіпсіздік баптауларын дұрыс қолдану, кибербуллингтен сақтану және желідегі жауапты мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.
111. АПҚО жобасы аясында “Жасөспірімдердің эмоционалдық жетілуі” тақырыбында жиналыс өткізілді.
112. Асық ату
113. Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы аясында “Әр нәрсенің өлшемі бар” тақырыбында А.Қартбай жиналыс өткізді. Бұл қарапайым ғана сөз тіркесі сияқты көрінгенімен, оның астарында терең өмірлік мағына жатыр. Адам өмірінде әрбір әрекет, әрбір шешім белгілі бір шекте, белгілі бір тепе-теңдікте болғанда ғана дұрыс нәтиже береді. Біздің күнделікті өмірімізде екі маңызды ұғым бар: “керек” және “қалаймын”. “Керек” – бұл біздің міндеттеріміз, жауапкершіліктеріміз, мақсаттарымыз. Жиналысқа ата-аналар белсене қатысты.
114. Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жоспарына сәйкес , мектебіміздің 5-6 сынып жетекшілері Н.Изтилеуова және Д.Базарбай «Баланың бас ұстазы –ата-ана» тақырыбында жиналыс өткізді. Бұл сөздің мәні терең, себебі баланың ең алғашқы қадамы да, алғашқы сөзі де, өмірді тануы да ең алдымен отбасында қалыптасады. Ата-ананың балаға берген тәрбиесі – оның болашақтағы мінезінің, көзқарасының, адамдық болмысының негізі болып саналады.
115. Ата-аналардың педагогикалық қолдау орталығының кезекті сабағы өтті.📌 Тақырыбы: «Балаға мейіріміңді ақылға орап бер. Өз балаңның жүрегіне кілт табу».Сабақ барысында ата-аналар бала тәрбиесіндегі мейірім мен талаптың маңызы, сенімді қарым-қатынас орнату жолдары және жасөспірімнің эмоциялық әлемін түсіну тәсілдері туралы ақпарат алды. Топтық жұмыстар мен жағдаяттық тапсырмалар арқылы қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісті.✨ Іс-шара мазмұнды өтіп, ата-аналар тарапынан оң пікірлер айтылды.
116. Аяулы аналар, ардақты ұстаздар, қымбатты арулар!Сіздерді 8 наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Бақыт, денсаулық, қуаныш тілейміз!9-сынып оқушылары
117. Әлеуметтік желілер мен интернеттегі балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету,, зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында ата-аналар жиналысы өткізілді. Ата-аналарға ұялы телефондарына “Ата-ана бақылауы” бағдарламасын қондыруды ұсынды. Жиналысқа мектеп инспекторы Алпейсов Саламат Жалгасович, психолог Д.Базарбай, әлеуметтік педагог Ж.Тлепова қатысты.
118. Балаларды цифрлық кеңістікте қорғау – «SIM KIDS» жобасының алғашқы қадамы. Балаларды қорғау – біздің басты басымдықтарымыздың бірі.
119. Балалардың қысқы демалыс кезіндегі қауіпсіздігін бірге қамтамасыз етейік!
120. Батырлардың ерлігі ғасырлар бойы өмір сүреді. Мектебімізде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай сынып сағаты өткізілді.
121. Биыл қазақтың ұлы композиторы Әбілахат Еспаевтың туғанына 100 жыл толады. Қазақ музыка өнеріне қосқан қайталанбас туындылары бүгінгі ұрпақ үшін үлгі өнеге. Осыған орай музыка сабағында оқушыларға Әбілахат Еспаев туралы танымдық сабақ өтті. Оқушылар композитордың өмір баяны шығармашылығы туралы бейнежазба көріп, танымал әндерін орындады. Сабақ соңында алған білімдерін сұрақ жауап арқылы түйіндеді. Өткізген музыка пәні мұғалімі А.Жалғасбаева.
122. Биыл қазақтың ұлы композиторы Әбілахат Еспаевтың туғанына 100 жыл толады. Қазақ музыка өнеріне қосқан қайталанбас туындылары бүгінгі ұрпақ үшін үлгі өнеге. Осыған орай музыка сабағында оқушыларға Әбілахат Еспаев туралы танымдық сабақ өтті. Оқушылар композитордың өмір баяны шығармашылығы туралы бейнежазба көріп, танымал әндерін орындады. Сабақ соңында алған білімдерін сұрақ жауап арқылы түйіндеді. Өткізген музыка пәні мұғалімі А.Жалғасбаева.
123. Білім алушының үзіліс уақытын тиімді пайдалану мақсатында ұлттық құндылықты дәріптей отырып, ұмыт бола бастаған ұлттық ойындарды жаңғырту.
124. Бірімізден біріміз арылармыз.Біздерді де жоқтайтын жан болса егер,Шаң басқан архивтерден табылармыз- деп ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған ашық тәрбие сабақты Д.Таганиязова 9-сынып оқушыларына өткізді.
125. Біртұтас тәрбие бағдарламасы. Ақпан айында 1-11 сынып жетекшілері оқушыларға сынып сағатының 10 минутын “Жедел жәрдем нөмірлері”, “Саяхат кезіндегі төтенше жағдайлар” , “Жол белгілері және олардың мақсаты” тақырыптарында қауіпсіздік сабақтары өткізді.
126. Біртұтас тәрбие бағдарламасы” аясында күнделікті өткізілетін іс-шаралардың бірі — “Өнегелі 15 минут” мектебімізде өткізілуде. Ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған “Құрақ-қазақ сән өнерінің жауһары ” тақырыбында бастауыш сынып оқушысы Қанатұлы нұриманның әжесіГ. Аяганова оқушыларға берілген дайын оюларды қайшымен қауіпсіздік ережесін сақтай отырып қиып үйретті. Құрақ-тек тұрмыстық қолөнер емес, ол халқымыздың эстетикалық талғамын, даналығын, тұтас дүниетанымын танытатын сән өнерінің інжу-маржаны. Құрақ өнерінің шығу тегі мен мағынасы: Құрақ — қазақтың көне дәстүрлерінің бірі. Бұрыннан аналарымыз үйдегі бар матаны қиюластырып, ысырапсыз пайдаланып, одан жаңа нәрсе жасаған. Бірақ құрақ жай ғана құрастырылған мата емес екенін түсіндіріп өтті. Ұйымдастырушы: Сынып жетекшісі Б.Бекеш.
127. Бүгін «Ұл тәрбиелей отырып – ұлт тәрбиелейміз» тақырыбында әкелер жиналысы болды. Әкелер бас қосуында ұл тәрбиесінің маңызы сөз болды. Ұл – шаңырақтың иесі, елдің қорғаны. «Әкеге қарап ұл өсер» демекші, балаға ең үлкен тәрбие – әкенің өнегесі.Ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, елін сүйетін, намысты, жауапты ұл тәрбиелеу – әр әкенің басты міндеті. Бірге тәрбиелеп, бірге кемел ұрпақ қалыптастырайық!Өнегелі әке – өнегелі ұлдың кепілі. 💫
128. Бүгін далам күндегіден бөтен ғой, Бүгін ғалам жылылыққа мекен ғой. Бар сұлулық неге тұнып тұр десем,Әйелдердің мерекесі екен ғой.
129. Бүгін Қазақстанның түкпір-түпіріндегі білім ордалары өз есігін айқара ашты. Алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған балалар үшін ерекше мереке. Мектебімізде “Мектебім — мейірім мекені” тақырыбында салтанатты жиын өтті. Жаңа оқу жылында 1 сыныпқа 14 оқушы қабылданды.Биылғы оқу жылы оқушыларымыз бен ұстаздарымызды жаңа биіктерді бағындыруға шабыттандыратын жетістіктер мен жеңістерге толы болсын деп тілейміз!Білім күні құтты болсын !
130. Бүгінгі таңымыз ерекше мейіріммен басталды! «Мейірімділік – ізгі іс» акциясы аясында біздің оқушылар ұстаздарымызға күтпеген сый жасады.❄️ Даладағы суыққа қарамастан, мектеп табалдырығын аттаған әрбір мұғалімді оқушылар ыстық шаймен және жылы күлкімен қарсы алды. Бұл кішкене ғана ілтипат ұстаздарымыздың көңілін көтеріп, күніне ерекше қуат сыйлады.Ұстаздың жүрегіне жол тапқан бұл таң ұзақ уақыт есте қалары анық. Жақсылық жасау — таңғы шай ұсынудан басталады!
131. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Қ. Түркістанов пен арнайы педагог Г.Есенгулованың ұйымдастыруымен “Көңілді старт» эстафеталық жарыс өткізілді.Мақсаты: Оқушыларды спорттық ойындарға бейімдеу, денсаулықтарын жақсарту, қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың адамгершілік, күш, ерік-жігер қасиеттерін және психологиялық процестер мен адамдық қасиеттерді дамыту. Дене шынықтыру жаттығулармен өз бетінше шұғылдануға, этикалық және эстетикалық тәрбие беру.Сайыс соңында оқушылар дипломмен, медальмен, сыйлықтармен марапатталды.
132. ДосболLIKE – достық қолын ұсын!” атты республикалық акцияға мектебіміздің оқушылары белсене қатысты.“Досболайық” республикалық акциясы оқушыларды достыққа, сыйластыққа шақырады.Шарада оқушыларға берілген тапсырмаларды орындап, постер қорғап, спорттағы достық, шебер қолдар , жақсы көңіл күй сыйлады.Мақсаты: Балалар арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, достық қарым-қатынасты нығайту.
133. ДТІЖО Ж.Тлепованың ұйымдастыруымен “Әже өсиеті – қызға аманат” тақырыбында әжелер жиыны өтті. Әжелердің қыз балаларға ақыл кеңестерін айтып, өсиеттерін айтты. Қазақ халқында үлкендердің ақыл-кеңесі мен тәрбиесі ерекше бағаланған. Соның ішінде әженің орны өте бөлек. Әже – отбасының ақылшысы, ұрпаққа жол көрсететін дана адам. Сондықтан халық арасында «Әже өсиеті – қызға аманат» деген сөз бар. Бұл сөз әженің айтқан ақыл-кеңесі қыз бала үшін өмірлік бағыт, сақталуы тиіс қасиетті аманат екенін білдіреді.
134. Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күніне орай «Өмірге салауатты қадам» 2-11 сынып оқушыларымен мектебіміздің медбикесі М.Изимбергенова және тәрбие ісі орынбасары Ж.Тлепова оқушыларға жиналыс ұйымдастырды. Жалпы СПИД-тің алдын-алу мақсаты — жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, дұрыс ақпарат беру және жауапкершілікке шақыру.
135. Есірткіге жол жоқ. Есірткі адам денсаулығын құртып қана қоймай, тағдырына балта шауып, айналасындағы адамдарға зиянын тигізеді.🔰Салауатты өмір салтын ұстанайық.
136. Жақсылық жасап жарысайық. “Қамқор” жобасы аясында өткізілген , 6-сынып оқушыларының ұйымдастырған, қайырымдылық шарасы. Жиналған азық-түліктер 2 отбасыға үлестірілді.
137. Жаңа жылдық мереке мен қысқы каникул кезінде «Қыста оқы, ойлан, арманда» балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында іс-шаралар жоспары жасақталды, «Біздің отбасымыздағы Жаңа жыл!» тақырыбында 4-сынып оқушылары отбасымен өткізген Жаңа жыл мерекесіндегі естеліктерінен видео жасады.
138. Жас сарбаз: бейбіт елдің ұланымыз мектебімізде әскери патриоттық апталықтың ашылуы болып өтті.
139. Жасыл клуб ұйымының жұмысы барысында 4-сынып оқушыларымен атқарылған жұмыс. Дәліз бойындағы гүлдерге күтім жасау. Мақсаты: оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
140. Жеңістің 80 жылдығына орай мектеп кітапханасында 3-сынып оқушыларына тәрбие сағаты өткізілді. Оқушылар туған жерге арнап жаттаған тақпақтарын айтып, Отаны туралы әндер шырқады.Кітапханада орналасқан Әлия Молдағұлова, Мәншүк, Мәметова, Бауыржан Момышұлына арналған көрмелермелермен танысты.
141. Жобаның жоспарына сәйкес 8-9 сынып оқушылары арасында “Жасанды интелект адамзатқа қауіп пе, әлде мүмкіндік пе?” тақырыбында мектепішілік зияткерлік сайыс өтті. Бұл шара – оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамытып, шешендік өнерін дамытатын ерекше алаң.Пікірсайыс барысында қатысушылар өз көзқарастарын батыл жеткізіп, сенімді аргументтер келтіріп, қарсылас топтың ұстанымын жоққа шығару үшін логикалық ойлауын барынша қолданды.Бұл сайыс тек жеңіс үшін емес, өзара пікір алмасу, жаңа көзқарастар қалыптастыру және болашақ көшбасшыларды дайындау үшін маңызды екенін көрсетті.
142. З.О.Баймырзаев атындағы ЖББМ оқушылары «Табиғат детективтері» облыстық экоквест конкурсының аудандық кезеңінде I дәрежелі дипломмен “Қыран” тобы иеленіп, облыстық кезеңіне жолдама алды. Жеңімпаздарымызды құттықтай отырып, облыстық кезеңге сәттілік тілейміз!
143. Заманауи әлемде ұлттық рухты ұмытпайық 🇰🇿Қамажай – қазақ қызының көркі” 6-сынып оқушыларының челленджі
144. Заң мен тәртіп
145. Көктем келсе, сағынады қарашаны,Ерке қыз жеңгесімен жарасады — деп, “Өнерлі қыз, өнегелі жеңге” атты сайысымыз өткізілді. Сайыста қазағымыздың ұмыт қалған салт-дәстүрлері сахнада қайта жаңғырғандай әдемі көріністермен орын алды. Сайысымыздың мақсаты қазақ халқының үлкен мәдени мұрасын, оның ішінде отбасылық дәстүр мен қазақ қызына тән адамгершілік сынды асыл қасиеттерді қалыптастырып, халық өнегесін үйрету.
146. Көктемгі демалыс уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында, жасақталған іс-шара жоспарына сәйкес білім алушылардың туған жерге, ел тарихымен мәдениетіне сүйіспеншілігін арттыру, рухани-адамгершілік, патриоттық тәрбиемен шыңдау мақсатындаБазарбай Дәметкен өз сыныбымен бірге “Жалын” кинотеатрынан “Менің атым Қожа” киносын тамашалады.Қатысқан оқушылар саны: 11
147. Көктемгі каникулда – рухани байып, елге деген сүйіспеншілікті арттыратын тамаша мүмкіндік. Осы демалысты тиімді пайдаланып, патриоттық мәні бар киноға бару – әрбір жас үшін маңызды қадам. Мұндай фильмдер тарихымызды тереңірек танып, батырларымыздың ерлігін сезінуге, Отанға деген мақтанышымызды оятуға көмектеседі. Осы орайда 7-сынып оқушылары, сынып жетекшісі А.Қартбай мен патриоттық кино тамашалап қайтты.
148. Көктемнің жаршысы, береке мен бірліктің бастауы болған Амал мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн – адамдардың бір-бірімен көрісіп, өкпе-ренішті ұмытып, жаңа жылды ақ ниетпен қарсы алатын ерекше мейрам. Осы орайда мектебіміздің тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары Ж.Тлепованың ұйымдастыруымен мектеп ұжымындағы мұғалімдер мен кіші қызметкерлерге керемет көңіл күй сыйлады.
149. Көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз құтты болсын!Барша аналар мен ұстаздарға зор денсаулық, бақыт тілейміз! Ізгі тілекпен: 4-сынып оқушылары
150. Көңілді үзіліс. «Соқыртеке» — ұлттық ойын. Ойыншылар шеңбер құрып, дөңгелене турады да, ортада көзі байланған бір адамды қалдырады. Соқыр теке — сол. Қалған ойыншылар соқыр текені қолымен түртіп қойып, одан айнала қашып журеді. Ал соқыр теке сол түрткен адамды ұстап алып, тануға тиісті. Егер ол ұстаган кісіні таныса, оның көзін байлап, соңы соқыр теке жасайды. Ойынға 2-сынып оқушылары қатысты. Өткізген К.Туреева.
151. Күзгі каникул кезінде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру бойынша “Даналық мектебі” жобасы аясында “Ата кәсіп берекенің бастауы” тақырыбында аталарына арнап өлең жолдарын арнап видеоролигін 2-сынып оқушылары Бүркітбай Асылжан мен Бисен Әлфия жолдады.Бұл шараның мақсаты – оқушылардың аталарына деген құрметін көрсетуі.
152. Күзгі каникул кезінде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру бойынша “Менің ыстық ұям” тақырыбында 1-сынып оқушысы Қалдыбай Нұриман каникул кезінде бос уақытты тиімді пайдаланып ата-анасының қолқанаты болатынын мына видеролик арқылы жеткізді.
153. Күзгі каникул кезінде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру бойынша Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай эссе байқауын 9-11 сыныптар арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Омарова өткізді. Ұлы ақын, ойшыл және ағартушы Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын терең түсініп, насихаттаған білім, еңбек, әділдік, адам болу сияқты ұғымдарды түсіну.
154. Күнделікті мектебімізде оқушының үзіліс уақытын тиімді пайдалана отырып, ұмытылып бара жатқан ұлттық ойындарымызды дәріптейміз. Соның бірі -ләңгі ойыны. Баланы ептілікке, жылдамдыққа, қырағы болуына үйретед
155. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері – мемлекеттің егемендігі мен қауіпсіздігінің кепілі, қоғамның ажырамас бөлігі және елдің тұтастығын сақтаушы басты күш.Қоғамның Отан қорғаушы болуға ұмтылатын жоғары патриоттық азаматтарын тәрбиелеу – мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі. Осы орайда, Қорғаныс министрлігі Қарулы Күштерінің офицерлері мен сержанттарын даярлау мақсатында әскери оқу орындарында білім алу үшін еліміздің жастарын шақырады.
156. Қазақтың әйгілі әскери қолбасшысы, Ұлы Отан соғысында даңқы шыққан стратег және тактик, жазушы, Кеңес Одағының Батыры, “Халық қаhарманы” орденінің иегері Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына “Ұлы тұлға” челленджі өткізілді.
157. Қазақтың сал-дәстүрін жаңғыртып, ұлттық киімін дәріптеу мақсатында мектеп оқушылары бұрымды қыз, ұлттық киім челлендждерін ұйымдастырды.
158. Қаңтар — заң және тәртіп айы.Апта дәйексөзі: “Тәртіп — тәрбие бастауы”Аптамыздың алғашқы күні оқушылар жаттығу жасап, Әнұран айтумен бастады.»Заң және тәртіп» құндылығы аясында құқықтық тәрбие беру мақсатында “Біз-сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз” тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
159. Қараша айының 25 мен желтоқсан айының 10 аралығында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық науқаны аясында іс-шаралар жоспарына сәйкес, түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың көшеде жүруін анықтау мақсатында ұйымдастырылған «Жасөспірім» рейдтік кезекшілігін ДТІЖО,тәлімгер, 5-11 сынып жетекшілері , мектеп инспекторы мен бірлесіп жұмыс жүргізді.Мақсаты:Кәмелетке толмаған оқушылардың, түнгі уақытта заңсыз және ата-анасыз қоғамдық орында жүруінің алдын алу. Оқушылардың бос уақытын бақылау. әлеуметтік қауіпті жағдайлардың алдын алу.
160. Қарашаның 20-сы күні «Заң және тәртіп» идеологемасын ілгерілету шеңберінде 7-11 сынып оқушылары арасында , «Заң мен тәртіп – бейбітшілік пен әділдікке бастайтын жол» және «Полиция мен балалар – қауіпсіздік үшін бірге» тақырыптарында мәтін бойынша мазмұндама жазды.Мақсаты: Қоғамдағы заңның рөлін түсіндіру – заңдар адамдардың құқықтарын қорғап, тәртіпті сақтайтынын көрсету.Тәртіптің маңызын ашу – қоғамдық тәртіп болмаса, әлеуметтік тұрақтылық пен қауіпсіздік бұзылатынын дәлелдеу. Азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру – әр адамның заңды сақтау қажеттігін насихаттау.Құқықтық мәдениетті арттыру – заңдарды білудің және оны құрметтеудің қоғам дамуына әсерін көрсету.
161. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым-экономиканы және егемендікті нығайту».
162. Қоғам қайраткері, саясаткер Сайын Нәдірұлы Шапағатовты еске алу мақсатында 1-11 сынып оқушыларына “Еліне қызмет еткер Ер-ұмытылмайды” тақырыбында сынып сағаты өткізілді.Оқушылар осындай дарабоз тұлғаның еңбекке толы ғұмырымен танысты.
163. Қоғамға қызмет ету – азаматтық борыш» атты әлеуметтік волонтерлік бағыттағы тәрбие шарасы өткізілді.Іс-шараға 5,6-сынып оқушылары белсене қатысты. Шара барысында оқушылар қоғамға қызмет етудің мәні мен маңызы туралы өз ойларын ортаға салып, қоғам игілігіне үлес қосу бағытында түрлі ұсыныстар айтты. Сонымен қатар, оқушылар қарттарға көмек көрсету, секілді әлеуметтік волонтерлік іс-әрекеттерге атсалысты. 5-6 сынып оқушылары көмек қолын созды.
164. Құқықбұзушылықтың алдын алу
165. Құрметті аналар, аяулы ұстаздар, ару қыздар!Сіздерді көктемнің ең көрікті мерекесі – 8 наурызбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, шаттық пен қуаныш тілейміз. Әрқашан жүздеріңізден күлкі кетпей, өмірлеріңіз гүлдей жайнай берсін!Ізгі тілекпен: 8-сынып оқушылары
166. Құрметті арулар!Сіздерді көктемнің ең жарқын мерекесі – 8 наурызбен құттықтаймыз! Әрдайым әдемі, мейірімді, жарқын көңілді болып, өмірлеріңіз гүлдей жайнай берсін. Сіздерге бақыт, денсаулық және толағай табыс тілейміз!Ізгі тілекпен: Ұжымдағы ер азаматтар.
167. Құрметті аяулы аналар, ардақты ұстаздар, ару қыздар!Сіздерді көктемнің ең әдемі мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Ізгі тілекпен: 7-сынып оқушылары.
168. Құрметті де, аяулы аналар! Сіздерді 2-сынып оқушылары “Халықаралық әйелдер күнімен” құттықтайды!
169. Құрметті оқырмандар! Көктемнің алғашқы күнімен келіп жеткен алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Отбасыңызға амандық, деніңізге саулық тілейміз!
170. Құрметті ұстаздар, ата-аналар және достар! 🌟Сіздерді шын жүректен мерекемен құттықтаймыз.Әр күніңіз қуанышқа, әр шаңырақ бақыт пен берекеге толы болсын. Еліміз тыныш, аспанымыз ашық болсын!Ізгі тілекпен, 10-сынып оқушылары.
171. Құрметті ұстаздар!7-сынып оқушылары сіздерге шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Бізге білім беріп, бағыт-бағдар көрсетіп, әрдайым қолдау білдіріп жүргендеріңіз үшін рахмет айтамыз. Сіздердің еңбектеріңіз бен қамқорлықтарыңыздың арқасында біз алға ұмтылып, биік мақсаттарға жетуге талпынып келеміз.Алғыс айту күні – ризашылық пен сыйластықтың мерекесі. Әрдайым дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілейміз!
172. Қымбатты оқырмандар! Сіздерді, 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр — Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!Шәкірттеріміздің “Халықтың ерлігі ғасырлар бойы өмір сүреді” атты салтанатты жиынында көрсеткен өнерлерін тамашалаңыздар!
173. Қысқы каникул кезінде «Қыста оқы, ойлан, арманда» тақырыбында балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Театр-тәрбие бастауы» тақырыбында мектебіміздің оқушылары сынып жетекшілері мен кинотеатрға барды.
174. Қысқы каникул кезінде 2-сынып оқушыларының отбасымен қарсы алған жаңа жылдық кеші мен көңілді өткізген сәттерінен үзінді!
175. Қысқы каникул кезінде 3-сынып оқушыларының отбасымен қарсы алған жаңа жылдық кеші мен көңілді өткен күндерінен үзінді
176. Қысқы каникул кезінде 5-сынып оқушылары отбасымен бірге жаңа жылдық мерекені тойлап, қызықты сәттерінен бейнеролик жасады.
177. Қысқы каникулда 4-сынып оқушыларының жаңа жылдық, отбасыларымен бірге өткізген көңілді күндерден бейнеролик
178. Лазерлік құрылғыларды (лазерлік көрсеткіштерді) заңсыз және мақсатсыз пайдалану жағдайларын сынып сағаттарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мұндай әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіріп, әсіресе әуе кемелерінің ұшқыштарына, көлік жүргізушілеріне және басқа да адамдарға үлкен қауіп әкелуі мүмкін. Ата-аналарға кәмелетке толмаған балалардың лазерлік құрылғыларды бақылаусыз пайдалануына жол бермеу ұсынылады. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау – әр азаматтың міндеті. Лазерлік құрылғыларды тек қауіпсіз және заңды мақсаттарда пайдалану керектігін айтып өтті.Лазерлік құрылғыларды (лазерлік көрсеткіштерді) заңсыз және мақсатсыз пайдалану жағдайларын сынып сағаттарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мұндай әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіріп, әсіресе әуе кемелерінің ұшқыштарына, көлік жүргізушілеріне және басқа да адамдарға үлкен қауіп әкелуі мүмкін. Ата-аналарға кәмелетке толмаған балалардың лазерлік құрылғыларды бақылаусыз пайдалануына жол бермеу ұсынылады. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау – әр азаматтың міндеті. Лазерлік құрылғыларды тек қауіпсіз және заңды мақсаттарда пайдалану керектігін айтып өтті.
179. Лесли Ньюманның “Иесін күткен ит” шығармасы бойынша 3-4 сынып оқушылары арасында танымдық шара болып өтті. Мақсаты: оқушыларға адалдық, жауапкершілік, жануарларға қамқорлық жасау туралы түсінік беру. Иттің адам өміріндегі орны мен достық қасиетін насихаттау.Слайд, киносынан үзінділер көрсетілді. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, кері байланыс жасады.
180. Мамыр айының 5 інші жұлдызы 10-11 сынып ата -аналарына “Тәрбие — табалдырықтан басталады» тақырыбында педагогикалық қолдау академиясының кезекті ІV отырысы өткізілді. Сынып жетекшілер З.Тайлакова, Г.Есенгулова ІІІ тоқсан қорытындысымен таныстырып, ҰБТ нәтижелерін айтып өтті. Отырыста слайд көрсетіліп, тренинг, өсиет әңгіме, READx алаңы, бала тәрбиесіне постер қорғалды. Отырыс соңы ата -аналардың перзентіне тілек жазуымен қорытыланды.
181. Манғыстау облысы Қарақия басқармасының Форт-Шевченко қаласында орналасқан “Түпқараған” шекара бөлімшесінің әскери қызметкерлері “Бір тұтас ел-бір тұтас жер” жоспары аясында «Заң және тәртіп» құндылығы бойынша жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Оқушыларға өз қызметтерінің қыр-сырымен бөлісті. Әскери академияға түсуге үгіт-насихат жүргізді.
182. Мектебімізге ауданның діни бағыттағы ақпараттық — түсіндіру тобының мүшесі, теолог Жолдасбайұлы Нұрбек жоғары сынып оқушылармен кездесті.
183. Мектебімізде “Біртұтас тәрбие бағдарламасы” аясында күнделікті іс-шаралардың бірі “Өнегелі 15 минут” өткізілуде. Ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған “Ою-өрнектер сыр шертеді” тақырыбында көркем еңбек пәні мұғалімі А Оркашбаева өткізді.Ою-өрнектер — қазақ халқының мәдени мұрасы, тәрбие құралы. Ою-өрнектер оқушылардың эстетикалық талғамын дамытуға, еңбекке баулуға ықпал етеді.
184. Мектебімізде “Дублер күнін” өткізу бойынша оқушылармен жиналыс өткізілді. Ережеге сәйкес «Дублёр күнінің» өткізілу тәртібі түсіндірілді. Әрбір дублёр өзіне тиесілі қызмет бойынша педагогтерден нұсқаулық алды. Сабақтар мен іс-шараларды ұйымдастыруда әдістемелік ұсынымдар жасалды.
185. Мектебімізде “Желідегі қауіпсіздік” челленджі ұйымдастырылды. Челленджде балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздік көзқарасын қалыптастыруына көз жеткізуі.
186. Мектебімізде “Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ” сайысы болып өтті. Сайыс 6-8 сыныптар арасында ұйымдастырылды. Сайыстың мақсаты ата-бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы оқушыларды адамгершілікке, ойын нақты, дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету, дүниетанымын кеңейтуге тәрбиелеу.
187. Мектебімізде “Ұлттық ойын — ұлт қазынасы” аясында үлкен үзіліс кезінде бастауыш сынып мұғалімі Ғ Аралбаева мен көркем еңбек пәні мұғалімі А Оркашбаева ойын ұйымдастырды. Бұл ойынға түрлі түсті түске боялған асықтар пайдаланылды. Бұл ойын есте сақтауды қажет етеді. Ойын алдында асық туралы мәлімет берілді.Асық — төрт түлік малдың тілерсегінде болатын сүйек. Асық — қазақ халқының көнеден келе жатқан ұлттық ойынының негізгі құралы әрі ойыны.
188. Мектебімізде “Ұрпаққа ұран болған — Ұлы Жеңіс” тақырыбы аясында мектепішілік бейнелеу өнер туандыларынан көрме ұйымдастырылды.Белсене қатысқан оқушылар марапатталды.
189. Мектебімізде “Ұшқыр ой алаңы” жобасы аясында “Білім алу үшін -оқу керек, бай болу үшін — кәсіп керек” тақырыбында пікір-сайыс өткізілді. Мектебімізде “Ұшқыр ой алаңы” жобасы аясында “Білім алу үшін -оқу керек, бай болу үшін — кәсіп керек” тақырыбында пікір-сайыс өткізілді.
190. Мектебімізде «Мектеп парламенті» өзін-өзі басқару ұйымының президентін сайлау өткізілді. Бұл сайлаудың мақсаты – оқушылардың белсенділігін арттыру, көшбасшылық қабілеттерін дамыту және мектеп өміріне атсалысуын қамтамасыз ету болды.
191. Мектебімізде «Оқушы тәртібі- отбасы тәрбиесінің айнасы» тақырыбында мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыста балалардың білімі туралы, тәрбие, дарынды оқушылар бағытында мәселелер талқыланды. Жиналыстың мақсаты: Ата-аналарға баланың тәртібі мен мінез-құлқының қалыптасуында отбасы тәрбиесінің шешуші рөл атқаратынын түсіндіру, мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту, бала тәрбиесіндегі жауапкершілікті арттыру және оқушының жағымды тәртібін қалыптастыру жолдарын бірлесе талқылау. Жиналыс соңында ата-аналардан (анонимды) сұрақтар алынып құпия жәшікке салынды.
192. Мектебімізде «Өркен» ғылыми –практикалық институтынан жолдаған «Балалардың қауіпсіздігі» тапсырмасы аясында 5-11 сынып оқушыларына , өрт қауіпсіздігіне және буллинг, кибербуллинг тақырыптарына арналған ақпараттық бейнероликтер көрсетілді.
193. Мектебімізде «Өркен» ғылыми–практикалық институтынан жолдаған «Балалардың қауіпсіздігі» тапсырмасы аясында 5-11 сынып оқушыларына, өрт қауіпсіздігіне және буллинг, кибербуллинг тақырыптарына арналған ақпараттық бейнероликтер көрсетілді.
194. Мектебімізде 1-11 сынып арасында «Адал азамат» тақырбында сыбайлас жемқорлық туралы сынып сағаты өткізілді.
195. Мектебімізде 22 наурыз – ұлыстың ұлы күніне орай, «Шабыт» жобасы аясында ұлттық қолөнерден көрме ұйымдастырылды. Көрмеге ауылымыздың шебер апаларының өз қолдарынан шыққан ұлттық ою-өрнектері бар бұйымдар, тоқыма бұйымдар, құрақ көрпелер сияқты заттар қойылды. Сонымен қатар оқушылардың жасаған бұйымдары да көрме де көрсетілді. Көрменің негізгі мақсаты – оқушыларға және көрермендерге ұлттық мәдениетімізді дәріптеу, дәстүрлі өнерге қызығушылық ояту және шеберлердің шығармашылық үлгісін таныстыру болды. Сонымен қатар, шара қайырымдылық бағытында да өткізілді. Зейнеткер апаларымызға азғантай көмек болсын деп қойылған өнімдер сатуға ұсынылды. Көрмеге қатысқан балалар мен ересектер шеберлердің қолөнер бұйымдарын тамашалап қана қоймай, ұлттық бұйымдар жасауға қызығушылықтары оянды. Көрме қатысушыларға ұлттық дәстүрімізді тереңірек түсінуге, өз өнерлерін бағалауға және шығармашылыққа шабыт алуға ерекше мүмкіндік берді.
196. Мектебімізде 22-қазан күні “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша “Еңбегі адал — жас өрен” жобасы аясында, еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік құндылықтарын дәріптеу мақсатында “Күзгі асар” жәрмеңкесі өтті. Бұл шарада оқушылардың өз қолдарымен жасалған жұмыстары жәрмеңкеге қойылды.
197. Мектебімізде 25 қазан -Республика күніне орай сынып сағаттары өткізілді. Сонымен қатар “Экологиялық жауапкершілік және табиғатты қорғау “ тақырыбына да тоқталып өтті.
198. Мектебімізде 4-6 сыныптар арасында “Зорлық-зомбылыққа жол жоқ” атты сурет байқауы өтіп жатыр. Байқаудың мақсаты -оқушыларды зорлық-зомбылықтың зияны мен оның алдын алу жолдары туралы терең ойландыру, бейбіт өмір салтын дәріптеу және мейірімділікке, төзімділікке тәрбиелеу. Сурет байқауы әлі де жалғасуда. Оқушылар өз ойларынан суреттер салуда.
199. Мектебімізде 5-8сыныптар арасында “Мұқағали-мәңгілік ғұмыр!” тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы өтті. Сайыстың мақсаты Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын танытып, оқушылардың поэзияға деген қызығушылығын ояту, ақын рухына тағзым жасап, құрмет көрсету. Сайыс соңында оқушылар марапатталды.
200. Мектебімізде А. Жубатырованың ұйымдастыруымен Сәттіғұл Жаңғабылұлының 150 жылдығына арналған челлендж өткізілді.Шараның мақсаты – ақын мұрасын насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
201. Мектебімізде Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша “Еңбегі адал — жас өрен” жобасы аясында оқушыларға әртүрлі мамандықтар туралы ақпарат беру, олардың қызығушылықтары мен қабілеттеріне сай мамандықты таңдау жолында көмек көрсету мақсатында “Мамандықтар әлемі” саяхат сабағы ұйымдастырылды. Мектептің 9-10-сынып оқушыларын Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжіне саяхатқа сынып жетекшілері Оркашбаева А мен Тағаниязова Д апарып таныстырып келді
202. Мектебімізде құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында оқушылармен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
203. Мектебімізде мүдделі органдармен бірлескен жоспарға сәйкес мектебімізде 5-11 сынып аралығындағы оқушыларға жиналыс өтті. Жиналысты Түпқараған АПБ ҚҚб ЮПт аға инспекторы Полиция майоры А.Нұрлыбек және Түпқараған АПБ ҚҚб УПИ полиция майоры Ғ.Артықбай «Балалардың ақпараттық қауіпсіздігін және цифрлық сауаттылығын қамтамасыз ету.Буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, ұрлық және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, оқушыларға заң талаптарын сақтау, қиын жағдайларда тиісті органдарға жүгіну қажеттігі түсіндірілді. Мақсаты: Құқық бұзушылыққа жол бермеу, кімелет жасқа толмағандар мен олардың ата-аналарына, құқық бұзушылық жасаган жағдайда профилактикалық есепке қойылатыны туралы айтылып өтті.
204. Мектебімізде мүлделі органдармен бірлескен жоспарға сәйкес “Қоғамдық мүлікке азаматтық жауапкершілік” тақырыбында 5-11 сынып ұл балаларымен жиналыс өткізілді. Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Жиналысқа Түпқараған АПБ ҚҚб жауапты учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Артықбай Ғалымжан Қойлыбайұлы мен Түпқараған АПБ ӘПТ аға инспекторы полиция аға лейтенанты Тогжанов Оркен Акбердыевич қатысты.
205. Мектебімізде мүлделі органдармен бірлескен жоспарға сәйкес “Құқық бұзушылықтың алдын алу” тақырыбында 5-11 сынып оқушыларымен жиналыс өткізілді. Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Жиналысқа Түпқараған АПБ ҚҚб бастығының орынбасары полиция капитаны Молдабеков Жанибек Тажибаевич және Түпқараған АПБ ӘПТ аға инспекторы полиция аға лейтенанты Тогжанов Оркен Акбердыевич қатысты.
206. Мектебімізде мүлделі органдармен бірлескен жоспарға сәйкес сектебімізде 1-11 сынып аралығындағы ұлдарға жиналыс өтті. Жиналысты мектебіміздің иснпекторы Н.Садуакасов , АПБ ЖПҚб отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының аға инспекторы полиция майоры Г. Байкүреңова өткізді.Мақсаты: Құқық бұзушылыққа жол бермеу, кімелет жасқа толмағандар мен олардың ата-аналарына, құқық бұзушылық жасаган жағдайда профилактикалық есепке қойылатынын , үнемі бақылауда болатынын, темекі бұйымдарынан, психотропты заттардан аулақ болуын түсіндіре отырыпотырып, қылмыс пен құқықбұзушылықтың, топтық төбелестердің , боулинг, кибербуллигтің алдын алу.
207. Мектебімізде ұзақ қоңырауда “Ұлттық ойын-ұлт қазынасы “ іс-шарасын дене-шынықтыру пәні мұғалімі Қ.Түркістанов бастауыш сынып оқушыларына ұлттық ойындарды дәріптертеуді үйретті.Ұлттық ойындардың тарихы мен шығу тегін таныстыру;Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігімен, салт-дәстүрімен байланысын көрсету.
208. Мектебімізде ұзық қоңырау кезінде “Үнемді тұтыну” тақырыбына 4-сынып оқушылары Төлеген Аяжан мен Төлеген Аянаның видеоролигін тамашалауға сынып жетекшісі Ғ.Аралбаева шақырды. Сынып жетекшісі Ғ.Аралбаева оқушыларға видеоролик арқылы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Унемді тұтыну — бұл тек ақшаны үнемдеу ғана емес, сонымен қатар табиғатты қорғау.Біз су мен электр қуатын, қағаз бен тамақты орнымен пайдалансақ, қоршаған ортаға да, өзімізге де пайдасы тиеді.
209. Мектебімізде ұлағатты ұстаздар мерекесіне орай жыл сайынғы үрдіспен “Дублер күні” өткізілді. Биылғы оқу жылында да осынау жауапкершілікке толы күнді өткізудің тәртібі мен ережелерін оқушыларға жеткізіп, әр оқушы өз міндеттемелерін алды. Мектептің 9-11 сынып оқушылары бір күнге мектеп мұғалімдерінің рөлін атқарып, ұстаздық қызметтің жауапкершілігін сезінді.
210. Мектебімізде эстетика бірлестігінің “Өнер мен спорт — өмір айнасы” атты апталығының аясында “музыкалық үзіліс:” — үзіліс кезінде қазақ күйлері мен заманауи әндерді тыңдау ұйымдастырылды. Музыка пәні мұғалімі Ғ.Аралбаева қазақтың ұлы күйші-композиторы, домбыра өнерінің аса көрнекті өкілі Құрманғазы Сағырбайұлының өмірбаянымен таныстырып, күйлерін тыңдатты.
211. Мектебіміздің 3-сынып оқушылары барлық аналарды 8 наурыз мерекесімен шын көңілден құттықтайды!
212. Мектебіміздің акт залында мектеп оқушыларына алдагерлер кеңесі отырысы өтті. Кеңесте ардагерлер кеңесінің төрағасы К.Ізімбергенов пен мүшесі А.Сейдахметова , оқушыларға тәрбие, отансүйгіштік туралы кеңестерін айтты. Мақсаты: Жас ұрпақты елін, жерін сүюге, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, ата-баба ерлігін үлгі тұтуға тәрбиелеу, азаматтық жауапкершілігі жоғары, отаншыл, саналы тұлға қалыптастыру.
213. Мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімдері Т.Оразова және Б.Бекеш ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жоспарына сәйкес, “Цифрлық қауіпсіздік және баланы онлайн ортада қорғау тақырыбында ата-аналар жинаналысын өткізді. Жиналысқа ата-аналар белсене қатысты. Жиналыстың мақсаты: Ата-аналарды цифрлық қауіптермен таныстыруБаланы интернет кеңістігінде қорғаудың тиімді жолдарын ұсыну. Ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайту.
214. Мектебіміздің медбикесі М.Изимбергенова және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Тлепова мектеп оқушыларына жұқпалы тұмау ауруына байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жұқпалы тұмау (грипп) — вирустардан туындайтын, тез таралатын жіті тыныс жолдарының ауруы. Әдетте күз-қыс маусымында жиі кездеседі. Тұмау өте жұқпалы. Негізгі таралу тәсілдері: Ауамен-тамшылы жол — түшкіру, жөтелу кезінде.Тікелей байланыс — ластанған қол, жиһаз, есік тұтқалары арқылы.Жабық, желдетілмейтін орындарда жұғу қаупі жоғары екенін түсіндіріп.
215. Мектеп кітапханасында 9-11 сынып оқушыларына ардагерлер кеңесінің отырысы ұйымдастырылды. Кеңеске ауылымыздың ардагерлері А.Шарипов, Т.Балтабаев, А.Тойшыманова, Т.Құмарова қатысты. Оқушыларға тәрбие, отансүйгіштік туралы кеңестерін айтты. Мақсаты: Жас ұрпақты елін, жерін сүюге, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, ата-баба ерлігін үлгі тұтуға тәрбиелеу, азаматтық жауапкершілігі жоғары, отаншыл, саналы тұлға қалыптастыру.
216. Мектеп парламенті “Өзін өзі басқару” ұйымы “Бір мақал-мәтел, бір бауырсақ” айдары ұйымдастырылды.
217. Мектеп парламенті баршаңызды 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтайды! Бұл күн – көктемнің алғашқы лебімен келетін ең жылы әрі шуақты мереке. Біздің мектептің сәні мен мәні болған аяулы ұстаздарымызға, ақ жаулықты аналарымызға және білімді де ибалы қыздарымызға:Денсаулық пен бақыт,Сарқылмас шығармашылық шабыт.Әрқашан күлкі мен қуаныш тілейміз!
218. Мектеп парламентінің ұйымдастыруымен “Атадан-өсиет, анадан- қасиет” тыйым сөздердің мағынасын ашу айдары болды.Тыйым сөз — бұл тек «болмайды» деген шектеу емес, бұл — жаман әдеттен сақтандыратын рухани иммунитет. Атаның өсиетін тыңдаған ұл — намысты, ананың қасиетін бойына жиған қыз — парасатты болады. Осы алтын ережелерді сақтау арқылы біз мәдениетті қоғам қалыптастырамыз.”Тыйым сөздер арқылы халқымыз баланы «жаман болады» деп шошытып емес, «жақсы болсын» деген ниетпен тәрбиелеген.
219. Мектеп тәлімгері және Мектеп парламенті өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен “Дос болайық” акциясы өтті.
220. Мектептің әр күні — жаңа қадам, жаңа жетістік, жаңа қуаныш!Бір күндік тынысымыз — болашаққа бастар үлкен жолдың кішкене бөлігі.
221. Мен батырдың ұрпағымын. 4-сынып оқушысы Арманұлы Парасат өзінің аталарына арнаған естелігін қабыл алыңыздар!
222. Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын танытып, оқушылардың поэзияға деген қызығушылығын ояту, ақын рухына тағзым жасап, құрмет көрсету.
223. Нашақорлық проблемаларынан зардап шеккен аналардың оқиғалары мен олардың келтірер зияны туралы баяндайтын «Закладчик. Мать» фильмін мектебіміздің оқушыларына көрсетілді. Мақсаты — бұл нашақорлық пен есірткі бизнесінің зардаптарын көрсететін әлеуметтік драма. Фильм қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – синтетикалық есірткінің таралуы және оның жастар өміріне әсері туралы баяндайды.
224. Оқушылар арасында экологиялық бағыттағы стартап жобалар көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің басты ерекшелігі — барлық жұмыстардың қалдық материалдардан жасалуында.Қатысушылар қоршаған ортаны ластайтын заттарды қайта өңдеу арқылы жаңа өнім шығарудың тиімді жолдарын көрсетті. Қазылар алқасы жобалардың креативтілігіне, жасалу сапасына және нарықтағы қажеттілігіне баса назар аударды. Мұндай іс-шаралар оқушыларды жауапкершілікке, үнемшілдікке және шығармашылыққа тәрбиелейді. 🌿
225. Оқушыларға қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында дайындалған бейне сабақтармен таныстырылды.
226. Оқушылардың қысқы каникул кезінде “Есірткісіз есті әлем” тақырыбында шарамыз өтті.Мақсаты: есірткінің, ішімдік ішу мен темекі тартудың, нашақорлықтың жас ағзаға тигізер зиянды әсері, келешек өмірлеріне келтірер кесапаты туралы түсінік беру.
227. Өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен “Сүйікті ұстазым” атты сұхбат жүргізілді. Оқушылар сұраққа жауап ретінде сүйікті ұстаздарын құшақтау арқылы, ұстазына ыстық ықыласын білдірді.
228. Өнегелі 15 минут аясында оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрлерінің бірі – “Табақ тарту” туралы мағлұмат берілді. Ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы оқушылардың таным көкжиегі кеңейтілді.
229. Өнегелі 15 минут аясындп “Қамшы алу» ойын ойнатылды. Мақсаты: балаларды шапшаңдыққа, ептілікке, тез шешім қабылдауға үйрету. Жігер мен батылдыққа баулу.
230. Өнегелі 15 минутта1 сынып оқушыларына 10-ға дейінгі сандарды қосу және азайту амалдарына тез ойлап, тез жауабын табу мақсатында «Домино» ойыны өткізілді.Домино ойынында оқушылар сандардың қалай орналасуын біліп, үйренді.
231. Сапалы оқу айлығы 9 ақпан мен 6 наурыз аралығында «Сапалы білім-жарқын болашақ» тақырыбында сапалы оқу айлығының ашылуы өтті. Сапалы оқу айлығының ашылуында оқушыларды жақсы көңіл күймен қарсы алу, мотивациялық тілектер ұйымдастырылды. Сапалы оқу айлығының мақсат міндеттерімен таныстырылды. Мақсаты: оқушылардың білім сапасын арттыру, оқу мотивациясын күшейту, шығармашылық және тәрбиелік қабілеттерін дамыту, ата-ана мен мұғалім ынтымақтастығын нығайту.Сапалы оқу айлығы
232. Сапалы оқу айлығы жоспары аясында, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай “Поэзия, менімен егіз бе едің?” атты поэзия сағаты өтті. Оқушылар мен ұстаздардың орындауында ақынның өлеңдері мәнерлеп оқылып, ақын сөзіне жазылған әндері шырқалды. Шараны қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ж.Досмағанбетова өткізді.
233. Сапалы оқу айлығы. “Әке — отбасының тірегі” атты әкелер жиналысында қыздары әкелерімен, аталарымен вальс билеген сәті.Әке сен, жансың биік, дана тұлғаң.Мейірім, нұры менен жаратылған,Бар әлемнің, жақсылығын бойға жыйған,Менің әкем, мен үшін, дара туған.
234. Сапалы оқу айлығы. Даналық мектебі жобасы аясындаМектебімізде “Инабатты қыздар” тобының “Қазақтың дастарханы” тақырыбында тәлімгер Борашева Қарлығаш қыздарға арналған шеберлік сағатын өткізді. Шеберлік сағатында “Вупи пай”, “Медовик” торттарын пісіруді үйреніп қана қоймай, оларды сатып, қалай пайда табуға болатындығын түсіндірді.Мақсаты қыздарға бос уақытты тиімді пайдаланудың жолдарын үйрету.
235. Сапалы оқу айлығы. Жан әке, шертіп сезіп домбырасын,Кеудемді қуанышқа толтырасың.Арманның асқарына құлаш ұрсам,Алдымда асқар тау боп сен тұрасың — деп Мұхтар Шаханов атамыз жырлағандай асқар тау әкелерімізге арнап сапалы оқу айлығының жоспарына сәйкес әкелер мектебінің “Әке-отбасы тірегі” тақырыбында жиналыс өткізілді. Психолог Д.Базармай әкелерге “Сағаттағы достар” тренинг жаттығу өткізді. Оқушылар жыр-шумақтарын арнады. Асқар тау әкелеріміз аман болсын!
236. Сапалы оқу айлығының жоспарына сәйкес мектебімізде Мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастық тақырыбында ашық есік күні өтті. Ата-аналар балаларының жетістіктері мен үлгерімі. Мектептегі тәртібі, сабаққа қатысы туралы ақпараттар алды.
237. Сәттіғұл Жаңғабылұлының 150 жылдығына арналған танымдық шара өткізілді.Шараның мақсаты – ақынның өмірі мен шығармашылығын кеңінен таныстыру, оның рухани мұрасын жас ұрпаққа насихаттау, оқушылардың тарихи-танымдық білімін арттыру және ұлттық құндылықтарға деген құрметін қалыптастыру.
238. Сынып жетекші Г.Есенгулова 10-сынып оқушыларына “Мамандықтар әлемі” тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.Оқушылар мамандықтар әлемінің әр түрлі бағыттарымен танысты. Өздерінің болашақта білікті маман иесі болатынын виртуалды интеллект арқылы көрді.
239. Табиғатқа қамқорлық жасаймыз. 8-сынып оқушылары “Қамқор жобасы” аясында құстарға арнап мектеп ауласындағы ағаштарға жем шашарлар әзірлеп, құстарға ұя орнатты.
240. Тақырыбы: Өсімдіктерге күтім жасау және баптауМақсаты: Оқушыларға бөлме өсімдіктеріне жанашырлықпен қарауға, жауапкершілікке тәрбиелеу. Суару– Өсімдікті суарғанда суды тамыр жағына құйып, топырағын ылғалды, бірақ батпаққа айналдырмай ұстау керек.Оқушының жауапкершілігі:– Өсімдікке тірі ағза ретінде қарау, оған уақытылы су құю, топырағын қадағалау, жарыққа қою.Өсімдіктерге дұрыс күтім жасау – тек қоршаған ортаны көркейту үшін ғана емес, сонымен қатар ауа сапасын жақсартып, адамның денсаулығы мен көңіл-күйіне оң әсер етеді.Өсімдікке жанашырлықпен, жауапкершілікпен қарау – табиғатты сүюдің және оны қорғаудың бір көрінісі.
241. Тоғызқұмалақ — қазақтың ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі, ақыл-ойды дамытуға арналған ойын. Арқан тартыс — оқушылардың күш-қуатын дамытуға, таза ауада дем алып, еңбектенуге үйретеді. Ұмыт болып бара жатқан ұлттық ойындар туралы сұрақ-жауап айдары өткізілді.
242. Үнемді тұтыну аясында, 7 сынып оқушылары жарықты үнемдеу тақырыбында видеоролик ұсынды.
243. Үнемді тұтыну. Табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыру
244. Ұлттық ойын-ұлт қазынасы
245. Ұлттық ойын-ұлт қазынасы
246. Ұлттық ойын-ұлт қазынасы. Мақсаты оқушының үзіліс уақытын тиімді пайдалану. Ата-бабамыздан бері келе жатқан ұлттық ойындарды қайта жаңғырту. Ұлттық құндылықты дәріптей отырып тәрбиелеу.
247. Ұлттық ойындарды жаңғырту — керемет бастама! Ұстаздың шәкірттеріне ләңгі тебуді үйреткені тек спорт емес, ата-баба дәстүріне деген құрмет.«Ұлттық ойын — ұлт қазынасы. Бүгін мектебіміздегі ұзақ үзілісте дене шынықтыру пәні мұғалімі А.Нұрмағанбетов балаларға ләңгі тебудің қыр-сырын үйретті. Смартфонға телмірген заманда мұндай қимыл-қозғалысқа толы ойындардың орны бөлек. Дәстүріміз дәріптеле берсін!»
248. Ұлы Абайдың 180 жылдығы аясында өткізілген «Абайдың дара жолымен» атты қорытынды шара жоспарға сәйкес өз мәресіне жетті. Бақанас өзенінің бойына қоныстанған Абай ауылының көрінісі шебер сипатталып, шараға арнайы шақырылған Абай елінің түлегі, абайтанушы ғалымдардан тәлім алған ұстаз Омарова Айгүл Жұмаханқызы құнды ойларымен бөлісті.
249. Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мерекесіне орай мектебіміздің 8-сынып оқушысы Мейірхан Асланбектің “Менің атам — Майдангер” атты атасына арнаған естелігін қабыл алыңыздар!
250. Ұстаз — ұлы тұлға, нұрлы жүрек,Сізге бас иеді барша білек.Мерекеңіз құтты болсын ұстаздарым,Шәкірттеріңіз болсын әркез бақыт тілек!
251. Ұстазға ұлы рахмет!Нәрімен білім сусатқан.Балалық досқа рахмет!Қуанған бірге мұңдасқан.Халқыма туған рахмет!Шыңдаған, елге танытқан.
252. Эстетикалық пәндер апталығы аясында өткізілген үлкен үзіліс кезіндегі “Ою-өрнек әлемі”, өз ойларымен оюлар дайындау сәтінен.
253. 💡”Жер сағаты” 💡халықаралық экологиялық акциясы.Мектебіміздің оқушылары 28 наурыз күні сағат 20:30-21:30 аралығында бір сағатқа жарықты өшіріп, “Жер сағаты” халықаралық экологиялық акциясына белсене қатысты. «Жер сағаты» — тек жарықты өшіру емес, ол адамдарды табиғатқа жауапкершілікпен қарауға шақыратын символдық әрекет. Бұл акция арқылы әр адам қоршаған ортаны қорғауға өз үлесін қоса алады.
254. 📚✨ Бастауыш сыныптар арасында “Поэзия, менімен егіз бе едің?” тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы өтті.Сайыстың мақсаты – оқушылардың сөз өнерін, тіл мәдениетін қалыптастырып, екпін мен интонацияны дұрыс қою арқылы шығарманың мазмұнын терең түсініп, көрерменге әсерлі жеткізе білуге баулу, сондай-ақ ана тіліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.🏆 Сайыс қорытындысында жүлделі орындар анықталып, белсенді қатысқан оқушылар марапатталды.
Қамқоршылық кеңес
>
1. Қамқоршылық кеңес
2. Қамқоршылық кеңес құрамын бекіту 2025-2026 оқу жылы
Өнегелі 15 минут
>
1. “Адал азамат” Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында күнделікті өткізілетін іс-шаралардың бірі “Ұлттық ойын — ұлт қазынасы” өткізілуде. Ұлттық ойындарды дәріптеуге арналған “ Логикалық асық” ойыны . Ж.Тлепова мен Қ.Борашова ұйымдастырды. Балаларға асықтармен ойналатын ойындар туралы түсінік берілды. Мақсаты: балалардың ептілігін, жылдамдығын және дәлдігін дамыту, ұлттық ойын арқылы салт-дәстүрге қызығушылығын арттыру.
2. “Адал азамат”, “Біртұтас тәрбие”бағдарламасы аясында күнделікті өткізілетін іс-шаралардың бірі “Өнегелі 15 минут” өткізілуде. А.Жұбатырова мен А.Оркашбаева балаларға “Лабиринт” ойынын ойнатты. Бұл ойын балаларды логикалық ойлауға, бірігіп жұмыс жасауға дағдыландырады.
3. “Біртұтас тәрбие бағдарламасы” аясында күнделікті өткізілетін іс-шаралардың бірі – “Өнегелі 15 минут” “Ұлттық ойын — ұлттық қазына”, “Үнемді тұтыну “ұйымдастырылуда. Асық ойыны мен , үнемді тұтыну туралы түсінік жұмыстары жүргізіліп, ойындар ойнады. Балалар қызығушылықпен қатысып, белсенді ойын көрсетті. Ұлттық ойын – ұрпақ тәрбиесінің алтын қазығы.
4. “Біртұтас тәрбие бағдарламасы” аясында күнделікті өткізілетін іс-шаралардың бірі – “Өнегелі 15 минут” ұйымдастырылуда. Бұл жолы Ә. Жұбатырова мен А. Оркашбаева оқушыларға ұлттық ойын – “Көмбе” ойынын ойнатты. Асықтың түрлері мен ерекшеліктері туралы мағлұмат беріліп, ұлттық құндылықтар насихатталды.Балалар қызығушылықпен қатысып, белсенді ойын көрсетті. Ұлттық ойын – ұрпақ тәрбиесінің алтын қазығы.
5. “Біртұтас тәрбие бағдарламасы” аясында күнделікті өткізілетін іс-шаралардың бірі “Ұлттық ойын — ұлт қазынасы” өткізілуде. Ұлттық ойындарды дәріптеуге арналған “Секіртпе” асықтармен ойынды бастауыш сынып мұғалімі Ғ.Аралбаева мен көркем еңбек пәні мұғалімі А.Оркашбаева ұйымдастырды. Балаларға асықтармен ойналатын ойындар туралы түсінік беріліп, ойын ойналды.
6. “Өнегелі 15 минут” шарасы аясында үлкен үзіліс кезінде орыс тілі пәнінен “Это интересно” тақырыбында танымдық ойындар өткізілді. Шараның мақсаты – білім алушылардың бос уақытын тиімді пайдалану, пәнге қызығушылығын арттыру. Іс-шара барысында оқушылар түрлі ойындар ойнап, мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, білімдерін толықтырды.
7. «Біртұтас тәрбие бағжарламасы»аясында күнделікті өткізілетін іс-шаралардың бірі «Ұлттық ойын- ұлт қазынасы» өткізілуде.Ұлттық ойындарды дәріптеуге арналған «Соқыртеке» ойынын 5 сынып оқушыларымен бастауыш сынып мұғалімі Бибігүл Ерсайынқызы ұйымдастырды.
8. «Өнегелі 15 минут» жобасы: Арманға апарар жол тәртіптен басталады! 🚀Бүгінгі кейіпкеріміз — 11-сынып оқушысы Құдайберген Ақтілеу. Ол ҰБТ-ға дайындық пен спортты қалай ұштастырып жүр? 🏋️♂️📚Ақтілеудің күнделікті жаттығуы — бұл жай ғана спорт емес, бұл өзіңді жеңу және мақсатқа деген адалдық. Оның видеосынан қуат алып, күніңізді пайдалы өткізуге асығыңыз!
9. ⚜️”Бес кеней” ойыны⚜️“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында” 15 минуттық үзілісті тиімді өткізу мақсатында ұйымдастырылған “Ұлттық ойын-ұлт қазынасы” бойынша А.Қартбай “Бес кеней” ойынын ұйымдастырды. Бұл ойын қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі.«Бескеней» ойыны баланаң жетілуіне,ой санасының дамуына, ептілігіне қосар үлесі мол. Ол бұлшықет еттерін ширатып,дамытып қана қоймай, қырғалыққа, тез шешім қабылдауға санауға,топтауға үйретеді. Сонымен қатар көздің көруін жақсартып,көз жанарын жетілдіреді.Ойын баланы тыныштандырып,сабырлыққа үйрететін қасиетке ие.«Бескеней» ойынында баланаң саусақтарының қимылдауы арқылы баланың он екі мүшесіне қимыл жүреді.Сөйтіп, бала жылдамдыққа,ептілікке, тез ойлауға машықтанады.
10. ⚜️Өнегелі 15 минут⚜️“Адал азамат” Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында күнделікті өткізілетін іс-шаралардың бірі “Өнегелі 15 минут” өткізілуде. Ә Жұбатырова мен А Оркашбаева балаларға “Алақан” ойынын ойнатты. “Алақан” ойыны туралы түсінік берілді, балалар қызыға ойнады. Бұл ойын шапшаңдықты, тез ойлауды қажет етеді
11. 3 ақпан күні биология пәні мұғалімі А.Кушекова үлкен үзіліс кезінде оқушыларға шара өткізді. Оқушылар белсене қатысты.🌿 Биология – тіршіліктің тілін үйрететін ғылым
12. 3 ақпан күні география пәні мұғалімі Б.Тулепова үлкен үзіліс кезінде оқушыларға шара өткізді. Оқушылар белсене атсалысты.🗺️ География – әлемді танудың кілті
13. 4 ақпан күні 15 минуттық қоңырау кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында зияткерлік ойындар өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар шахмат және домино ойнап, логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, бір-бірімен достық қарым-қатынасты нығайтты.Мұндай ойындар оқушылардың ойлау белсенділігін арттырып, қызығушылықтарын оятуға ықпал етті.
14. 4 ақпан күні 15 минуттық қоңырау кезінде өткізілген тиімді үзіліс аясында оқушыларға арналған қызықты физикалық тәжірибелер ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар физикалық құбылыстарды тәжірибе жүзінде бақылап, пәнге деген қызығушылықтарын арттырды.Өткізген Қартбаева Камшат.
15. 5 ақпан күні үлкен үзіліс барысында бастауыш сынып оқушылары цифрлық сауаттылықтан интербелсенді тақта арқылы ойын ойнап, сұраққа жауап берді. Қысқа уақыт ішінде ойын элементтері арқылы балалардың цифрлық әлемге деген қызығушылығы артып, пайдалы дағдылары қалыптасты. Өткізген: информатика пәні мұғалімі К.Туреева.
16. 5 ақпан күні үлкен үзіліс барысында оқушыларға химия пәнінен қызықты ойын ойнатылып, білімдерін бекітуге мүмкіндік берілді. Оқушылар белсенді қатысып, пәнге деген қызығушылықтарын арттырды. Өткізген химия пәні мұғалімі Ж.Есқалиева.
17. 6 ақпан күні оқушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлаған көңілді қоңырау ұйымдастырылды. Балалар сергіп, жақсы әсер алды, үзіліс көңілді өтті. Өткізген: информатика пәні мұғалімі Ж.Тлепова.
18. Адал азамат”, “Біртұтас тәрбие “ бағдарламасы аясында күнделікті өткізілетін іс-шаралардың бірі “Өнегелі 15 минут”. А Жубатырова мен А Оркашбаева балаларға “Иә”-“Жоқ” ойынын, және “Шап-шаң тап” ойындарын ойнатып , оқушылардың көңілдерін көтерді. Бұл ойындар балаларды тез ойлауға, шапшаңдыққа үйретеді.
19. Кесте тігу тек қолөнер емес, ол төзімділікке, ұқыптылыққа және эстетикалық талғамға тәрбиелейді.Ұсақ моториканы дамыту: Саусақтардың қозғалысы мидың жұмысын жақсартады.Зейінді шоғырландыру: Қазіргі «клиптік ойлау» заманында оқушыларды бір іске зейін қоюға үйретеді.
20. Қоңырауды тиімді пайдалану мақсатында А. Қартбай оқушыларға мақал-мәтелді жаттауға баулу бойынша ойын өткізді.
21. Мектебімізде үлкен үзілісте балаларға іс-шаралар өткізілуде. Көркем еңбек пәні мұғалімі А Оркашбаева балаларға қазақтың ұлттық оюлары туралы түсінік беріп, қағаздан әртүрлі ұлттық оюларды қиғызды.
22. Өнегелі 15 минут
23. Үлкен үзіліс кезінде оқушыларға арналған танымдық іс-шаралар өткізілуде. Көркем еңбек пәні мұғалімі А. Оркашбаева балаларға қазақтың ұлттық ою-өрнектері туралы мағлұмат беріп, қағаздан түрлі ұлттық оюлар қиғызды. Ұлттық құндылықты дәріптеген әсерлі сәттерге толы болды.
24. Үлкен үзіліс кезінде оқушыларға арналған танымдық іс-шаралар өткізілуде. Көркем еңбек пәні мұғалімі А. Оркашбаева балаларға қазақтың ұлттық ою-өрнектері туралы мағлұмат беріп, қағаздан түрлі ұлттық оюлар қиғызды. Ұлттық құндылықты дәріптеген әсерлі сәттерге толы болды.
25. ⏰ Өнегелі 15 минут аясында оқушылар сурет арқылы мақал-мәтелдің жалғасын табу тапсырмасын орындады.Шараның мақсаты – ұлттық құндылықтар мен тәрбиелік мәні бар ойларды қалыптастыру.
26. 📌 Өнегелі 15 минут аясында«Сәлем, Анашым! Сізге бұрыннан айтқым келіп жүр еді» тақырыбында өнегелі кездесу өтті. Кездесу барысында оқушылар анаға деген құрмет, сүйіспеншілік пен алғыс сезімдері жайлы ой бөлісіп, жүрекжарды тілектерін жеткізді.
Үйірмелер
>
1. Үйірмелер
2. Үйірмелер өткізу кестесі 2025-2026 оқу жылы
Түлектер
Хабарландыру
Меню
Меню сайта
Табу
Авторизация
Войти на сайт
Чужой компьютер
Забыли пароль?
Регистрация
Home
» »
Сұрақтар
16
Февраль
2025
(Пока оценок нет)
Loading...
"Сұрақтар"